One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Қазақстандағы алғашқы мектептердің тарихы

BLOGS

11 april 2019
275
0

Қазақстандағы алғашқы мектептердің тарихы

  

1911 жылғы санақ мағұлматы бойынша, қазақтардың балаларына арналған 350 орыс-қазақ мектептері болды. Осы мектептерде 6 756 бала, яғни оқушыларлың 289-ы ғана қазақ қыздары болған. Ал бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстарындағы орыс-қазақ мектептерінде қыздар болмаған.

 

Қазақ халқының оқып білім алуына патша үкіметі жартусыз ғана қаражат босататын. Егер Россия бойынша оқуға арнап жан басына жылына орта есеппен 56 тиын қаражат бөлінсе, Қазақстанда небәрі 14-36 тиын ғана бөлінді.
  

Қазақ балалары үшін «орыс сауаттылығының қарапайым, арзан мектептері» ұйымдастырылды. Бұл оқу мерзімі екі жылдық ауылдық және төрт жылдық екі кластық училище болды. Қазақ халқының атақты ағартушысы Ыбырай Алтынсарин орыс-қазақ мектебін дамыту, оқу программаларын жетілдіру, тұңғыш оқулықтар құрастыру және мектептерге мұғалімдер даярлау ісіне көп еңбек сіңірді.


Советтік Қазақстан мәдениеті кітабынан.


Share:
     
Leave a comment:
Captcha
Add writing