One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Specprojects
Ауылым алтын тұғырым
Ерасыл Мүтәліпұлы

Ерасыл Мүтәліпұлы


Ерасыл Мүтәліпұлы 1993 жылы сәуірдің 17-ші жұлдызында Семей қаласы Үржар ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Монғолия мемлекетінің Баян-Өлгий аймағы Цеңгел сұмынына  отбасы қоныс аударған. Сол жерде орта мектепті тәмамдап 2010-2014 жылы Монғолия мемлекеттік мұғалімдер университетін физика, имформатика саласында бітірген. Қазыр аталмыш сұмында мамандығы бойынша қызмет атқаруда.

Ауылым - алтын тұғырым

Қарсы  тұрар келсе де күзгі дауыл,

Берекемен нұрланған біздің ауыл.

Жүрегінің жұмсақтығы ата-әжемнің,

Үлкенге үлгі, кішіге ізгі бауыр.

 

 

      Қосақтаулы қой,ешкі мың қосағы,

      Қара қазан құшақтап тұрды ошағы.

      Бие сауған жеңгемнің сырғасының,

      Сыңғырына самал жел үн қосады.

 

 

Дәстүрім кетпеген мүлде ескіріп,

Тауды аймалап барады күн кешкіріп.

Қозы жайған тентектің ойын даусы,

Жиі-жиі алыстан тұрды естіліп.

 

 

     Бақыт берген жаратқан мұнша маған,

     Ірімшік,құртым жасалар бір сабадан.

     Әжемнің адал ісін жалғастырып,

     Келіндері ши,тоқып жүн сабаған.

 

 

Еңбегі көп адалдық іске бастар,

Қазы,қарта қашанда піскен астар.

Алтыбақан астында сыр шертісіп,

Ақсүйекке бас қосар кешке кешке жастар.

 

 

     Кете алмайды өзіңнен жырақ балаң,

     Іңкәрлік пәк көңілмен жыр ақтарам.

     Кең кеудеңде еркелеп өмір сүрсем,

     Сол болар жалғандағы жұмақ маған.

 

 

Қарсы алып тамаша бірге ақ таңды,

Қаламаймыз кеш болс,күн батқанды.

Қаланың қалың қабат құрылысынан,                                                                  

Ауылдың тау тұлғасы қымбат мәңгі.

Leave a comment:
Captcha