One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Аймұханов Дидар


Аймұханов Дидар Тілеуғазыұлы – 1994 жылы Тарбағатай ауданы, Асусай ауылында туған. Қазақтың Хан апасы – Қанипа Бітібаеваның авторлық сыныбының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің филология факультетінің түлегі, жас ақын, Республикалық Махамбет,  Абай, Мұқағали оқуларының жүлдегері.

Ауыл. Апа

Көтерейін мен де бір пәс еңсемді,

Күндерім сағатпенен әс өлшеулі.
Айналайын апатай рахмет саған!
Бүгін тағы жайыпсың бәтеңкемді.

Күйін тыңда ол ауылдан кеткен ұлдың,
Таңнан кетіп үйге де кешке кірдім.
Тоз-тоз болып доп қуып кеткенімде,
Астына алып жатушы ең жетпегірдің!

Ақ бұзаудың ақ моншағын ұстап ап,,,
Менің жаным сол күндерге құштар-ақ.
Қала деуші-ек ауылда жүрген кезде,
Енді қала қаламымды ұштамақ.

Таңнан кешке қартайтып күнді іргелі,
Ерте батып кеткенін кім білгенді.
Етегіме тағы да теріп қайттым,
Тамыз болып таматын бүлдіргенді.

Аппақ қарда сырғанап құрбыменен,
Ақ жауында жадырап тұрды денем.
Қыр басында кекілді қара бала,
Көк құлынды көздейтін дүрбіменен.


Аңсадық қой ауылды ақ күшігі бар,
Өзің жайлы көруге түсім құмар.
Қойынында жусанның иісі бар.
Маңдайымда апамның ұшығы бар.

 

Leave a comment:
Captcha

Most read

Most discussed