One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Айдар Сайлауов


Айдар Әділжанұлы Сайлауов 1996 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналының тілшісі. 2016 жылы «Баспалдақ» жыр жинағы жарық көрген. Аудандық, облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Өлеңдері облыстық және республикалық басылым беттерінде жарияланып тұрады.

 

АУЫЛ-ДАСТАН

Күлше нан

 

Ауылға,

Батыр боп таңын атырған шыдар,

Жарқырап сонда от ұлдан шынар.

Күлше пісіріп анам тағы да,

Отынын бұтап отырған шығар.

 

Күлшедей жанды суреттеп бақшы,

Күлшелі бала сүймекке жақсы.

Күлше наным деп атайды бізде,

Ұлтымның тілін сөйлеткен асты.

 

Қалада бұным күнә болған ба?

Ауылда басқа шұға қонғанда.

Жеті үйге ыстық нан таратамын,

Аптаның күні жұма болғанда.

 

Сәлем бердіктен жалықпай жағым,

Ас болсын деп мен халыққа айтамын.

Жеті үйдің қымбат батасыменен,

Қабыл болсынын алып қайтамын.

 

Ойлы едім.

                    Атам, ерке еткенімен,

Үлгі алдым ана үрпек демінен.

Сауапқа байып қалушы едім,

Шешемнің жеті шелпектерімен.

 

Құлдилап жардың ұшындағы арман,

Бұл - өмір дейтін құсым ба қарғам.

Балалығым әлі ішімде жатыр,

Тоқал ошақтың тұсында қалған.

 

Ауыл деп тағы ежекте тілім,

Өмір ғой мынау кезек келетін.

Бейсенбі сайын бауырларым да,

Шелпек нан үшін тезек теретін.

 

Болса да мұнда қауымдап адам.

Жауында қалам, дауылда қалам.

Амандық үшін күлше пісірген,

Аман жүр ме екен ауылдағы анам?!

 

Күлшенің ойға түйші берері,

Ұлтыңды мәңгі сүйші дегені.

Шелпек пісіріп жатыр-ау шешем,

Мұрныма елдің исі келеді.

 

Қара қайық

 

«Теңіз толсын» деп талай өтінген ер,

Кезінде көк айдынмен жетілген ел.

Қайраңдағы қайықтар қайрандардың,

Майдандағы сүйегі секілденер.

 

Жоқ болды жайраңдаған жаға ғайып,

Сор бетін сормаңдай боп жағалайық.

Құм астында қалыпты кеше барсам,

Қарағайдан жасалған қара қайық.

 

Мұны көріп сыр бағасың, мұңданасың,

Тәңірім түзу көзін бұрмағасын...

Ескектері есіме салып тұрды,

Сыралғы сұрап келген Сыр баласын.

 

Жылайды-ау, қара қайық дара жатып,

Теңіздің сыбдыры жоқ жағада түк.

Атырапқа қарғысын айтатындай,

Топыраққа жұтылып бара жатып.

 

Көбелек пе куәгер гүлдегі анау,

Тағдырыңа керек-ау бірге қарау.

Таудан биік толқынды тоқтатқанмен,

Тауының шағыларын білмеген-ау.

 

Қызметін ол енді жалғамайды,

Қарағым, мұнан асқан бар ма қайғы?

Қарма жеген қазақтар түсінеді,

Қара қайық тек суда қармамайды.

 

Қабаданда қалғандай тосын ғәріп,

Балықшың аз жүретін қосын салып.

Жайын жайлы жайменен айтады әкем,

Сазанды сағынады сосын барып.

 

Ауыл қалай бұл сыздан тоңды не қып,

Сол арада алынды соңғы демік.

Тағдырласын жұбатып жүрген сынды,

Бір шағала қайыққа қонды келіп.

 

Сонда ғана өртеніп жанбас болдым,

Демеймін баба жолын жалғастырдым.

Осы бір қасіретке қарап тұрып,

Әкемнің жылағанын алғаш көрдім.

 

Қауға

 

Елде ғана бөлекпін, бітімдімін,

Қашыра алар дейсің құтымды кім!?

Шом шарбағы шоқшиып қалып қойған,

Анау үйден шықпайды түтін бүгін.

 

Ата да жоқ шер айтар күбірлесіп,

Әже де жоқ отырар жібін есіп.

Қала жақта қадірсіз болғасын ба,

Қауға шелек қалыпты түбі тесік.

 

Көшпендінің өмір-ай сырын ұқтыр,

Осы үйден ұшқанды жыры мықты ұл.

Қара шалдың көзіндей қауға шелек,

Қара құдық қасында ілініп тұр.

 

Ауыл текті. Нәрлі ғой шақта мына,

Сыр айтатын серісі ақтарыла.

Арман қуып адамы кеткен үйдің,

Тиіспейтін бір де бір заттарына.

 

Күйзелтті ғой, күйзелтті күзің мені,

Зарды кімдер ұғынар жүзіңдегі.

Күнде киген киімдей болмағасын,

Күнге күйген жібі тұр үзілгелі.

 

Дей көрме жаның бүгін жаурасыншы,

Ауыл деп ауыртамын сау басымды.

Суаратын балалар болмағасын,

Қара талда сүреңсіз қауға сынды.

 

Өмір деген осылай деме күнім,

Шулағанда шығушы ед бөлек үнің.

Бір-біріне су шашып ойнай-тұғын,

Балалардың бірі жоқ неге бүгін!?

 

Қайтейін, жанға медет таппадым-ай,

Мұң дейтін әкетпеші шаққа бұлай.

Қауға сынды, сол сорлы қауға сынды,

Қажетсіз боп қалудан сақта құдай!

 

Бөтен қой

 

Жайлау жүрген ғой, соны ұқты ұлың,

Жайлаукөліммен жолықтым күнім.

Бөтен қой іздеп жүрген баланы,

Бөтен көрмейтін болыппын бүгін.

 

Ауылға аңсар себелеп жеткен,

Қумай кеттім-ау көбелек көптен.

Шартаққа жандық қамалды ма екен,

Шеткі ағаштарын шегелеп кеткем.

 

Маған қарардай жасын да жібіп,

Қарағым келді ғасырға күліп.

Алыс боларын ұқтым арманның,

Қамыс қораның қасында жүріп.

 

Зіл артпа тегі ойламады деп,

Ақынның мұң ғой тойлағаны тек.

Қаракөл жатыр қарап жолыма,

Қара ұлым қашан қой бағады деп.

 

Үздігіп жолға қараған шалша,

Ақынның бәрі ақадал болса.

Саройға қарай ойым ауады,

Сарыуайым кеп жағадан алса.

 

Ауылсыз сірә кетпейді-ау бұл күй,

Ойдағы тоқтам, тұрағым ылди.

Қайырлап қалған қайық сияқты,

Айдынды аңсап тұрамын ылғи.

 

Ауылда, шіркін, кеш көрікті еді,

Есті адам мұны ескеріп пе еді.

Көшелеріңде шашылып жатыр,

Бала күнімнің естеліктері...

 

Марқа суару мұнда сан ғұрып,

Суат аралау бұл да заңдылық.

Дарияның қызыл жарында,

Бұлдырық үні тұр ма жаңғырып.

 

Жылуын сыйлап бекем ой жанға,

Өлгенше мен де өтем ғой арда.

Мен сынды мұнда адасып жүрген,

Қораңда аға-ау, бөтен қой бар ма!?

 

Рухты ел

 

Сыр сұрайды сен жайлы күндер менен,

Мен ауылға үзілмес гүлдер берем.

Тылсымыңды өлең қып өрнектейін,

Бір сырыңды мен жазып үлгермеген.

 

Ныспысын нәзираның нықын дер ме,

Құрақ-жамау етпейтін құқын елге,

Таспа төбе таспалап кеткен жырды,

Тәржімалап берейін мұқым елге.

 

Қазағым танытқан ғой асылдығын,

Асылды Қызылжардай жасырды кім?!

Бұл ауыл «кеше» ғана құрылса да,

Қағанаттай қаланған ғасыр бұрын.

 

Мәулім беріп, шыққанда шынар бағы,

Бүкіл ғалам осы елге құмартады.

Көкжиектен бұлдырлап, күні батып,

Алтын Орда секілді мұнартады...

 

Балалығым сол елде қалдың ба екен,

Демедің сонда маған алдың бөтен.

Қалада кезікпейтін қызықтарды,

Қой баққанда жоғалтып алдым ба екен!?

 

Ауыл жайлы көкейді кернеген үн,

Ауылдасқа бауырлас дем беремін.

Киелі Қызылжардай мекен таппай,

Сең соққан балық сынды сенделемін.

 

Ауыл ғана құрыш дәм татырады,

Тынбайды-ау,

                      тербеліп тебіреніс жапырағы.

Рухтары өлмеген өр ерлердің,

Осы маңда

                    рухты әні шырқалып жатыр әлі!

 

Ауылға барам, әке!

 

Әке деген есіммен кенелеміз,

Кең болуы үшін де керегеміз.

Ата деген сөзді айтып алыстағы,

Тіл шығара бастады немереңіз.

 

Ата-ау дейді былдырлап тұңғышымыз,

Бүйтерін тағдырдың да білді ішіңіз.

Ауыл жаққа барам-ау жақындары,

Қырмызы қызыңызды бір құшыңыз.

 

Маған дала білемін кет демесін,

Бетегелі белді елге беттегесін.

Ауыл жаққа барамын балаңды алып,

Кіндігімнен тамған қан кеппегесін.

 

Бауыр етің осы үйден өнген еді,

Немереңіз сол үйге өң береді,

Суырады, емдейді ертең барып,

Маңдайыңа қадалған шөңгелерді.

 

Leave a comment:
Captcha

Most read

Most discussed