One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Specprojects
Ауылым алтын тұғырым
Абылайхан Кеңесов

Абылайхан Кеңесов


Кеңесов Абылайхан Нұрланұлы,  ТАРМУ студенті 1-курс.

Ауылым туған өлкем

Ауылым туған өлкем, 
Жұмақтай көркем еді.
Ырымды ала тұсауымды,
Тау тасым кескен еді.

Ауылым туған өлкем,
Қызғалдақ қызыл белі. 
Жымиып күн тұратын,
Жылытып туған жерді.

Самалы желпіп  соққан, 
Көңілге күш береді.
Сусыны есіп аққан,
Жанына ем береді.

Даласы жұпар аңқиды, 
Жусанның иісін жамылған.
Туған жер дейтін мекенде,
Тап әтіріңдей - Тәңірдің.

Ауылым туған өлкем, 
Сағындым сені аңсадым. 
Жүректі сырды сыздатып,
Саған да жырлар арнадым.

Ауылым алтын тұғырым,
Тірегімсін сен менің,
Қазынамсын қымбат маған.
Қара көздің қарашығы секілді.


 

 

Leave a comment:
Captcha

Most read

Most discussed