One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Қойшығара Салғараұлының 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

BLOGS

12 april 2019
695
0

Қойшығара Салғараұлының 80 жылдық мерейтойы аталып өтті

 

Ұлттық академиялық кітапханада Түркітанушы ғалым, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және Күлтегін сыйлығының иегері, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Қойшығара Салғараұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Шежіреге ғылыми көзқарас» атты шығармашылық кеші болып өтті.

 

Салтанатты кештібелгілі фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы профессор Шәкір Ыбраев жүргізді. Алқалы жиынға жазушы шығармашылығын қадірлейтін ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері және қаламдас әріптестері жиналды. Абыз ақсақал Қойшығара Салғараұлының өнегелі өмірі туралы естеліктер айтылып, әдеби шығармалары мен тарихи-ғылыми еңбектері кеңінен талқыланды. Бұл  қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ғалым Қойшығара Салғараұлының 80 жасқа толуына орай Елорда да ұйымдастырлатын салтанатты шаралардың алғашқы шаралардың бірі болып табылады.

 

Қойшығара Салғараұлы 1939 жылы 1 сәуірде Торғай облысының Көкалат ауылында туған. Еңбек жолын шопандықтан бастаған ол, ҚазМУ-дің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген соң, «Ауыл өмірі» газетінің редакторы, Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі, Торғай облыстық телерадио комитетінің редакторы болған. «Егемен Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.

 

Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан кейін, Қойшығара Салғараұлы ҚР Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі, мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес хатшысының орынбасары, хатшысы, 1997 жылы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінде мәдениет жөніндегі кеңесші қызметтерін атқарған. ҚХР-да жүріп «Сиуңну», «Дуңху. Гаучы», «100 құжат», «Таным тармақтары», «Анықтамалық» атты кітаптарын жазды.

 

«Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы», «Қазақтар» роман-эссе, «Қазақ қазақ болғанға дейін», «Қазақ қазақ болғаннан кейін» деген ІІ томдық романдары жарық көрді. «Қазақтар» трилогиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды (1996). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Share:
     
Leave a comment:
Captcha
Add writing