One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Specprojects
Таңсәуле ӘГЕНҚЫЗЫ

Таңсәуле ӘГЕНҚЫЗЫ


Қарағанды обл Теміртау қаласы

ТАҢЖАРЫҚ КЕШКЕН ТАР КЕЗЕҢ

 

Толғау

Жүрген жерім саздай боп,

Қайырылып ұшқан қаздай боп,

Бұл тағдырға кез болдым,

Көрмеген күнім аздай боп

Таңжарық Жолдыұлы

 

Абыздан қалған асыл сөз

Алты Алашқа әйгілі...

Өсиетпен өрілген

Өр қазақтың байлығы.

Азат елім Алаштың

Аспанында ай, күні,

Алты әлемге аян-ды

Қазағымның айбыны.

Ұлы қазақ даласын

Айшықтайды ай нұры...

 

Құбыладан ессе жел

Сыбырласар қамыстар...

Асылдан сөз қалдырған

Алашта асқақ арыстар.

...Арғымақ белін талдырып

Заманның көші алыстар.

 

Таң нұрында жыр жазған,

Таңжарық абыз ардағым.

Тау иесі тарланым

Қыр киесі арланым.

Күллі Алаш баласын

Білімді ету арманың.

Күмістен қымбат асылым,

Алтыннан ауыр салмағың.

 

Таңжарық ата жырыңнан,

Күн нұрының белгісі,

Жылылықты көремін.

Даналықтың белгісі

Ұлылықты көремін.

Тектіліктің белгісі

Ірілікті көремін!

Қазақ мұңын жырлаған

Көлден шалқар көлемің.

Өсиет боп ұрпаққа,

Құс боп жетті өлеңің.

 

Жыраулардан үлгі алып

Ұстаз тұтқан Абайды.

Жазған жырын оқысаң

Жанға сәуле тарайды.

 

Ұлттың ұлы арысым,

Сөз мергені, беренім.

Тоқсан ойды толғаған

Теңізден де тереңім.

Күдір жерден жол тапқан

Күрмелмейтін еренім.

 

Ғибратты сөз терген,

Даналығын айтамын.

Ақылға бай, кемеңгер

Даралығын айтамын.

Тәуелсіздік таңы атып,

Нұрын шашты қайта күн!

...Азаттық еккен жас шыбық

Бәйтерек боп жайқалдым.

 

Таңжарық бабам кеше де,

Тау бар ма еді аспаған,

Бел бар ма еді баспаған.

Нұрлы атар таң үшін,

Азат күнге бастаған.

Қарсы келген алдынан

Қиындыққа саспаған.

Абырой асса да

Ар намыстан аспаған.

 

Таңжарық баба қазақтың

Төр басында бабасы.

Дара туған данасы.

Кемел туған кемеңгер,

Азаматтың сарасы.

Бір арнада тоғысқан,

Ақыл, білім саласы.

 

Қанша қысым көрседе,

Алаштың отын жандырған.

Аманат айтып еліне,

Өсиетін қалдырған.

«Береке басы білімде,

Бірлікшіл бол, бүлінбе,

Күдір де күдір жол кешсең,

Күрсінбе де, түңілме!».

Аамантты ұлы сөз

Ұран боп жеткен бүгінге.

 

Тар қапаста жатсада,

Ертеңгі күнін ойлаған.

Жаны шерге толса да,

Алған беттен таймаған.

Ұлтына сыйлап қазына,

Жырға терең бойлаған.

 

 

«Іле өзені» журналын,

Жұртына алғаш ұсынған,

Ұстаз болып қазаққа

Биікке шәкірт ұшырған.

Күндіз тастап күлкіні

Түнде ұмытып ұйқыны,

Қорықпаған еш қысымнан.

 

Әбдірахман бейнесін

Сахнада сомдаған.

Хан тәңірдің қыраны

Көкке қанат қомдаған.

Көсіле сөйлер шешенім,

Тереңнен ой толғаған.

 

Жасымаған жігері,

Қайратыңды жазайын.

Ар алдында ақ болған,

Айбатыңды жазайын.

Таңжарық баба асылым,

Айға атыңды жазайын!

 

Азат елім бүгінде,

Алаштың жолын жалғаған.

Қанаты нұрға малынып

Қырандай көкте самғаған.

Төбемде күлсе көк аспан

Төменде шалқар сар далам.

 

Ұлы түркі арманы

Ел боламыз мәңгілік!

Аманаты ол бабамның

Ғасырдан жеткен жаңғырық.

Қазақ елі самғайтын

 

 

Қанаты талмас самұрық!

Бақыт қонып еліме

Ата берсін таң күліп!

 

 

 

Рух жаңғырығы

 

Рухымды оятқанда ұран үн.

Ұраннан үннен сезгендеймін қыран үн.

Сол қыранның өрлігінен үндескен,

Менің байтақ ұлы далам, тұрағым.

 

Күн кірпігі жалқын нұрға боялып,

Бойы- жігер, адымы-нық, ойы-анық.

Қанатының суылынан қыранның,

Өр рухым, от жігерім оянып.

 

Құласамда биіктерден құладым,

Тұрсам қайта шың басында тұрамын.

Мені әркез алға қарай бастайтын,

Қанымдағы рух атты бір ағын.

 

Менің тауым-асқарлардың асқары,

Менің суым-бар тұнықтың бастауы.

Менің рухым-барлығынан ең биік,

Менің жырым-ерлік рух дастаны!

 

Күлдір-күлдір кісінеген күлігім,

Күлігіммен түгенделер түлігім.

Санамдағы рухани жаңғырық,

Мен өрліктің жырмен үндес тілімін!

 

 

 

 

 

Ауылды аңсау

 

Ақ бас шыңнан басталған айна бұлақ,

Ақ моншағын шашады сайдан құлап.

Зәмзәм суын татсамда таңдайыма,

Тамшысындай дәл сенің қайда, бірақ?

 

Жалбызды қыр,қоңыр бел, аршалы бет,

Барар болсаң тұсынан, ән салып өт.

Менен сәлем айта бар,Саржайлауға,

Самал соққан сар белді аңсады деп.

 

Біздің ауыл мекені Талдыбұлақ,

Асып,тасып ағады жарды құлдап.

Жәудір көзі мөлдіреп жан бауырым,

Мен кетерде ауылында қалды жылап.

 

Қайран қамсыз бала кез қырда қалған,

Қозы жайып, тай мініп, суға барған.

Туған жердің осылай аңсағанда,

Сәлем жолдап отырам тырналардан.

 

Leave a comment:
Captcha