One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Жангелді Руфия


Туған жылы, айы, күні:16.11.2001 ж.

Туған жері: СҚО, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы

Мектебі: Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «А» сынып оқушысы

Ауылға барар жол

 

 

 

(әңгіме)

Мақсат машинасын ең алдымен ауыл шетіндегі зиратқа бұрды. Бұл зиратта әкесінің жатқанына аттай 12 жыл болыпты. Әкесі қайтқанда, ол 13 жасар ұл еді, қарындасы одан да кіші, 8 жасар еді. Анасы қос балапанын басқалардан кем қылмаймын деп екі жұмыс істеді, алайда тапқаны күнделікті қажеттіліктерді өтеуге әзер-әзер жететін...

Зираттан шығып, үйіне қарай зуылдады. Ауылға келмегелі 4 жылдан асыпты.., мектеп бітіргесін қалаға оқуға бармай, бірден ауылда жұмысқа кірісті. Анасының тапқанына сеп болсын деп, күні-түні жұмыс істеді, бірақ фирма бастығы жұмысшылардың еңбегін жеп, уақтылы ақша төлемейтін болды, сол себептен қалаға жұмысқа кетуге тура келді. Қаладан да жөнді жұмыс таба алмай, көршілес Ресей елінің солтүстік аймағына вахта әдісімен жұмысқа кетті. Тынбай еңбек етіп, жылдар бойы ақша жинады.

Машинадан шығып, жан-жағына барлап қарады, сол өздерінің кішкентай ғана үйі.., одан да кішірейіп кеткен бе!? Үйдің сыртқы бейнесінен оның күтімсіздігі көрініп тұрды. Ауыз үйдің есігі ашылды. Үйден қарындасы шықты. Мақсат қарындасы жүгіріп келіп, секіріп мойнына асылар деп күтіп еді, қарындасы  салқын қабақпен сабырлы амандасты. Мақсат не істерін білмей, туған қарындасын құшып сүйе алмай,  Ақмаралдың екі бұрым болып өрілген шашынан сипай берді..

- Ақмарал, қалың қалай? Қалай өсіп қалғансың?! Анам қалай? Ол қайда?

Мақсат сұрақты жаудыра бастады. Ақмарал біраз үнсіз тұрды да:

-Біздің қалымызды неғып сұрадың? Төрт жыл бойы бас көрсетпей, қалайша келіп тұрсың? Анам қатты науқас.  Анашым...,- қыстыға жылай бастады, бірақ, сөзін тоқтатпай, дірілдеген дауыспен жалғастырды- сені тосып, әр кешін жылаумен өткізді. Анам жалғыз қалмасын деп, мен өз арманымды, оқуға түсем, үлкен қалаға барам деген арманымды құрбан еттім. Сол кезде сен қайда болдың? Бірақ, бірақ ... сен оны түсінбейсің! Түсінгің де келмейді...

Мақсат дел-сал күйде тұрып қалды. Қарындасы үйге кіріп кетсе де, оның ащы дауысы құлағына келіп, көз алды тұманданып кетті. Бар салмағымен табалдырыққа отыра кетті. Үйге кіруге дәті бармады. Орнынан тұрып, есік тұтқасына жақындады, алайда аша алмады. Не деп ашады?

Біраздан соң Ақмарал далаға шықты, шыққысы келмеп еді, анасы «біреу келді ме?» деп елеңдеп, қайта-қайта сұрай берді. Шіркін, ана жүрегі, баласының келгенін сезді-ау!

Есік алдына шықса, машина жоқ, ағасы кетіп қалған ғой. Бұрыла бере, табалдырықтағы бір тілім қағаз бен ораулы жатқан нәрсені көзі шалды. Орауды жазып қараса, бір бума ақша, мұншама ақшаны қолына ұстап көрмеген қыз аңтарылып қалды. Қолы дірілдей, қағазға ұмтылды. Хат екен. «Аяулы қарындасым, сенің мені кешірмейтініңді білемін, анам екеуіңнің алдыңда кінәлімін. Мен ақша табамын, сендерді асыраймын деп ұзақ уақыт қатынамай кеттім, оны мойындаймын. Сендерге қыруар ақша емес, менің өзім керек екенін кеш білдім. Анамның науқастанып қалуына да менің жоқтығым себеп болған шығар, кешіріңдер мені, асылдарым... Қаладан үш бөлмелі үй алдым, ол – сендерге, сонда барып тұрыңдар, мынау ақша анамды емдеуге де, сенің оқу оқуыңа да жетеді...».

Әрі қарай Ақмарал оқи алмады, көзінен бұршақтап аққан жасына ие бола алмай, өкіріп жылап үйге кірді. «Анашым, ағам табылды, енді біз жақсы өмір сүреміз, сені емдейміз, енді біз бірге боламыз... » деп анасын құшақтай алды. Анасы мен қызының көз жастары көл болды, бұл – қуаныш пен  реніш сезімдері қоса өрілгенде ағыл-тегіл боп аққан көз жасы еді.

 

Leave a comment:
Captcha

Most read

Most discussed