One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Blogs
Анам менің - ең сұлуы адамның (өлең)

BLOGS

29 may 2019
544
0

Анам менің - ең сұлуы адамның (өлең)

 

 

 

Ана сенің есіміңді ән ғылып,

Жүрегіммен шырқап жүрем мәңгілік.

Есік ашып балам кіріп келер деп,

Күте білу – саған ғана тән қылық.

 

Беруші едің аспандағы айды алып,  

Көрмеп еді бір бармағым шәйнәліп.

Қайталашы «ботам» деген сөзіңді,

Тоқтап тұрып бір тыңдайын жәйләніп.

                           

Күтуші едің, төртке бөліп көзіңді,

Мен кетушем ұзақ көрмей өзіңді.

Енді міне мәңгі тосу кезегі,

Маған тиді «балам» деген сөзіңді.

 

Кештің ана бар қылығын балаңның,

Масаттанып жақсысына қадамның.

Мен дегенде отқа түсер періште,

Анам менің -  ең сұлуы адамның.                          

2009


Share:
     
Leave a comment:
Captcha
Add writing