One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Суретші Руслан Ақанаевтың жеке көрмесі ашылды

BLOGS

09 july 2019
299
0

Суретші Руслан Ақанаевтың жеке көрмесі ашылды

Ұлттық академиялық кітапханада суретші Руслан Ақанаевтың жеке көрмесінің салтанатты ашылуы болып өтті.

 

Аталмыш көрме Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпаққа сурет өнерін насихаттау мақсатында өтеді.

 

Өз ұлтымыздың мәдениетін сақтау, ұлттық код, әлемде орын алып жатқан жаңашылдықты қабылдауға ашық болу – Елбасы өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында осындай тапсырмалар қойды. Ақанаевтар әулеті суретшілерінің туындылары ұлттық нақыш, танымдылық, аңыз-әңгімелер және заманауи стиль мен техникасы жағынан ерекшеленеді. Бұл суретшілердің еңбектері Қазақстанда және өзге де шетелдерде танымал және халық ерекше қабылдайтын туындалар екені бекер емес. 

 

Ақанаевтар - Қазақстанның мәдениетіне зор үлес қосқан үлкен суретшілер әулеті. Әулет суретшілерінің жұмыстары  қазақстандық және шетелдік қорларда қойылған.  Суретші Ақанаевтар әулетінің тамыры сонау 20-ғасырдан бастау алады. Ақанаев Әтібек пен Сатпаева Бүбіханның отбасында болашақ ҚР-ның мәдениет қайраткері дүниеге келді. Студент шақтарында отбасын құрып,  көркем сурет графика, инсталляция мүсіндеуші шеберлері Руслан, Ботагөз, Ескендір Ақанаевтар дүниеге келген. Әулеттің 4-ұрпақтары да бұл өнерден алыс емес, Аспарух Ақанаев көркем фото шебері, Мұхит Мырза-Али-Ақанай- графика, коллаж, иллюстрация, комикстер құраушы. Ақанаева Рада - фотограф. Ақанаева Александра  - фотограф және көркем сурет шебері. Антощенко-Оленов Глеб – мозайка өнерін игерген.      Суретшілердің  жұмыстарын жэарқын эенергетика байланыстырады.  Картиналарда өмір бардай, тыныстап тұрғандай...

 

Көрмеде еліміздегі белгілі суретшілер әулетінің ұрпағы Ақанаев Руслан Амандосұлының жұмыстары қойылған.  Р. Ақанаев жан-жақты, дарынды суретші. 1993 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі.

 

Руслан Амондосұлы Ақанаев 1968 жылы 14 сәуірде Алматы қаласының Мичурин ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көремсурет училищесінің безендірушілік факультетін бітірген, суретші-безендіруші.

 

Жұмыстары «Шығыстық галерея» (Мәскеу қаласы), «Алыс әлемдер» (Вашингтон қаласы), «Has Sanat» (Астана қаласы), «Трибуна» (Алматы қаласы) галереяларында қойылған. Жұмыстары ҚР Президентінің (2005), Ресей, Германия, Франция, Америка, Канада, Қазақстан, Лихтенштейн, Швейцарияның жеке коллекцияларында сақталуда. «АРТ-МИФ» (Мәскеу қаласы, 1993), «Ел жастары» (Мәскеу қаласы,1986) көрмелеріне қатысқан. Мәскеу (1995), Эрфурт (1994), Вашингтон (1999), Астана (2004), Алматы (2002) қалаларында жеке көрмелер өткізген.

 

Ұсынылған жұмыстардың тізімі:

  1. Аканаев Руслан «Цвет мыслей» х.м. 160х120
  2. Аканаев Руслан Триптих «Маки» 1 х.м. 140х120
  3. Аканаев Руслан «Маки» 2 х.м. 140х120
  4. Аканаев Руслан «Маки» 3 х.м. 140х120
  5. Аканаев Руслан «Подснежники» х.м. 150х100
  6. Аканаев Руслан Полиптих «Весна» х.м. 80х90
  7. Аканаев Руслан «Лето» х.м. 80х90
  8. Аканаев Руслан «Осень» х.м. 80х90
  9. Аканаев Руслан «Зима» х.м. 80х90
  10. Аканаев Руслан «Белые цветы» х.м. 80х90
  11. Аканаев Руслан «Утро» х.м. 80х90
  12. Аканаев Руслан «Осенний лес» х.м. 80х90
  13. Аканаев Руслан Диптих «Книги» 1 х.м. 90х80
  14. Аканаев Руслан «Книги»2 х.м. 90х80
  15. Аканаев Руслан «Полдень» х.м. 76х101
  16. Аканаев Руслан «Старые фотографии» х.м. 80х160
  17. Аканаев Руслан «Старая библиотека» х.м. 80х160
  18. Аканаев Руслан «Красные цветы» х.м. 90х80
  19. Аканаев Руслан «Дождь» х.м. 70х120
  20. Аканаев Руслан «Первый снег» х.м. 110х110
  21. Аканаев Руслан «Медитация с красным» х.м. 80х90
  22. Аканаев Руслан «Портрет» х.м. 80х90
  23. Аканаев Руслан «После дождя» х.м. 80х90
  24. Аканаев Руслан «Без названия» х.м. 80х120

 

Келушілерге көрме күнделікті сағ. 09:00-ден 18:00-ге  дейін ашық.


Share:
     
Leave a comment:
Captcha
Add writing