One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

ДАНЕШ АХМЕТҰЛЫ


Кәсіби жазушы. Бірнеше прозалық кітаптардың авторы. Балалар мен жасөспірімдерге арналған халықаралық «Дарабоз» әдеби жабық конкурысы лауреттарының бірі. 20017 жылы Мәдениет және спорт» минстрлігі  «Қоғамға пайдалы шынайы көркем әдебиет» номинациясы негізінде «Бүлдірген қалың шыққан жыл» кітабын сатып алған.   

АУЫЛ ӘҢГІМЕЛЕР ЦИКЛІ

ЗАМАНА ЖЕЛІ

                           

                   Төрт құбыласын тегіс жасыл желек жиектеген Нұртастың ұйіне де келіп жеттік.Көгілдір аспан түстес, ашаң көк сырмен сырланған қақпаны ашқанымызда, арғы жағынан жүні жалпылдағанкөк шулан төбет арсалағдап үріп, қара көрсетті. Бізді көрген соң үруін үдете түсер ме деп едік,жоқ үйтпеді. Лезде үні жұмсарып, райынан қайтты. Соның арсынша:

  • Есенсіздер ме?,- деген әйел дауысы естілді. 

Жалт қарадық. Мосқал тартып қалған, орта жастардағы жасамыс әйел екен.

  • - Келіңіздер, үйге кіріңіздер,- деді. Үні бір түрлі құйындап, асығып шықты. Біз ауылдық әкімдіктің адамдары едік...

     Түпкі үйден бір-ақ шықтық. Үй іші алуан түрлі асыл жиһаздармен безенгендей болып, жайнап тұр.

Дәл төбеге орналасқан қызғылт, қоңыр түсті, аумағы қол шатырдай дерлік аюстра көздің жауын алып, жылт- жылт етді. Түрлі- тұсті телбейнеден әлдебір қызқты көрініс көріп отырған мектеп жасына еркін жете қоймаған екі- үш ұсақ бал біздің келгенімізге ыңғайсызданып, үй иесі әелге жалтақ-  жалтақ қарады. Үй иесі шыға тұрыңдар деген ишара жасады. Балалар үнсіз ығсып, тайып тұрды. Ал, қатардағы бөлмеден әлдекімнің безілдетіп домбыра тартқаны, барылдап ән айтқаны естілді. Үй иесі әйел бізге қарап, мыр етіп күлді де:

-Нұртас Исаның желдірмесін кейін айтарсың.Үйге адмдар келді, шық бері,- деп еріне дауыстады.Жасыл сырмен боялған есік бабымен ашылып, жасы елулерге енді іліккен, шашы ақ буырыл тартқан жігіт ағасы шықты. Өзімен бірге домбырасын да ұстай шығыпты.

         Бізді көрген бойда бұл ісінің ыңғайсыз екенін сезді білем, домбыраны қошқар мүйіз, қызғылт түсті төсек жапқыш жапқан диванның бір шетіне сүйей салып, сызылта сәлем беріп, жағалата қол берді.

  • Біздің үйдің әртісі осы, Қайтсін байқұс, істейтін іс табылмаған соң, домбыра тартқансиды, ән айтады,- деді әйел еріне тиісе сөйлеп.

Нұртас оның бұл сөзін шам алып қалды.

  • Е, несі бар,- деді мұрты едірейіп,- жұмыс та табылып қалар.

- Айтсын, айтсын, әнін шырқай берсін,- дедік біз жігітке жел беріп.

Жігіт арқаланып қалды.

  • Айтам,-  деді көзі шоқтай жайнап,- керек десе, Исаның барлық әнін айтам. Бұдан жаман күнімізде де тойға барғанбыз.
  • - Айта бер,- деп әйел дүңк етті. Үнінен реніш табы айқын білініп тұрды.
  • Әйел сөзге араласты. Жанұяның жағдайын, тірліктің оңала қоймағанын айтып, шағына сөйледі. Нұртас томсырайып, мұңайғандай болып, үнсіздік күйін кешті. Оның көзімен жер шұқып, бір сәт кіріптар болатын да жөні бар еді.

     Осыдан бес- алты жыл бұрын елге несие ақша берілгенде Нұртас та құр қалмаған. Білекті сыбанып жіберіп, тұп- тура бес жүз мың теңге алып еді. Сауда етеуді ниет қылған. Сол шақтағы жанұя мүшелерінің желпінісін сөзбен айтып жеткізу тіптен қиын. Ойламаған тұста батпан құйрық тап болып, байлыққа кекірелеп қалғандай болған. Нұртастың да, әйелінің де сауданы неден бастарын білмей басы қатып еді. Айналып келгенде өздерін бес жүз мың теңгенің қыл бұрауынан құтқаратын тек қана сауда деп жорыған.

     Жер алып, көкөніс түрлерін өсіріп, оны саудаға айналдырмақшы еді, болмады. Өйткені бұрын істемеген кәсібі. Жеке меншік дүкен ашып, сауда етуді де ниет етті. Оған да жүректері дауаламаған. Заттарымыз өтпей қалады деп қорықты. Тек арақ пен темекі сатсақ па екен деп те басы қатты. Бұдан да тайқып шықты.Мал алып, оны көбейтеккші де болған. Алайда бұл да қиындығы мол кәсіп болған соң, бұдан да сырғақтады. Елге қарыз беріп, өсімін жинамақшы еді. Әйтсе де қолдан беріп, аяғынан тозу да қисынсыз көрінген.Ойлары бес жүз мың теңгені қалайда іске қосу. Ақша үйде тұрса, бар тірлігі тұралап,молтып қалатындай болған. Сөйтіп жүргенде бір машина пияздың кез бола кеткені. Бұл кезде қоңыр күз орталанып, қақаған қыстың ызғырығы сәт сайын айқын біліне бастаған шақ еді. Нұртас әйеліне:

  • Бір машина пиязға сөйлестім. Кәзір бұл сауданың деген шағы. Сатсақ қалай болады,- деп еді, әйелі дереу келісе кетті.
  • Дұп- дұрыс,- деді қуана қол соғып,- Көршілес ауданның жері суық. Ақ қар құрсанған жердің қыртысына пияз өсуші ме еді.

Апарақ болды, талапайлап алады да кетеді.

-Менің ойымша деген,- Нұртас салмақпен сөйлеп,- бірге екі пайда таппасақ та, мол олжаға кенелеміз.

-Онда машина пиязды тегіс сатып алсақ қайтеді?

-Ол да жөн. Екі шабылғанша бір- ақ тынды қылайық.

     Сонымен бұлар бір машина пиязды түгел сатып алып, жолға да шығып еді. Көрші ауданға да келіп жеткен.Әйткенмен, жағдай  бұлар ойлағаннан мүлдем басқаша болып шықты. Сауда жүрер болмаған. Ана ауылға барса, бағасы төмен мына ауылға келсе өтпейді. Сонымен бұлар еш пайда таппаған қалпы, ертең қайтамыз деп тұрғанда, таулы өлкенің қабағы оқыс түйіліп, күн райы күрт бұзылды да, ақ жаңбырдың аяғы қарға ұласып, аяздатып қоя берген.Бұлар ертесі жапалақтап жауған ақ қардың астында ауылға қайтқан. Ауылға келген бойда ұраға көмген. Ойлары көктемнің еңбір көкөзек шағында саудаға шығару еді. Ал, көктемде сатамыз деген мол қазына ұра ішінде бұзылып, спсып былығып жатқан еді. Бойын суық сорған пияз еш шыдас бермеген. Бес жүз мың теңгенің бәрі болмаса да, көп бөлігі осылайша келмеске кетіп еді...

     Содан бері де біршама уақыт өтті.ӘЙтсе де Нұртас тірлігі еш оңала қоймаған.Қолымен тапқаны аузынан артылмай,бір сыдырғы сұйқылтым күй кешкен. Әкімшілік адамдары бес жүз мың теңгенің өтемін сұрап, талай ескерту жасаған. Енді келіп отырғаны мынау...

  • Жағдай оңалар,- деді әйел жеңіл күрсініп,- сонда төлеп қалармыз.
  • «Ер мойнында қыл арқан шірімес» деген бар. Төлейміз,- деді Нұртас та жалтақтай қарап.
  • Сіз тәп- тәуір әнші екенсіз,- деді Жанар қулана тіл қатып,- әніңізді жалғастыра берсеңіз қайтеді?
  • Айта түс, айта бер,- деп деп бізде оны қостап қойдық.

     Мен де Нұртастың ән айтуына ыңғай білдірдім. Нұртас не істерін білмей қипақтап қалды.

  • Қалй болар екен,- деді күмілжи сөйлеп,- қарыз болса анау, сіздердің қолқа салғандарыңыз мынау...

     Әйел де оның бұл сөзін жөн көріп, жүзін төмен салды.

     Біз бұдан арыға шыдамадық. Өзімізбен бірге әкелген қуанышты хбарды жеткіздік. Аудан әкімшілігінің Отанымыздың Тәуелсіздігінің он жыл толу құрметіне орай жазылған құттықтау хаты мен қоса қарыз ақшаның төлемін тоқтату туралы қаулысын табыс еттік.Құттықтау қағаздан соң үкімет қаулысы жазылған қағазда оқыған әйелдің жүзі қуаныштан бал- бұл жанды. Әсіресе «...кезінде берілген ақшаның Сіз төлегеннен кейінгі қалғаны  Тәуелсіздіктің он жыл толу құрметіне орай Сізге сый ақы ретінде беріледі. Сіз енді ештемеге қарыз емессіз» деген жазуларды оқығанда өз көзіне өзі әрең сенгендей сыңай танытты. Әбден көзі жеткен соң ғана бізді тап бір жаңа көргендей қайыра амандасып, шетімізден құшақтап сүйе бастады...Нұртас болса, қуанғанынан айғайлап жіберіп, тезінен домбыраны қолға алып, Исаның «Желдірмесін» аңырата жөнелді. «Ал қалқа, келді кезің сайрайтұғын...»

     Үй ішін шаттық кернеді. Әйел қалбақтап, ас қамына кірісті. Нұртас кенет сыртқа атып шықты да, артынша бір семіз қойды сүйрелеп үйге әкелді. Біз бұл не дей алмадық.

  • Тәуелсіздіктің он жылдық тойына,  елімнің амандығы, Елбасының жанының садағасына арнап шалған құрбандығым болсын. Әумин;- деп бата сұрады да, біз бет сипап біткен соң қойды бауыздамаққа сыртқа сүйрей жөнелді.

     Біздің тағы осындай талай үйге баруымыз керек еді. Асығыс едік. Бірақ ақ, әділ жандардың құрбандығын қиып кете алмадық.ТОсын қонақ болдық. Қазанда жаңа сойылған жас еттің иісі танау қытықтап, былқып қайнап жатты.

  • Замана желі қалай, қалай құбылады,ә, айналдым туған елімнен,- деп тебіренген Нұртас болса,өзі сүйіп айтатын Исаның «Желдірмесін» жаңа бір нақыш,сөздермен түрлендіріп, төгілтіп жатты.

 

 

БОЛАШАҚ

                                     

         Кәсібің жорналшы болған соң, арғы жағы белгілі ғой. Не істейтінің де сезіліп тұр. Редактордың иегін көтерген жаққа бет түзейсің де, жолға шығасың.

         Бүгін де жолға шықтым.  Мақсатым өліара шақтағы ел тірлігін қағазға түсіру еді. Аудан орталығынан шалғай шеттегі ауылдан бір-ақ шықтым. Тау аңғарынан басталған сай аядай ауылды екіге қақ жарып өтеді екен. Сайдың ортасында арнасына сыймай бұлықсып, бұлқынып тау өзені ағады. Ауыл сол  өзеннің екі жақ жиегі ағаштан көрінбейді. Терек дейсің бе, ақ қайың, қызыл қайың, ирен дейсің бе, бәрі бір- бірне ықтап, қолтықтаса өсіп, сыңсып тұр. тІпті пуылдың бар байлығы осы ағаштар ма деп қаласың.

         Автобустан түскен бойда қайда барарымды білмей, аз аялдаған едім. Айналаға көз аслдым. Қос көшенің қиылысында тұрмын. Енді ауыл кеңсесіне жүрмек болғанымда, көзім әудем жерде сарылдап ағып жатқан өзеннен мықшыңдап, қос қолдап су көтеріп келе жатқан әйелге түсті. Аяғын санап басқан әйел жүрісі тым мардымсыз. Алпыстан асқан жанды кәріліктің тым ерте икемдегені, сөйтіп өз уысына түсіріп, қақпақалдай бастағаны сырт көзге айқын сезіліп тұрған. Жүгіре басып, әлгі әйелге жеттім де, ибамен сәлем беріп:

-Ұлықсат етсеңіз, енді суыңызды мен көтерейін, әкеліңіз,- дедім. Әйел бұл қай бала, қайдан шықты өзі дегендей, маған зер салып, сығырая қарады. Сөйтті де:

- Ал, ұлықсат, көтере ғой,- деді.

         Әйтсе де менің кім екенімді білгісі келген жеңсек ой оның аузына тағы сөз үйірді.

  • Қай балсың,- деді сыпайы тіл қатып,- және қайдан жүрсің өзің.

     Мен жәйімді айттым.

-Жөн, жөн,- деді әйел сөзімді тыңдап болған соң. Артынша:

-Үйге жүр, шай іш,- дегенді де қосып қойды.

Бірақ неге екенін қайдам әйел осы сөзді маған бір түрлі қысылып, қиналып айтқандай еді. Үйі автобус аялдамасының нақ түбінде екен, тиіп тұр.

     Үйге де кірдік. Жаңа салынған бес бөлмелі үйден кіршіксіз пәк тазалықтың иісі аңқиды. Мен ттөргі үйге озып, диванға жайғастым. Үй иесі әйел де қосамжарлана кіріп, тағы бірдемелерді сұрамаққа оқтала беріп еді, ауызғы үйдің есігі сықыр етап, қайта ашылып, дөңбектей біреу кіріп келе жатты. Мойны күжірейген, балпанақтай жас жігіт екен.

     Кірген бойда қиғылықты салды. Мені байқамады білем, тура әйелдің алдына екпеттей жығылып, отыра кетті де, бейбақат сөйлей жөнелді. Жігіт мас еді.

  • Апа,- деді басын шұлғып,- апа деймін ғой мен саған.Егер шын апам босаң,- деді енді ықлық атып,- жүз теңге берші, жүз- ақ теңге берсең болды.
  • - Қайдағы жүз теңге,- дедә әйел шаптығып,- Қайдағы ақша, ақша жоқ.
  • Бар,- деді жігіт екіленіп,- сенде ақша бар. Сенде ақша жоқ емес, бар.Жүз теңге дедім ғой, жүз теңге...
  • -Жоқ,- деді әйел дауысын бұрынғыдан да қатайтып,- айттым ғой мен саған. Менде ақша жоқ. Ішіп- жемнің бәрін дүңгіршектен қарызға алып отырмыз. Ой, құрып қалғыр, қайтеді өзі, жоғал әрмен...

     Жігіт апалауын қоймады.

-Жүз теңге дндім ғой, соны берсең бітті...

- жүз теңге керек болса, еңбек ет, тап өзің.

- Шын апм болсаң маған жүз теңге берші...

- Әй, қу арақ,- деп әйел сілкінгендей болып, орнынан тұрып, маған қарай жүрді,- қарашы міне, өзі өндірдей жап- жа бала. Ал, істерге жұмыс жоқ. Араққа алданып, азып үйде отыр. Осындайлар көп ауылда.

     Жігіт осы арада оқыс бұрылып, маған назарын тіктеді. Бұл неткен жан дегендей, азтынша еңбектей көтеріліп, орнынан тұрып, маған ұмтылды.

 

  • Ассалаумағалайкум,- деді тілі күрмеліп, кекештене сөйлеп.
  • Аға,- деді содан соң тап бір ұзақ жылғы көрмеген бауырын енді ғана ұшыратқандай болып,-аға, ағасың ғой, ә?

     -Иә,- дедім мен,- иә, мен сенің ағаң боламын.

-Шын ағасың ғой, ә?

-Иә

- Аға болсаң,- деді енді шағына сөйлеп,- жүз теңге берші.

-Мақұл,- демеске амал жоқ еді,-жарайды берйін.

     Әйел:

  • Көргенсіз,- деді де үйден шығып кетті.

     Жігіт жүз теңгені алған бойда есікке ұмтылды. Бір шыны шай ішіп болмастай уақытта көк бөтелкенің біреуін құшақтап, қайта оралды.Бөтелкенің аузын тісімен жұлып алып, екі стаканға меймілдете құйды да, үстелдің үстіне қойды. Өзі дегбірі кеткендей болып, асығып тұр.

  • Аға,- деді мені үстел бсына сүйрелеп,- кел, отыр.
  • -Неге?,- дедім мен бейқам қалпымды бұзбай.
  • - Негесі жоқ,- деді ол қолды бір сілтеп,- дабай арақ ішеміз.
  • Ішпеймін,- дедім мен салқын сабыр сақтап,-ішпеймін.

      Ол сүйрелеуін қояр емес.

  • Жә, ішесің, шын ағам болсаң ішесің...

     Ол үстелге сүйрелейді. Мен орнымнан тапжылмаймын.Осылай аз тәжікелескен соң, бұл іс те бітті болды. Жігіт екі стаканды бірінен соң бірін қылғытты да,  сілелеп, ұйықтап қалды. Аздан соң үй иесі әйелдің:

  • Шай дайын,- деген үні естілді. Мен ас үйге бет алдым. Ал, жігіттің аты –Амантай екен.

         Уақыт бізді келесі жылы тағы кездестірді. Мезгіл мамыр айының іші еді. Жолым түсіп, және бір рет баяғы өзім жағдайын жазуға барған «Еңбекш»» ауылына барған едім. Шағын ауылды шиырлап шығып, орталық көшемен келе жаттым.

Арт жағымнан біреу шақырғандай болды. Жалт қарадым. Шынында да, әлдекім қолын бұлғап, еңкеңдеп жүгіріп келе жатыр екен. Мен тоқтап, оны салқын сабырмен күтіп алдым.

         Кім екенін қол созым жерге келгенде айқын ажыраттым. Амантай екен. Үстінде қоңыр күртеше, бұтында көнелеу ескі шалбар, аяғына киген бәтеңкесң де ақ жемденіп, тоза бастапты. Өзі бұрынғыдай емес, майы сығылған бүйенге ұқсап, сыптығырланып, ширатылып алыпты. Уақыт шіркін тірлік атты қайраққа жанып- жанып жіберіпті де, лыпылдатып қойыпты. Әңгімеміз салған жерден жараса кетті.

-Келгеніңіз бек жақсы болды, үйге жүріңіз,- деді салған жерден қиыла тіл қатып,- Өзіміз де ылғи сізді ойлап жүруші едік.

         Біз үйге де келіп жеттік. Үй иесі -өткендегі аңсағай денелі, жүзін әжім өрнектеген кекселеу әйелдің шайы дайын екен.

         Мен байқамаған екенмін, Амантай тым сөзшең, ашық жігіт екен. Есіп сөйлеп отырды.

  • «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» деген Бітіп жатқаны да шамалы. Дегенмен, тірлік бар. Ал, сіздің келіп тұрғаныңыз жақсы,- деп бір қойды. Оның бұл сөзін шешесі қоштағандай сыңай танытты.
  • Келіп тұр қарғым, келе бер.
  • - Сіз білмейтін шығарсыз,- деді  Амантай енді өзі әңгіменің жібін суыртпақтап,- біз біраз уақыт болды, өз алдымызға шаруа қожылығын құрғанбыз. Өзіміз бұрыннан араласып жүрген ет жақындардың басын құрадық.  «Үшсерік» деп аталады.  Мен осы қожалықтың есепшісімін. Шаруа қожалығының бар есеп дүниесі менің қолымнан өтеді. Кәзір көктем, егістікке дайындалып жатырмыз. Бұрыннан біліс адам дегенің бар болсын, шындап келгенде біз оларды түсіне бермейді екенбіз. Әншейін сыртынан ғана көріп, соған мәз болып жүріппіз. Ал, олардың кім, неткен жандар екенін жем- жемге келгенде, басына іс түскенде анық біледі екенсің.
  • - Айта түс ,- деп мен оны қостап қойдым. Амантай сөзін соза түсті.
  • Жаңа айттым ғой,- деді әлдебір жанар майдың иісі білінген салалы саусақтарымен нанды үзіп жатып,- барлық есеп менің қолымнан өтеді. Ақшасын есептеп шығарамын. Бір трактор егістік жұмысыны шығу үшін неше ақша керек? Оның майы бар, қайта жабдықтауы бар, толып жатқан қиындықтары бар. Соның бәрін есептесең, қып- қызыл шығынға саяды. Осының бәрі келіп,теңгеге тіреледі. Теңге судай шашылады. Сонан  соң барып, қожалықтың теңге қоры омсыраяды да қалады. Ал, басқалары «бізде пәлен мың теңге болуы тиіс» деп шалқаяды.  Мен кеткен шығынды есептеп, мәнін түсіндірсем, мойындарын ішіне алып жатып кеп тулайды. «Қайда кетті, не болды» деп көкке алақан жаяды. Қызық- ей өздері. Түкке түсінгілері келмейді. Олардың ойынша трактор, күллі техника атулы тегін қозғалатын сыңайлы. Жаңағы өздері даулаған ақшаны тап бір мен жегендей боламын.  Міне, жорналшы байырым, біздегі хал бір сәтке осындай.
  • Ештеме етпейді, шыда,- дедім қуат бере сөйлеп,- әлі-ақ түсінісіп кетесіңдер.
  • - Мен де соны айтып жатырмын,- деп енді сөзге үй иесі әйел араласты,- Олар бәрін кешегі Кеңес заманындағыдай көркді ғой. Онда егістіке шыққан трактордың шығынын кім есептеп көрген. Бәрі де тегін сезілетін. Бұлар сол «тұмаудан» әлі айыға алмай жүр. Оның үстіне қарыз көп. Арақ қарызы да жнткілікті. Ауыл  әлі арақ ішуін тоқтатқан жоқ.
  •          Арақ аты аталғанда Амантай арқасына ер батқан аттай қипақтап қалды. Жайсыздық табын сезілген.
  • -Қойшы соны,- деді жақтырмай,- істеп жатырмыз ғой, төлейміз.

     Үй иесі әйел мырс етіп күліп қойды.

  • Төлейсің, төлемегенде қайда барасың?
  • Арақты әлі ішіп жүрсің бе?,- дедім менде қарап отырмай.

-Иә,- деді ол да шындықты бүркемелемей,- бірақ аздап қана. Бұрынғыдай ішу қайда!?

     Амантайдың есіне өткендегі жәй түсті білем, қызара күлімсіреп, қыбыжықтай берді. Біз де  әрмен індете қоймадық.

     Бұл менің Амантаймен екінші рет кездесуім еді.

     Амантаймен үшінші рет өзім істейтін газет бөлмесінде ұшырастым. Мезгіл сірә, сиып сәске болар. Оңаша бөлмеде тұқшыңдеп, әлденелерді ақтармалап отырғанмын. Әлдекім есік ашып, кіріп келе жатты. Амантай екен. Шұрқырастықта қалдық.

-Иә, жолың болсын, отыр,- деп мен оған қарсыдағы дос орындықты нұсқадым. Мен нұсқаған орындыққа отырған жігттің келбеті тым келісті еді. Тұла бойынан еңбекпен есейген жанның ыстық лебі байқалады. Отырысы мығым. Құрыштан құйғандай балғын да сом ден өз еркінен тыс әлдебір күш танытқандай болып, көз сүйсіндіреді. Мен оның сөзіне сүйсіне құлақ түрдім.

- Ой, аға несін айтасыз,- деді ол төтесінен сөйлеп,- жұмыс көп, жоспар көп. Баяғы күндер келмеске кетті. Енді жүрген жерің, басқан ізіңнің өзі есеп. Есепсіз, жоспарсыз күнің жоқ,

     Мен одан «Үшсерік» шаруа қожалығының жәйін сұрадым.

-Ол қожалық бар,- деді ол,- бірақ мен сол қожалықтан шықсам ба деп жүрмін.

     Сөйтті де ол торлама дорбасынан жаялықтай қағазды суырып алды.

  • Міне, мынау мен құратын шаруа қожалығының жалпы картасы. Мынау ауыл,- деп әлдебір шиыр сызықтарды көрсетті,- ал, осы ауылдан он- он бес шақырымдай жерде тау бар. Осы таудың бөктерінде, міне, мына жерде жайлау бар. Бұрынғы ата- бабаларымыздан қалған құтты  қоныс. Менің сол арға жаңадан тас қора салсам ба деген ойым бар. Көктеу қора да осы тұстан салынады. Кәзірше екі- үш дүз қой, жүз қаралы тана- торпақ сыиятын қора салынсча жарап жатыр. Оған шамамен бес миллион теңге кететін түрі бар.  Міне, мынау,- деп енді мүлдем жаңа, тың сызбаларды алдыма жайып тастады,- Іле дариясының жағасына салынатын қыстық қора. Тұрғын үй, күзетші үйі тағы басқалары осындаорын теппек. Бұған да пәлен миллион кетті дей беріңіз.Сатып алуға тиселі техника түрі, өзгелері тағы бар. Қойшы, әйтеуірі қалайда қомақты сома қажет.
  • Тым көп емес пе?
  • Бәрі де алдын ала ойластырылған,  компьютермен әлденеше рет есептелген,- деді ол сенімді сөйлеп,-бәрінің де өз есебі бар.
  • Ол ақшаны қайдан аласың?
  • Бұйырса, осы аптаның ішнде банктердің бірінен алып қалармын.
  • Өтеу мерзімі неше жыл?
  • Он жылдан астам. Шамалы ғана пайызы бар.
  • Жақсы екен. Ал, жаңа шаруа қожалығыңның атын не деп атмақсың?
  • «Болашақ»деп атасам ба деп ойлап жүрмін.
  • Жарайды, жаңа «Болашағың» құтты болсын. Тек табыс тілеймін.
  • Рақмет, міне байқайсыз ба,- деді ол қағаздарын жинастырып жатып,- «Қазақстан- 2030»бағдарламасының басты бағыты осы. Бұл- елді тек байытатын, болашаққа апаратын төте жол. Үкіметіміз даңғыраған жол салып, жүр дегендей болып, демегендей болып тұрса, жүрмей не көрініпті бізге?!
  • Бәрекелді жолдарың босын.

     Амантай ішкі қуанышын жасыра алмай, маған қарап, құпиялап жымиып қойды.

     Амантай еш адаспаған екен. Бәрі де өзі ойлағандай болып шықты. Үлкен бағдарлама тезінен іске асты. Екі жылға не жететін, не жетпейтін уақытта «Болашақ» шаруа қожалығының аты дүркіреп шыға бастады. Жақсы жағынан шықты. Кім айтса да мақтап, сүйсіне сөз қылысты...

  • Жолың босын «Болашақ»,- дедім мен шын сүйсінгенімді жасыра алмай. Іштей дұға оқығандай қылып, құпиялап қана жүрекпен айттым...

 

 

 

ЕЛ ТІЛЕГІ

                           

Өтпелі кезең кімге болмасын ауыр тиді. Азаттықтың ақ таңының әуелкі қызыл іңір, өліара шағы қай пендені де сең соққан балықтай етіп, қайраңға сырғытты. Бұрындары қызыл үйдің аясына топтасып, бейқұт күн көрген ел, енді тұнығынан айырылып, көлшікке тап болған балықтай болып, құйғытпа күй кешті. Тірлікті неден бастап, неден аяқтарын білмей дал болды. Жазғыштар жүрісінен жаңылды. Қолына қалам алды болды, қу сирақ кедейді, оның қызыл түсті үкіметін мақтап, бай біткенді неше түрлі етіп, құбылта жамандап қоя беретін сабазың, енді ақ қағазды қалай шимайларын білмей, телміріп отырып қалып еді.

                   Қызыл үкімет ұр да жық мінезі бар аңғырт,өгей әке секілді сезілген. Көңілі түссе қолда барын аямайтын. Ықыласы ауған тұсты көлдей шалқыған мол байлыққа кенейтін. Назары түспеген өңір шөлден қаталап, аштан бұратылып, өліп жатса да бүйірі бүлік етпейтін. Жалпы қулығына құрық бойламайтын, Сырдың суы сирағынан келмейтін қызыл қоғам бірде аузындағысын алып жесе де дым сезбейтін аңқау көрінсе, енді бірде бит ішіне қан құйғандай құйтырқы, қу болып көрінетін. Ақылынан аярлығы басым еді. Залым болатын. Енді оның бірі жоқ. Қызыл киімді адамның қолынан ас ішіп, итаяқ жалаған бұралқы қызыл иттер енді сол күндерін сағынып, діңкесі құрыды. Зауалды шағын күтті.

                   Қоғамның репеті өзгеріп, ел сарсаңға түскені анық еді.                Егемен еліміздің жаңа бағдарламасын түсіндіру мақсатында елге үгітшілер тобы шықты. Екі-үштен бөлініп, әр ауылға лекция оқыды. Жиналыс өткізді.

                   Аудандық газеттің қызметкері болу себепті осы науқанға мен де араластым.Қоңыр сөмкемді алып, жолға шықтым.

                   Келген жеріміз алыстағы бір ауыл еді.  Әуелі жиналыс болды. Колхоздың бұрынғы клубы адамға лық толмаса да, кәп-кәдімгідей тыңдаушы жиналды.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселеcі  жекешелендіру, ұйымдасу болатын. Ауыл әкімі ұзын тұра, сары жігіт жиынды ашық деп жерия етті. Көсіліп сөз сөйледі. Бұдан кейін мен арнайы дайындалған баяндама оқып, жиналғандардың түрлі сұрақтарына жауап бердім. Білгенімше сайрап-ақ жатырмын. Осы тұста одыраңдай басып, біреу кірді. Саркідір пішінді, сұңғақ бойлы, сұрқай өңді жігіт екен. Отырғандар:

  • Бұзаубақ келді, Бұзаубақ келді,- деп шу ете түсті.

Бұзаубақ жиналғандардың алдыңғы шебіне келіп жайғасты да, жан жағына алақтай қарап, жіті көз жүгіртіп өтті.

  • Бұл кім,- дедім ауыл әкімінен.
  • Бұл Бұзаубақ,- деді әкім.

Екеуміз сыбырлап, сөйлескен болдық. Бұзаубақ тым саққұлақ па қайдам, көзін сүзе қарап, орнынан ұшып тұрды.

  • Бұзаубақтың кім екенін өзгеден сұрамас болар,- деді қолын ербеңдете сөйлеп,- Бұзаубақ бәрін де өзі айтып шығады. Сөз сөйлеуге бола ма?
  • Неге болмасын, болады,- дедім мен,- сөйлегенде сіз сөйлеңіз.

Бұзаубақ ел алдына шықты.Талай мінбеге шығып, ысылған қу болса керек. Салған жерден сыдырта жөнелді.

  • Бұзаубақ деген коммунисің мен боламын,- деді кеудесін қағып,- бізді осындай сөйлеуге үйреткен де сол партия. Менің жасым елуден асты. Соның 30 жылын коммунист болып ғұмыр кештім. Ойлап қараңыздаршы, аз уақыт емес қой. Адал коммунист болдым. Айлық жарнаны өз мезетінде төлеп тұрдым. Бірде бір рет жиналыстан қалғаным жоқ. Оны осы отырған елдің бәрі біледі. Енді мен не деуім керек. Менің айтарым мынау: заманның бет алысы дұрыс емес. Мұндай бөлінуге, жекешеленуге әсте болмайды. Бұл дегеніңіз кері кеткендік болып табылады. Мен оны солай деп түсінемін.

Зал іші сілтідей тынды. Ешкім оның сөзін дұрыс, яки бұрыс деп пікір білдірмеді. Жиналғандар демін ішіне тартап, тілін жұтқандай болып, мелшие қалыпты.

-Бұл дұрыс емес,- деп ол өзінің сөзін тағы бір нығырлап қойды.

         Мен байыз тауып отыра алмадым. Бұдан ары үндемей қалудың өзі ыңғайсыз еді. Қарсы сұрақ қойдым.

-Сіздіңше қалай болу керек?

- Меніңше,- деді Бұзаубақ іле тіл қатып,- меніңше болса, кешегі қызыл тудың астына қайта бірігу керек.

- Ал, ондай қоғам жоқ болса қайтеміз.

-Жоқ болғаны қалай?

-Қызыл қоғам 73 жыл, 6 ай, 18 күн тірлік етті де, саудасы бітті. Біржола тарих сахнасынан кетті. Былайша айтқанда өлді десе де жөн болар.

         Бұзаубақ қолды қиялай сілтеп қалды.

-Мен оған сенбеймін.

- Бұзаубақ,- деді осы арада домаланған қара жігіт дауысын созып, айғайлай сөйлеп,- мен саған бір ақыл айтайын.

-Айтыңыз, айтыңыз,- дедім оның не айтарын түсінбесем де, сөз кезегін беріп.

         Домаланған қара жігіт мінбеге көтерілді. Тұрған орнында елге тура қарап, оңшалып алды да:

-Оған айтар ақылым мынау,- деді,- Бұзаубақ Мәскеу барсын.

-Неге?

-Жоқ, Мәскеу барғаны жөн.

-Мәскеуде оған не бар екен?

-Мәскеуде оған біреу қойдың басын асып қойып па?

- Мәсеку барсын,- деді қара жігіт сөзін жалғастырып,- Ленин атасының басына құран бағыштасын. Қасына түнеп, батасын алып қайтсын. Өйткені, ол әлі жерленген жоқ қой.

-Иә, сөйтсін.

-Айта бер,- деді ел шуды молайта түсті. Іштерінде қарқылдап күліп жатқандар да бар.

- Егер,- деді жігіт екілене сөйлеп,- Ленин тіріліп кетсе, онда қызыл ту қайта желбірейді. Әне, қызыл тудың астына қайта бірікті деген сол. Солай емес пе?

         Зал іші тағы шулап, араның ұясындай гуілдеп кетті.

-Ленин тірілсе, бәрі де солай болады.

- Онда дереу бірігеміз.

-Егер олай болса, коммунизм де тезінен орнап қалар.

-Ей, сен өзің қай қайдағыны сандалмашы.

         Бұзаубақ тепсініп, қолды қиялай және бір сілтеді.

-Ей, сен нені сандырақтап тұрсың,- деді алқынын баса алмай,-өзің жоқ нәрсені қопсытып айта береді екенсің.

         Қалың елдің екпіні оңай ма, Бұзаубақ жайсыздық табын сезінді, қысылып қалды. Аузына жөнді сөз түспей, құр қызарақтап, тұтығып қалған. Бұзаубақ елге күлкі болды.

  • Бұзаубақ,- деді әлгі жігіт енді әңгіменің өңін айналдырып, басқаша қырынан құлпыртып,-сен молдаға барып, өлі әруаққа оқыр аятты жаттап ал.
  • Оны не етпекпін,- деп Бүзаубақ гүж ете қалды.
  • Жаттап ал сол аятты. Өлген әкеге оқырға керек болады.
  • Қай әкеме оқымақпын ол аятты?
  • Коммунистік партия дейтін әкеңнің әруағына бағыштайтын боласың.

Бұзаубақ тепсініп, қолды тағы бір көлденең сермеп өтті.

-Ей, сен өзің көп сандалмашы, жоқ нәрсені айтып, көки береді екенсің.

         Жұрт ду күлді. Әр- әр жерден қол шапалақтағандар да бар. Енді не дерін білмеген Бұзаубақ жүні жығылып, иіні түсіп, мінбеден алыстап бара жатты.

         Бұл Бұзаубақтың кезекті күлкі болуы еді.Әй, қайран азамат-ай, қор болды-ау...

 

                  ***                          ****                             ***                     

 

         Келесі жылы қазан айында Бұзаубақпен екінші рет кездесудің сәті түсті. Ауылда облыстық кеңеске депутат сайлау тұрғысында тағы да алқалы жиын өтті. Баяғы ауыл әкімі, ұзын бойлы сұрша жігіт жиналысты ашты да,кезекті мәселелерге тоқталды. Тағы да Бүзаубақ сөзге шығып, өз ойын ортаға салды. Өзі бұрынғыдай емес, сыптығырланып, ширығып алыпты. Оның сөзін тыңдай отырып, мен өз құлағыма өзім сенбедім. Құдай-ау, мынау Бұзаубақ па, өзге ме? Кеше қандай еді. Жаңашылдық атаулыны сезінуден ат тонын ала қашып, жайлауға жіберген құры аттай осқырып, үркіп тұрған. Ал, бүгін мүлдем өзгерген, жаңашыл Бұзаубақты көріп отырмын. Уақыт шіркін, бұрынғы күнге қақталып, мейіздей болып қатқан көн терідей немені тезінен талқыға салыпты да,иін қандырып, шүперектей жұмсарта қойыпты. Бұрынғы «коммунист» деген сөзді Елім деген сөз алмастырыпты. Екі сөзінің бірі- елім, қазағым Қазақстаным.

-Әрқайсымыз тынбай еңбек етсек, Қазақстан аз уақыттың ішінде бай да бақытты ел болады,- деп сарнады сабазың,-Айтыңдаршы, біз кімнен кембіз, қай халықтан қормыз. Басқасын былай қойғанда кәріс, жапон,өзге келімсекстерден көп артықпыз. Жер жетеді, байлық көп, мүмкіндік мол. Енді одан өзге бізге не қажет. Сол үшін де біз ащы терімізді шығарып, тартынбай еңбек еткеніміз ләзім. Сонда ғана біз шын мәнінде 2030 жылы Орта Азияның барысына айналамыз.Тіл мәселесі дейсіздер ме, қазақ біткен тек қазақ тілінде ғана сөйлесе бітті, бұл мәселенің де түйіні шешілді дей бер...Дін дейсіздер ме, құран оқиық, мына тұрған Түркістанға баралық, Мекке аттаналық, Қағбаға бас иелік, Бұл мәселенің де кілті өз қолымызда. Көгалдандырудың тетігі де өзімізге байланысты...Халықта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген қанатты қағида бар. Біз осы отырған бәріміз жылына екі- үш түптен көшет отырғызсақ және оны шынайы күтімге алсақ,Қазақстан аз жылдың ішінде жайқалған жасыл желекті елге айналады. Бәрі де өз қолымызда. Тек істей білсек, ұқсата білсек болғаны...

         Жиналыс өзгеше бір қарқынмен көңілді аяқталды.Отырғандар қиялына қанат біткендей болып, залдан желпініп шықты.

         Қайтар жолда жол үсті «Ауди» атты автокөлігімнің бір жері бұзылып, соны жөндеп жатыр едім,арт жағымнан ұзынынан ұзақ шаң ілестіріп, бір жеңіл машина келіп тоқтай қалды.  Көнеріп қалған ақшыл түсті «Молсквич» екен. Есік ашылып, сыртқа шыққан адам көзіме оттай басылды. Бұзаубақ!

-Иә, жігіт көмек керек пе,- деді қасыма келіп.

-Қарап шығуыңызға болады,- дедім мен қуана келісіп.

         Бұзаубақ шамалы ғана тексеріп көрді де, машинаның бұзылған тетігін тауып, жөндеп бере қойды.

-Бұзеке,- дедім енді басқа әңгімеге қарай икемдеп.

-Әу,- деді ол.

-Бірдеме сұрасам ренжімейсіз бе?

-Е, несіне ренжиін, айта бер.

-Айтсам бұрындары жиналыс бола қалса, Ленин, партия деп езеуреп тұрушы едіңіз. Енді мақамыңыз өзгерген бе, қалай?

         Ол жауап берместен бұрын қарқылдап тұрып күліп алды. Күліп біткен соң:

-Ойлап көрші балақай, тірлікте өзгермейтін не нәрсе бар,- деді маған ақсиып күле қараған қалпы,- бәрі де өзгереді.  «Елу жылда ел, жүз жылда қазан жаңа « деген сөз әнзалы рас. Сол өзгерген уақытпен бірге қоғам да, адам да өзгереді.

-Жөн, жөн.

-Аллатағала елімізді енді осы ақ, арайлы жолдан тайдырмаса екен. Тәуелсіздік баянды болғай. Ендігі тілегім осы.

-Иә, ел тілегі де сол.

         Екеуміз елдің алдағы күндеріне Алладан рақым, шапағат тілегендей болып, үнсіз тұрып қалдық...

 

 

 

ҚЫЗЫЛ ҚОЗЫ

                                           

     ...Күн көзі жылып, көк жетілді бітті, шәкірт атаулының аңсайтыны бостандық. Аз күн болса да, алаңсыз ойнап, еркін бой жазар шақты тағатсыздана күтеді де, қалай оқу бітті, ұядан ұшқан балпандай болып, алды- алдына тарап кетеді. Бүкіл ғұмырын мектеп аясында өткізіп жатқан ұстаз атулының да тынысын кеңінен алып, өрісі ұзарар шағы да осы кез.

     Бәзбір жылдары жазғы демалыс күндері үй ішінің отын- суы дегендей тым қажеттілерін түгендеп болған соң, көбіне үй сағалап, ас ішіп, аяқ босатудан аса алмаушы едік. Ендігі заманның репеті бөлек. Тірлік етпесең болмайды. Жатқанға жан жуымайды, жүргенге жөргем ілінеді. Қолың қимылдаса, аузың қимылдайды. Сонымен жаз бойы ақ «Москвичке» анау- мынауды тиеп алып, сауда жасаймыз.

     «Заманына қарай адамы» деген сол. Күн қабағына қарап күй кешеміз.

     Біз келіп тоқтаған киіздері жартылай жаңа, жартылай жамау қоңыр үй Жаңабай деген жігіттің үйі болып шықты. Бойшаң келген, мығым денелі, бетінде аздаған ұшпа сепкілі бар,ойлы пішінді, салмақты сары жігіт екен. Екі жүз қаралы қой сыиятын қораның науасын тазалап, тұз салып жатыпты.

     Бізді қуана қарсы алды. Халімізді сұрап, елдің есендігін біліп, жік- жапар болып жатыр. Жасы мектеп жасына еркін жете қоймаған екі ұлы да, қатар келіп, қаздай тізіліп, сәлемдесу рәсімін жасады. Қасымдағы қаладан демалуға келген әйелімнің немере ағасы – Жүсіп  деген жігіт еді. Үйде істей қояр шаруасы болмаған соң, жер көрсін деп, әдейі ертіп алғам.

     Үйге кірдік. Басы жалаңбас, шашы бұйраланған, өткір қара көзді, ақ құба өңді жас келіншек алтын тістерін көрсетіп, ақсия күліп, сонысымен ізет көрсеткендей болды да, шай қамына кірісті.

     Сәлден соң дастарқан жасалып, шай келді. Ауылда жүргенде қолың бірде жетіп, енді бірде жете бермейтін сүт тағамдары молынан шашылып жатты.

  • Жол соғып, шаршап қалған боларсыздар, шай алыңыздар,- деп ақ құба келіншек қиыла қарап, сөз бастады,- келгендеріңіз қандай жақсы болған. Нақ сіздердің келгендеріңізді күтіп отырғандай күн де ашылып кетті. Оның үстіне келушілар аз болғаннан кейін адам жалғызсырайды екен... Қонақ болып кетіңіздер.
  • Сөйтіңіздер,- деп оның сөзін Жаңабай қоштай түсті,- сол дұрыс. Былтырғыға қарғанда биыл малшы қарасы көбірек. Шайға қанып алған соң, машинамен бір айналап шықсаңыздар, әкелген заттарыңыз өтіп те кетер...

     Шай ішліп бітті. Тысқа шықтық. Шіркін, малшы үйінің берекеті-ай десеңші, таңдайымыз қаймақ татып, маңдайымыз жіпсіп, жырғап қалдық.

     Өзеннің бергі жақ қапталына, сәл қыратқа қоныс тепкен малшы үйінен өзгеше бір жинақылық, ұқыптылық табы байқалады. Есік алдына таяу өскен сары ағашқа жапсарластыра бес- алты бұзау сиятындай шағын шарбақ жасалыпты. Оның арғы жақ бүйірінен он шақты тауыққа арналған кішкентай күркеше орын теуіпті. Айдары күн нұрына шағылысып, жалт- жұлт еткен қызыл қоразды айналақтап, он шақты тауық жем теріп жүр. Әудем жерде, белуардан келетін көк шалғынды жүзіп жүрген  қоралы қой, өзен бойында әнтек мөңіреген жас бұзаулаған тұмса сиыр үні бір қалыпты, сергек, серпінді тірлік нышанын танытқандай еді.

     Серігіміз екеуміз әкелген заттарымызды өткізбек болып, жолға шықтық. Күн батып бара жатқан шақ еді. Шақырайған шілде күнінің саялы, жәйлі кеші қанат жайып келе жатты. Кешкі дүниенің тынысын ашқандай болып, ойнақы, жұмсақ леп баяу ғана лекітіп, нәзік толқиды. Үй маңы қыбырлаған малға толып, қызыуы мол жайлау тірлігінің жанды күйін танытады. Алыстан, әне бір жасыл белестің арғы жағынан әупілдеп үрген ит дауысы естіледі. Өзен бойында, андыздап жайылып жүрген сиыр ішінде өкпесі солықтап, дүниені басына көтеріп, ышқына мөңіреген қара бұқа дауысында қандай да бір жалғыздық, сағымды сағыныш лебі бар. Мана біз көрген өткір қара көзді, жас келіншек –Қапаш болса, қонаққа сойылған тоқтының басын үйтіп, кешкі ас қамында жүр.

     Біз үйдің желке тұсындағы тақиядай төңкерілген жасыл дөңнің үстіне көтерілдік. Жаңабай кісіге жақын, бауырмал, сөзуар жігіт екен. Танысқанымыз әлгіде ғана боса да, көне таныстарын көргендей болып, көсіле сөйлеп отыр.

  • Қалай, саудаларың жүрді ме?.- деп бізді бір шекіп қойды.
  • Шүкір,- дедім мен күле тіл қатып,- Сауда да мына Шалкөденің жауыны секілді. Бірде болады, бірде тұралап, тұрып қалады.
  • Менікі өзгеше қызық тірлік,- деп Жаңабай әңгімені әріден тартқандай болып, толқи сөйледі,- Зады «Еңбек етсең- емерсің» деген сөз тегі рас. Менің көзім соған анық жетті.

     Ол енді тізерлеп, шөкелеп отырғанды қойып, малдас құрып, әңгімеге тіптен пейілдене кірісті.

  • «Әкеден алтау тусаң да, бір жалғыздық бар» деген сөзде  үлкен, ұялы шындық бар,- деп біздің жаңа танысымыз әңгімесін соза түсті,- Ол сөздің де ар жақ, бер жағын шиырлап, қидалап шықтым. Хош, сонымен, қызыл үкімет тарап, балапан басына, тұрымтай тұсына заман туды.

Тәуелсіздік таңы атты. Жаңа өкіметіміздің алғашқы қадамы жаман бомады. А дегеннен елге бересесін молынан беріп жатты. Ақшалай да, заттай да берді. Өзің өлтірмейдінің кебін танытты. Қолымызға көп жылғы еңбегіміз үшін  40-50 ұсақ мал, 2-3 сиыр, 2-3 жылқы тиді. Қажетіңе жарата бер деп жерді де берді. Техниканы да үлестірді. Қойшы, әйтеуірі, беруге тиселінің бәрін берді. Алуын алдық-ау, бірақ көп тұста ұқсата алмадық. Дүниеде сол барды ұқсата алмаған жаман. Сол қисынсыздықтың салдарынан айналдырған екі- үш жылдың ішінде көп адамдар  қолдағы бар малынан айырылып тынды. Сатты, айырбастады, жоғалтты. Екшей айтқанда көп   ел барынан жұрдай болды. Мал қалмады, ақша жоқ. Ала қоятын жер, жанашыр ағайын және жоқ. Басқаны қайдам, біз осындай күйге түстік. Әйелім бұрын балабақшада тәрбиеші еді. Балбақша жабылған соң, қаңырығы түтеп, ол да жұмыссыз қалды. Шиеттей жас бала бар. Енді не істеу керек? Ағайыннан қайыр болмады. Енді не етпек керек деген ой жанымды қоярға жер тапқызбады. Нарық заманы болса, күн санап қыса түскендей еді.

     Бірде жолым түсіп, жоғалған жалғыз сиырды іздей жүріп, Дуанбай дегеннің үйіне бардым. Оған да төрт- бес жылдың жүзі өтті. Мезгіл наурыздың басы еді. Мал төлдеп жатқан кез. Дуанбай үлкен өмір өткелінен өткен адам екен. Армия қатарында қызмет етіпті. Комсомол, партияда да болыпты. Алған орден, медальдары да баршылық. Соған қарағанда жаман болмағаны ғой... Бәрінен бұрын кісілік келбеті келісті жан екен. Дәукең менің діттеген жерімнен табылды. Үйі онша алыс емес, әне, анау жалдың ар жағында, - деп күнбатыс жақтағы қалың арша көмкерген, қарауытқан қапталды нұсқады. 

     Біз де кезінде ол үйге барғанымызды айттық. Жаңабай сөзін жалғай түсті.

  •  Дәукең,- деді жөткірініп қойып,- сол күні мені үйіне қадірлі қонақ етті. Көп сырластық. Ең жақсысы бар жағдайымды толық түсінді. Адамды адамның түсінгені неткен жақсы. Бәрі де сол түсініктестіктен басталады. Ынтымақ деген сол. Ал ынтымақ- ырыстың кілті.
  • Жаңабай  «түсі жылыдан түңілме» деген қазақ. Өзің бір жүзің жылы, инабатты бала екенсің.  Менде бір тілек бар,- деді.
  • Айтыңыз,- дедім.
  • Айтсам былай,- деді Дәукең пейілдене түсіп,- біреуден екеу жақсы. Жалпы, серіктесіп күнелтсек қайтеді,- деді.
  • Сонда қалай?,- дедім мен.

     Дәукең күлді. Күлді де:

-Соны да білмейсің бе, менің үйіме қоңсы қон. Мен саған жұмыс тауып беремін. Еңбегіңді жеу былай тұрсын, өзіңе қылдай қиянытым тимейді,- деді.

-Сонда нетпекпін,- дедім көңілім бір жақсылықты сезіп,- мен не істеуім керек.

- «Қызыл қозы» дегенді білесің бе?,- деді.

-Жоқ,- дедім мен білмейтінімді айтып.

-«Қызыл қозы» деген былай,- деді ол,- Сен екі жүз қарлы қойды алсың да, соның тумаған төліне еңбек етесің. Қысқарта айтқанда былай; екі жүз саулық қойдан маған жүз қырық қозы алып берсең болды, қалғаны сенікі. Басқадай ішім- жем жағынан да қарасып тұрамын. Бірақ бір айтарым, және ең соңғы айтарым сол, адал бол. Ешқашан жалған сөйлеп, біреуді жарға жығушы болма.

- Мақұл,- дедім мен. Өйтпеске шарам да жоқ еді.

Екі күннен кейін қасына көшіп келіп, серіктес болдым. Жә, жаман емес, еңбегім жанды. Сол жылғы төл жаман болмады. Қапаш екеуміз жарықтық шопан атаны көзіміздің қарашығындай күттік. Екі жүз қой екі жүз он қозы тапты. Менің үлесіме жетпіс қозы тиді. Осы жәй қатарынан төрт рет қайталанғанда, қорам қойға толып шыға келді. Ол былай тұрсын, бұзау- тана, құлын- тайдан басталған ірі қара да қаулап өсіп кетті. Аманшылық болса, енді тағы аз шыдап, шетелдік жеңіл көлік сатып алғаннан кейін, менің де «қызыл қозыға» келіспек ойым бар. Сөз басындағы «Бейнет түбі- зейнет» дегенімнің мәнісі сол,- деп Жаңабай сөзін аяқтады. Қалай дейсіздер, бұл тірлік сіздерге де ұнаған болар дегенді пиғылымен білдіріп, жадырап күліп қойды. Сарғыш өңі батар күннің шапағына бөленіп, алаулай түсті.

     Біз серігіміз екеуміз  жаңа танысымыздың сөзіне еріксіз иланып, үнсіз бас шұлғыдық.

     Алыста, ирек- ирек таулардың арғы жақ қойнауын алқызыл арйға шомылдырып, күн батып бара жатты.

 

ҚЫРМЫЗЫ

                                

Ауыл. Түс әлеті болғанын жария етіп, қораз біткен қабаттаса мақам созды. Бұл дырдудан Електің айдары жақұттай жалт –жұлт еткен көк бөрте қоразы да шет қалмаған. Қанатын қағып- қағып жіберіп, өңешін созып, үлкен дүрмекке өз үнін қосты. Ішін тартып, он шақты мекиенге уәж айтқандай болып, қақиланып қойды.

     Елек бос. Елек жұмыссыз. Осы жұмыссыздық-ақ оның қайратын құм, жігерін жүн қылып, жасытып бітті. Тепсе темір үзер жас жігіттің екі қолын қайда қоярын  білмей, там жағалап, жәутеңкөз тіршілік кешкені рас еді. Өз мезетінде үйге татымды табыс, қомақты дүние әкелмесе, еркектің күні не болмақ.  Әйелдің де, баланың да алдында еш парқы болмайды екен. Електің көзі осыған әбден жетті.

     Күні кешелері қандай еді! Колхоздың белді бұғалтерлерінің бірі болатын. Кейін бас бұғалтерлікке де қолы жеткен. Жалы күдірейіп, шермитіп қарын салды.  «Елеке, Елеке» деп елпең қақққан қошеметшіл топтың ортасында тойтаңдай басып, айдарынан жел есті. Жанщыр дос, қауымдасы мол болатын.  Екі күннің бірінде қонаққа шақырушы табылып, ерні жылтырап, мұрты майланып жүретін. Ол күндер енді көрген қызық түс секілді. Өтті де кетті. Дүние өңін өзгертіп, замана басқаша репет танытқандай болған.  Қызыл империяның шаңырағы ортасына түсті. Колхоз тарады. Кеңсе жабылды. Пәлен адам саудырап бос қалған. Сол көп  кәсіпсіздердің бірі – осы Елек.

     Басына бір байлам, жұқалтың қызғылт түсті, шатыраш гүлі бейнеленген капрон орамал салған, әлі де ажары тая қоймаған қоңырқай пішінді, бүйрек бет, қара торы келіншек шай құйып, тайқы маңдайлау келген, жасы отыз бестер шамасындағы жас жігіт сораптап, шай ішіп отыр.

-Елеке, шай алыңыз,- деді кезекті кесені ұсынып жатқан жас келіншек. Дауысы хрусталь шынысындай сыңғырлап, тым нәзік шықты. Сол тым нәзік шыққан дауыстың арғы жағында бір бұқпантайдың да бары шын еді. Елек оны сезбеді емес, сезді. Әйтсе де демі ішінде тұншыққан. Жігіт жалт қарағанда келіншек те оның осы сәтін күткендей күрек тістері ақсиып, жадырай күліп отыр екен.

     Қырмызы тегінде текті келіншек. Үй ішіндегі жайсыздықты түсін бұзып, түлен түрткендей болып, шабынып айтпайды. Өстіп жадырай күліп, құпиялап, күле сөйлеп қана көңіл нысанасын дәл табады. Демек, кәзіргі жымиястың да бір кілтипаны бар болғаны...

  • Бірдеме демексің бе?,- деді жігіт назарын төмен салып.
  • Ұн таусылуға таяу,- деді келіншек жәймен ғана,-осы аптаға жетпейтін де шығар...
  • Қазан аузы жоғары, реті келіп қалар,- деді ері де ештемені елемегенсіп.
  • Шай, май, тұз дейсің бе, соның бәрі сиыр құймышақталып, сарқылып барады,-деді әйелі келесі жоқтықты көлденең тартып,- Әй, құдай-ай, осы жоқтық дегеннен қашан құтылар екенбіз. Өзге ел машина алып, байлыққа малынып, асығы алшысынан түсіп тұр. Біз болсақ түріміз мынау...

     Осыны айтып, үніне діріл аралақандай болып, көңілін жұқалтың, ұшпа мұң қабыздаған жас келіншек жеңіл күрсініп қойып:

-Баяғының ерлері осындай қысылтаң шақ туғанда құмырсқадан қию тауып, жол табады деуші еді. Сендерге не болған? Тапсаңшы соны сүрлеу, жібек белбеу,- деді.

     Енді күрсініс жігіт жаққа ауысқан. Сыр білдіргісі келмеді. Сазбеттеніп, салқын сырбаздықпен шайын сораптай берді. Бұрынғының ерлері осындай тарыққанда төте жолды қалай тапқанын кім білсін. Елек ештеменің ебін таппай басы қатты.  «Әй, жоқтық-ай» деді іштей түйіліп. Сөйтті де, назаланған пішінмен басын шайқап қойды.

  • !Жұт жеті ағайынды» деген әнзалы рас,- деді келіншек,- «жығылғанға жұдырық» деп тоңазытқыштың да бұзылып қалғанын қарашы.
  • Қашаннан бері,- деді Елек қабағын шытып.
  • Кешеден бері,-деді Қырмызы істің мәнін түсіндіріп,-ақ сиырдың сүті еді, аузымызды ағартып, ернімізді жылтыратып тұрған. Енді қайтпекпіз. Күн ысыса ірітіп алып, аймандай болармыз әлі...
  • Онда,- деді есіне тосын жәй түскен жігіт тікелей қарап,- онда ақ сиырдың сүтін сат. Өзімізге күнделікті жететінін алып қалып, қалғанын сат.
  • Иә, тапқан екенсің сатушыны,- деп әйелі іле дау айтты,- Пәленшенің әйелі сүт сатып жүр деген ұят емес пе. Құрысын сатпаймын...
  • Онда пәленшенің күйеуі сүт сатып жүр деген жақсы атақ болса, мен-ақ сатайын,- деді жігіт әдейі қитығып сөйлеп.

     Әйел тігінен кетті.

  • Несі бар, сен секілді жігіттердің бәрі болмаса да, көбі сол кәсіпті нәсіп қып жүр. Керек десе, қамыр илеп, нан сатып жүргендері де бар. Оған не дейсің? Қарай гөр бәлсіне қалуын.
  • Бәлсінген емес,- деді Елек елдесуге шақарғандай болып, емексіи сөйлеп,- Сен әйелсің ғой және мықты әйелсің. Сен сүт сат.
  • Жоқ, сатпаймын сен сат.
  • Ұят ештемесі жоқ, әлі- ақ үйреніп кетесің. Ал, сен дайын сатушысың. Сата берсең де болады.
  • Сатпаймын.
  • Сатасың.

     Ерлі- зайыпты екеуі осылайша ұзақ тәжікелесті. Ақыр, қақпаның сыртына «Сүт сатылады. Бағасы 25 теңге» деп хабарландыру жазып қоюға келісті де, екі жақ өзара ымыраласты.

     Келесі күні Қырмызының ақ сиырды енді сауып бола бергені сол еді, ақ мойнақ кұшік арсалаңдай үріп, қақпаға ұмтылды. Демек, біреулердің келгені ғой.

     Расында ит бекерге үрмеген екен. Қолдарында жылтыратып жуған әйнек банкілері бар екі- үш сүт алушы өзгеше ізет білдіріп, қақпа сыртында сызылып тұр екен. Бәрі де жүз таныс, өз ауылдастары.

-Сүт сатасыздар ма?,- деді жастау кліншек көзі кұлім қағып.

-Иә, иә,- деді Қырмызы да сасқалақтағандай болып,- Тоңазытқыш бұзылып, сонымен сүт іріп кетпесін деп...

- Күнде сатасыздар ма?,- деді жаңағы келіншек суыртпақтай сөз қозғап,- күнде сатқандарыңыз бізге көрім болар еді. Салпақтап көшенің анау шетіне барғанша, сіздерден- ақ ала беретін едік.

-Иә, сөйтетін едік,- деп екінші әйел оның сөзін қостап қойды.

- Ақ сиыр әлі сауылады,- деді Қырмызы асыға сөйлеп,- Келіп тұрғандарың жақсы. Бар болып жаста, ала беріңдер.

     Сөйтті де жаңа ғана сауылған сүтті үшеуіне теңдей қып бөліп, құйып берді. Ақысына 75 теңге алып, адымдай басып, үйге беттеген. Шелек түбіндегі жарты летірге жетпейтін сүтті үстелдің шетіне қоя салып:

  • Елек,- деді дауысы саңқ етіп,- Елек.

     Түпкі үйден ері шықты.

  • Не болып қалды,- деді бәсең үнмен.
  • Сүт өткіздім,- деді әйел баяу басып қасына келген еріне қиыла қарап,- 75 теңге таптым. Бұған бір шай, бір келі тұз келеді. Әне, пайда деген сол.
  • Сата бер,- деді Елек қуанышын жасыра алмай,- мен де қарап тұрмаспын.
  • Соның жөн,- деді әйел көзі жайнаң қағып,-екеулегеніміз жақсы.
  • Мақұл.

     Сүт сату бұлардың басты кәсібіне айналды. Жануар ақ сиыр да бұлардың осы пиғылын сезген сыңайлы. Сөткесіне жаңылмай 6 летірден сүт берді де тұрды.  Оның бір летірі өздерінің таңдайын жібітсе, қалған бес летірі саудаға асып, күніге 125 теңгеге бағаланып жатты. Он күн дегенде жиналған ақша 1225 –ке жетіп, алғашқы жалғыз қорап шай мен тұз бір қап ұн, тағы юасқадай дастарқан мәзіріне айналғанда, Елек бойынан жоқтық атаулы біртіндеп сырғып түсіп бара жатқандай еді.  «Уһ» деп рахаттана дем алған жігіт бойында сүт саудасына деген қызығушылық  бұрынғыдан да арта түскен. Көп ұзамай ақ сиырға тағы екі сиыр қосылды. Сүт саудасы жандана түсті. Ақыры сауын сиыр саны беске жеткенде, Елек айналайын зеңгі бабаның басы байлы бақташысына айналғанын өзі де сезбей қалып еді. Балалар бұзау бақты.

     Сүт саудасы жаз, күз, түгіл қыс айларында да жалғаса берген. Жыл айналмай сүттен жиналған ақшаға жеңіл көлік сатып алған Елек сауда жайын есептей келе енді өздерінен 50 шақырымдай алыста тұратын аудан орталығына да сүт сатуға машықтанып еді. Бұл сауда тіптен оңды болып шықты. Аудан орталығына келген бойда арнайы келіскен адамына әкелген сүтін тегіс өткізіп береді де, даяр ақшаны қалтаға басып, тайып тұрады. Ал, алушы қалай сатады, өз еркі.

     Сүт саудасы жылдан асқанда Елек ауыл орталығындағы көшелердің бірінен арнайы дүңгіршек сатып алып, оған «Қырмызы» деп ат қойды. Әдейі сатушы да белгіленген.

     «Қырмызы» дүңгіршегінен сүт тағамдарының барлық түрін табуға болар еді. Шикі сүттен тартып: май, маңыз, кілегей, қаймақ, ірімшік, қатық, сүзбе, құрт, ежігей, сықпа, малта тәрізді аса іңкәр дүниелер еріксіз көз арбайтын. Кім білсін, байлықтың суалмас алтын бұлағының бір саласы осы зеңгі бабаның баурында бұғып жатқан болар...

 

                                     

АҚБӨРТЕ

                                     

Ауылымыз Сарысу деп аталады. Кәдуілгі ауылдан үлкен, қаладан кіші. Сондықтан ресми түрде қалашық деп атаған қисынды тәрізді. Сарысуда не көп- дүңгіршек көп. Әр көше, әр қиылыста алдыңнан шығады. Ал, көше бойына оқыс өніп шыққан алып саңырауқұлақтай   алқызыл, ашаң көк, күлгін, кейде тіпті аққудың ұлпасындай ақ шаңқан сая шатырлардың астындағы жайма базардағы қытайы, жұқа, үлбіреген қағаздарға ораған кәмпит, қытырлақ нан, тағы басқадай таңсық заттардан көз тұнады. Бұрындары дүңгіршек, жайма базар дегендерге пәлендей мән беріп, онша қызыға қоймаушы едім. Орталық базар, үлкен дүкендерге аял еткенім болмаса, бұл араға онша шырғалай қоймайтынмын. Бәрін де басқа түскен соң біледі екенсің.

         Біздің үй қалашықтың күн батыс жақ шетінде. Сәл ұзап жүрсеңіз алдыңыздан үлкен саздауыт, көк ойырым шығады. Сол шағын ойырымның орта шщенінде қынай буған белдіктің ізіндей жалғыз аяқ сүрлеу бар. Сонымен тағы жүре берсеңіз алдыңыздан орталық базар шығады. Базардың ең шетінде мал, одан кейінгі қатарға сүт тағамдарын сататын ләпкелер орналасқан. Ал, үшінші қатар кіл қанатты құстың еншісіне тиген. Түрлі құс еті, тауық, шөже, жұмыртқа, құс мамығы дейсің бе, бәрін де осы арадан табуға болады. Сол құс базарының ең төменгі жақ шетінде аспан түстес көгілдір түспен боялған, шағындау ғана дүңгіршек тұр.  «Ақбөрте» деп аталады. Әне, біздің маңдайымызға біткен жалғыз дүңгіршегіміз сол.

         Адам деген қызық қой. Жұмыстан қолым босады бітті, сол арға барғым келеді де тұрады. Біреулердің келіп бірдеме сұрағаны, шешемнің түсі жадырай түсіп, ақшыл, сарғылт, бозаң түсті жұмыртқаларды санап, алушының ыдысына сала бастағаны, бәрі де мен үшін қызықты көрінсітер.

         Міне, ауыл сыртындағы баздан келген бойда түскі шайымды асығыс ішіп, тағы да «Ақбөрте» дүңгіршегіне төтелей тартуға асығып тұрмын.

         Оқиға күтпеген тұстан басталған. Өткен жылы наурыз мерекесі өтісімен үйге қаладан жездем Тайлақ келген. Өзі қолының ебі, сөзінің желі бар, біреуді екі ете білетін пысықай жігіт еді.  Оқыған. Қызыл үкімет тұсында тәп- тәуір кеңсе қызметінде болған. Аудандық тұтынушылар мекемесінің бас мамандарының бір еді. Кеңес тарағаннан кейін соның бәрі әдірем қалды.

         Тайлақ ауылда түртінектеп, әр түрлі кәсіп қылды да, істеген ісінің беркеті болмаған соң, артынша қала кеткен. Қаладан жалдамалы іске шатылады. Кәп- кәдімгідей қомақты ақша табады. Онысы бізге еш зиян болмады. Қарасып тұрды.

         Ал, біздің жайіміз онша мәз емес еді. Әкеміз жол апатынан қайтыс болды. Қабырғасы қатып, бұғанасы бекімеген үш- төрт бала шырылдап, жетім қалдық. Анамыздың азғана зейнетақысын талшық етеміз. Түлкі құрсақ, текторы күй кештік.

         Сол Тайлақ соңғы келісінде біздің тірлігімізге үлкен бір, тосын жаңа жол салғандай болған. Жалғыз жездемізден нені аяиық, барымызды аузына тостық. Үйде не көбеймейтін, не азайып, жоғалып кетпейтін төрт- бес тауық бар еді. Өңкей ақ бөрте болатын. Сол төрт- бес тауықтың жұмыртқасы кейде топталып, жиылып та қалатын.  Алғашқы күні жұмыртқа қуырып, келесі күні бір тауықты сойып, ас мәзіретін дәмдей түстік. Кешкі астан соң Тайлақ:

  • Мен сендерге бір нәрсе айтайын, ақылдасатын шаруа бар ,- деді.

Біз жаңа әңгімеге құлақ түріп, елеңдесе қалдық. Қоғадай иіліп, қауымдаса құлақ түрдік.

  • Айтса былай,- деп Тайлақ сөз бастады.

Бойшаң келген, селдір, сұйық шашты, қасқа бас, ақ сары жігіттің  ісі қандай тындырымды болса, сөзі де сондай ширақ еді.

  • Байлық адамның өз қолында, ал соған жетудің сан түрлі жолы бар,- деді ол жұмсақ, қоңыр үнмен,-  бір жұмыртқа неше тұрады?,-деп маған қарады.

     Мен жауап беріп жатырмын.

-Кәзір он, жаз айларында жеті теңгеден тұрады. Қыста тіптен қымбат.

- Бір тауық неше теңге тұрады,- деп жездем сұрағын еселей түсті.

     Менің жауабым дайын.

-Бір тауық жүз елу, кейде тіпті екі жүзден де асып жығылады.

     Жездем сұрақтарын толықтыра түсті.

  • Бір тауық неше шөже шығарады?
  • Оннан он беске дейін шығарады.  Күйі мығым тауықьар  жиырмаға дейін де шөже баса береді.
  • Жалғыз шөженің нарқы қанша?
  • Отыз, отыз бес теңге тұрады.
  • Ендеше, менде мынандай ұсыныс бар. Өйтсек қайтеді, бүйтсеск қайтеді деп, лоблып, емексітудің қажеті жоқ. Құс өсіру шарасын тезінен іске асыруымыз қажет.
  • Айта бер,- деп анам қостап қойды.

     Жезде әңгімесі созыла түсті.

  • Мен сендерді жарықтық қанатты құс ақылы баюдың жолына түсірмекпін.

     Ол қунақы қимылдап, күліп қойды. Біз елеурей түстік.

  • Әуелі,- деді ол енді салқын ойға ауысқандай болып,- Мен сендерге екі жүз, үш жүз тауыққа дейін сатып алуға жететін ақша тастап кетейін. Жеміне, қора жасайтын ағашына, тағы басқадай шығындарының бәріне ақша бөлемін.  Сен,- деп енді маған туралай қарады,- мектеп бітіруге таяп, кәп- кәдімгідей азамат болып қалдың. Осы айтылғандардың бәрін мүлтіксіз орында. Қайткенде де бір жақсы нәтиже шығаратын бол...Әу баста жүз тауық сатып ал да, жақсылап күт. Семірт. Ал, семіріп, етейген тауық тезінен күрік болады. Әр күрік болған тауыққа жекелеп ұя жаса да, он бестен- жиырмаға дейін жұмыртқа бастыр. Ал, аман шыққан шөженің он болса екеуін, он бес болса үшеуін енсінің қасына қалдыр да, қалғандарын алам деуші болса, шетінен сата бер. Бір шөже сатсаң отыз, он шөже сатсаң үш жүз теңге болады. Ал, табысты есептей бер. Жыл айланбай кеткен шығынның орны толып, оның орнына еселеп пайда таппасаң мені ақымақ екен де. Қалай, бәлкім менің ұсынысым сендерге ұнап та қалған болар.
  • Дұрыс, дұрыс,- деді анам қуанған шырай танытып,- біз солай еткенде ғана тар қыспақтан шыға аламыз. Және сөйтеміз.
  • Сөйтеміз,- дедім мен де қарап қалмай,- дұрысы сол.

     Негізгі сөз осымен бітті. Ары қарай қазбаламадық. Шынымды айтсам жалқы сәт болса да, қолым байлықтың құлағына жеткендей болып, өзімді айдындағы азат құстай сезіндім.  Бір уақ айналым теп- тегіс ақ бөрте тауықтарға, шүпірлеген  кіп- кішкентай шөжелерге толып кеткендей еді. Жұмыртқа біткен шөмеле болып, үйіліп жатқандай сезілген. Сандаған қораздың жарыса мақам созғаны, мекиендердің тынымсыз қыт- қытттағаны құлағыма еміс- еміс талып естілгендей болған...

     Ақыры солай болды. А дегенде сатып алған жүз тауықтың  алды көп кешікпей күрік болып, жұмыртқа басты да, өзгелерінің жұмыртқасы кейінірек сатылмақ болып, жинала берді, жинала берді...

     Осы тірлік қатарынан алты айға ұласқанда, жілігімізге май жүгіріп, жондана түскендей едік. Жарықтық байлық, ен қазына босағадан бас сұғып, төс табандап, төрге қарай жақындай түскендей болған.

     Тайлақтың дегені айнымай келді. Тауықтар әулеті жыл айналу былай тұрсын, со жылдың қара суығына дейін өз шығынын өтеп, артық табыс таба бастаған. Қыс бойы тауықтың қорамын молайтып, санын еселей бердік. Бір байқағанымыз, мұның өзі жемін үзбей беріп, таңдайына жылы су тамызып тұрса, жылдың қай мезгілі болмасын азбайтын неме екен.

     Қар кетіп, күн жылып, көктем шықты. Біздің құс саудамыз жалғаса түскен. Тауықтан тартып, шөже, жұмыртқа дейсің бе, бәрін шетінен сата бердік. Алушы нені қалайды, саудалай бердік.

     Әбден жер қарайып, ел аяғы кеңігенде Тайлақтың ақылы бойынша ауыл сыртына тауық баз жасадық. Екі- үш жұмыскер жалдадық. Ең маңыздысы орталық  базарға  дүңгіршек орнатып, шағын сауда нұқатын аштық. Дүңгіршекке «Ақбөрте» деп ат қойдық. Сатушысы кәзірге өзіміз. Ал, дүңгіршекте тауық еті, шөже, құс мамығы дейсің бе, бәрі бар.

     Міне, мен базар ішіне де келіп жеттім. Базар толы адам ары да бері сапырылысып, тіршіліктің тай қазаны буы аспанға шығып, сақырлап қайнап жытқан тәізді.Төмен қарай жөңкілген жұртпен бірге мен де қабаттасып, қанаттасып ілесіп келемін. Бір қызығы осы еңістеп, төмендеп бара жатқан жұрттың бәрі «Ақбөрте» дүңгіршегіне баратын секілді. Қызық!                                                    

 

 

 

АЛМАЛЫ САЙ

 

Жаңа заманның жарығы молайып, сәулесі алысқа түскен сайын ел жағдайы да күрт жақсара түскен. Сан салалы тірлік бір бағытқа бет алып, жаппай өрлеу жолына ығсып еді. Мақсат айқын, барар жер белгілі. Ел сауатты, елдің көзі ашық, ел бойында үлкен саналылықпен қоса, зор сілкініс те бар. Замана рухымен сусындаған ел енді кешегі өксікті тірлік, өтпелі дәуірді артқа тастап, өркениетке қадам басқан. Елбасының әр жылғы жолдауы сайын сахараны дәуірдің даңғыл жол, әлемдік көк жиегіне шақырғандай болған.

   Жаңа заман жетілген сайын оның заңдары да жаңғырып, тірлігі де түлей түскен. Енді басқа жаңарумен қатар елді жаппай көкалдандыру науқаны да кең қанат жайған. Көкалдандыру науқанының жер-жерлерде қалай іске асқанын білу мақсатында облыс, аудан орталықтарынан ел елге уәкілдер шықты.

   Облыстан келген екі, ауданнан бір өкілді ертіп, біз де жолға шыққан едік. Облыстан келгеннің бірі орыс, екіншісі қазақ әйелі. Орысының аты-жөні Зинаида Максимова, ал қазағынікі-Раушан Қапарқызы. Екеуі де облыстық аурухананың басты қызыметкерлері көрінеді. Арнайы әзірлеген баяндамалары бар. Елге соны оқымақ. Ауданнан келген уәкіл де дәрігер. Жанар Бижанова деген жап-жас маман. Жол бастаушысы менмін-аудандық мәслихаттың бас маманымын.

   Екі-үш ауылды адақтап шықтық. Бәрі де үкімет үндеуіне үн қосқандай болып,тізгін ұшында құлшынып тұр. Соның нәтижесі болар, бұрын айтақырланып жатқан жерлерге ентелей көк шыбықтар бой түзепті. Көше бойы, ауыл маңы, егіс алқаптарының жиегіне отырғызылған жас шыбықтар бұтақшасына қонған торғай салмағына билегендей болып,назданып, бұлаң қағады.

   «Екпінді» ауылына келдік. Бойшаң келген, жұқалтың, ақ құба жігіт күлімдеп қарсы алды. Осы ауылдың әкімі-Қасен деген жігіт екен. Арнайы даярланған үйде ақ сарбас қойдың басына бата жасап, ас іштік. Біздің неге келгеніміз белгілі. Сондықтан ол жағын онша қазбалай қоймадық. Бірден iске кірістік. Әкімшіліктің ауылды көкалдандыру жәйлі жасаған жоспар, картасымен танысып, пікір білдірдік.Жоспар бар, енді осының іске асуы қалай екен?

  Көше бойы, ауыл маңын аралай бастадық.

— Бізді тек мал соңында қалғандар деп ойлап қалмаңыздар,-деді әкім күле сөйлеп, - бізде кәнігі бағбан да бар.

   Біз елең ете қалдық.

-Ол бағбаныңыз қайда?

-Көрсеткеніңіз жөн болар еді.

-Айтқаннан көрген деген әлде қайда артық қой. Бұл дегеніңіз істің орындалғаны.

-Жарайды, мен сіздерді Әліштің бағына ертіп барайын.

   Жеңіл машина лып ете түсті...Әліштің бағына да келдік.Үйі ауылдың бас жағында, көшенің щетінде екен. Анадайдан жасыл бақ жарқ еткендей болып, өзінің бөлекше сәнімен көз қызықтырады.

   Әліш деген ұзын бойлы, қушық иықтау, өңінен күлкі табы сезіліп тұратын, тышқан көздеу, сыптығырланған қара торы жігіт екен.

   Жағалай амандатық.

-Үйге кіріңіздер, ас әзір,-деді.

  Біз рақыметімізді айттық. Бақты көргіміз келетінін ескерттік.

   Біз баққа беттедік. Бақтың ұзындығы үш жүз, ені екі жүз аршындай екен. Кәдімгідей жерді алып, жалпиып жатыр.

- Бұл менің өзіме тиселі жер,- деп Әліш сөзге араласты,- бұрындары осы жерге әр түрлі көкөніс,жоңышқа салатынмын. Күтімдегі жер ғой, не салсаң да өнімге қарық боласың.

- Ал неге тұтас ағаш ектіңіз,- деген сұрағымызға ол:

-Елбасының қаулысы шықты. Жерді көкалдандыру керек болды. Осы ауылда бүтін жер түгіл, арықтың жиегіне жалғыз түп ағаш шаншымайтындар да бар. Ой, нелер найасаптар бар ғой. Бірде ойымды әкімге айттым.Ол жөн көрді, қуанып кетті. Сонымен әлгі ит бас, сиыр аяқ, кер жалқауларға үлгі болсын деп, осы араны тегіс бақ жасадым.

-Жарайды, игілікті іс тындырған екенсіз,-деп қасымдағы әйелдер де оны мақтап қойды. Әйел лебізінен сезілген ризашылық табы еңбеккер жанды арқасынан қағып, маңдайынан сипағандай еді.

   Ең ғажабы баққа еш жеміс ағашы отырғызылмапты. Кіл тауда өсетін    сұлу да сұңғыла ағаштар тігіліпті. Бұның мәнісін сұрағанымызда бағбан мынаны айтты.

-Әдейі осындай әрекетке бардым. Бақ болғаннан кейін ол ерекше болуы керек қой. Бұл ойымды да ауыл әкіміне айттым. Ол құп көріп, қуанып кетті. Қол ұшын берді, көмегін аямады. Сөйтіп, осы тауда нендей ағаш өседі, соның ең керектілерін осында тасып, бөлек-бөлек етіп, тақталап отырғызып шықтым. Бәрі өсті, ал көріңдер...

   Біз щетенді жүлгені көріп біткен соң, ырғайлы қатарды қызықтадық. Одан төмен тобылғы, сары ағаш, ирен, ұшқат көшеттері отырғызылыпты. Онша биік емес, жатағандау болып өсетін ұрғашы арша, долана,бозқарағандар да кел дегендей болып, әнтек көз қызықтырады. Бақтың төменгі тұсынан ықшам балашықтарға орын беріліпті.

   Біз осының бәрін асықпай көріп шықтық. Қызықтадық. Көңілімізді рақат сезімі билеп, жүзімізде шаттық шұғыласы балқыды.

-Бұл Әліштің кіші бағы, - деді әкім бәзге қулана қарап.

   Біз тағы елеуресе қалдық.

-Ал, үлкен бағы қайда?

- Көргілеріңіз келе ме?

-Әлбетте, жақсыны көрмекке деген.

-Айда кеттік.

-Кеттік.

   Жалқы сағатқа жуық жол жүріп, Сұңқар тауының етегіне де келіп жеттік. Кереге тастың етегі жайылған жазық екен. Аумағы ат шаптырымдай. Далиып жатыр.Тек қана алма ағашы тігіліпті. Бір кереметі осынша жер қоралана тегіс қоршалыпты.

-Міне, Әліштің бағы осы.

  Әкімнің жүзінен мақтаныш сезімі білініп тұрды.

-Бұл өзі әу баста ойластырылған шаруа,- деді Әліш күле сөйлеп,- А дегенде бұл ойымды да әкімге айттым. Ол тағы құптап шыға келді. Сонымен осы араға түгелге жуық алма өсірдім.

-Ауылдан шалғай емес па,-дедік біз.

-Алыс емес,-деді бағбан,-ауылдан арасы тура жиырма шақырымдай болып қалар.

-Ал, бұл тәуекелге қалай бардыңыз?

-Әуелі ойлап, ғылыми негізде жүйелеп, зерттап шықтым. Болатын секілді. Ауыл әкімі тезінен қолдап шыға келді. Бақтың тау жақ тұсына екі жүз метрдей темір науа орнатылды. Ең қиыны сол еді, әкімнің жақсылығының арқасында ол да бітті. Одан соң алма көшетін тігуге кірістік.

   Біз алмалы бақты аралап келеміз, бағбан сөйлеп келеді.

-Үкіметтен пәлен мың теңге несие алдым. Соның бәріне дерлік алма ағашының көшетін сатып алдым.Тіктік. Өсті.

-Бұл ара бақ болғалы неше жылдан асты?

Биыл алтыншы жылға ауып барады. Еккеннен кейін екі-үш жылдан соң ұрланып, жеміс бере бастады. Алғашында өнім аз болды. Төртінщі, әсіресе, бесінші жылы төкті дейсің. Биыл еліміз тәуелсіздік алғанына аттай жиырма бес жыл толады. Бұл дегеніңіз үлкен дүрмек, ұлы той. Бұл алмалы бақ менің сол тәуелсіздіктің ширек ғасырлық торқалы тойына тартқан тартуым деп білемін. Шіркін-ай, әрбір Алаш азаматы тәуелсіздік тойына қолынан келгенше, ең болмаса мысқылдай үлес қосса, хан қазынамыз тіптен қалыңдай түсер еді...Алмалы бақтың қызығын а дегенде ауыл көреді. Одан ары жылжытамыз...

-Ал, саудалау жағы қалай?

-Қаладан бір фирмамен келісім-шарт жасастым. Айтқан кезінде өздері келіп, алып кетеді.Үлкен, қорапты машиналарға тиелген алма тура зауыттың көмейіне құйылатын көрінеді.

-Пайда жағы қалай?

-Бар...

  Кенет бағбан қойнындағы қалта телефон шыралдап қоя берді. Әліш сөзге кірісті...

-Жарықтық алма дегеніңіз жақсы ғой,-деді Әліш қалта телефонмен сөйлесіп біткеннен кейін жадырай тіл қатып,-өзімде бала кезден алманы жақсы көруші едім. Алма бейіштің жемісі ғой. Ол жағын білетін боларсыз,-деді енді бізге ой тастай сөйлеп.

-Иә, иә, білеміз, — дедік біз.

-Алма жеміс атаулының басы,-деді ол өз сезіміне беріліп,тебірене сөйлеп,-Жер бетіндегі ең алғашқы жеміс осы. Адам Ата мен Хауа ана бейіштен қуылады. Қанатты періштелер оларды осы күнгі Үнді жеріне әкеліп тастапты.Үнді жерінің кей тұстарының бейішке ұқсайтыны содан болса керек. Екеуі аш та болғанға ұқсайды.Түрлі қиыншылықтарға да кезігіпті. Әсілі, жеміс атаулы Адам Ата мен Хауа анаға ілесіп, жерге келген ғой...Тегінде жеміс пен гүл атаулының бәрі бейіштікі. Ең әуелі мәуелеп, алма өсіп шығыпты. Адам Ата мен Хауа ананың алғаш қол созып, үзіп жеген жемісі осы алма екен. Қып-қызыл, топ-толық,   дәмді  алмалар қос жұбайдың өзегіне өмір сыйлапты. Қалған жемістер сонан кейін өскен түрі бар...

-Мына алма бағы да сол Үнді бағынан еш кем емес,-дедім мен  бағбан тіршілігіне шын сүйсінгенімді жасыра алмай,- әркімнің туған жері өзіне Мысыр шаһары.

   Менің сөзімді серіктерім де қолдап, қуаттап қойды.

-Сіздің мына бағыңызды осы аймақтың Үнді бағы деп атаса да болады.

-Үнділіктерден біздің қай жеріміз кем.

-Мына баққа келіп, мына алмаларды жеп көрсе, үнділіктер де біздің кім екенімізді білер еді...

   Жадырай күлісіп алдық.

   Көз алдымызға көк аспан, аяқтары салбырап, үнді жеріне түсіп келе жатқан Адам Ата мен Хауа ана елестеді. Қып-қызыл алмалары батар күннің қып-қызыл шапағына шомылған, қызғылт арайлы Үнді жері елес беріп өтті. Көз алдымызға алма елестеген сайын таңдайымызға оның тәтті дәмі анық сезілгендей еді.

   Шіркін, тірлік неткен тәтті еді...

                                      УЫЗ ДӘМІ

                                    

     «Дүние  көл, заман соққан жел» деген Абай данышпан ғой. Өз мезеті жеткенде дәуір желі ышқынып тұрып соғып еді, дүниенің асты үстіне түскендей болды. Тау теңселіп, теңіз шайқалды. Қызыл байрақты желкендер аударылып, тып- тыныш айдында толқындар тулады. Кешегі қызыл қоғамның құрсауында айрандай ұйыған әлемнің әп- сәтте ту- талақайы шықты. Бәрі өзгерді. Бұрындары бригада- бригадаға бөлініп, жылына пәлен күн еңбек ететін едік. Жұмыстан қалмай, тынбай тырбынатынбыз. Енді соның бәрі көз алдыңда көрген түстей, елеске айналды.

     Кеңес үкіметі доңыз пішінді, өгей әке сипатты болса, біз сол үйден бөлініп шыққан жас отау секілдіміз. Және ең жаманы еш лыпасы жоқ, панасыз, жұтаң жанұядай едік.

     Ауылда жұмыс жоқ. Бос қалдық. Бөліске түскен аздаған малды азық- түлікке, киім- кешекке айырбастап біткен соң, екі қолымызды мұрнымызға тығып, отырып қалдық. Түрлі жетіспеушілік, жоқтық белең алды. Дастарқан қағылған, қазан түбі тықырлаған күндер де болды. Бірақ пәлендей өзегіміз талып, өңіміщз кетіп, тарыға қоймадық.

     Сол жылы әупірімдеп, қысты шығардық та, көктем туа жұрт жаңаламаққа бекіндік. Алайда қайда көшеріміз, суды қайдан ішеріміз белгісіз еді. Мықты, әлді деген ағайын- туыс, жекжаттарды түгендеп шықтық. Анасының өзі жаман, мынасының көзі жаман. Қойшы, әйтеуірі, сырғанақтай- сырғанақтай келіп, Өтебайға тоқтадық. Ауылдасымыз, әрі менің  күйеуім Кенжетайдың нағашы ағасы. Даңғырлап сөйлеп қалған, ақ көңіл, ашық жігіт еді. Әйелі Бибі де өзі секілді, қақ- соқтысы жоқ, иі жұмсақ жан. Осыдан біраз жал бұрын қала көшіп кеткен. Кәзір өзінше өріс ашып, қоңданып алған көрінеді. Қала сыртында жеке шаруашылығы бар, мал бағып, құс өсіреді екен дегенді де еститінбіз. Соған бармаққа бекіндік. Кенжетай жеке барып, сөйлескен екен, жөн көріпті. Бір аптаға жеткізбей, машина жіберіп, көшіріп те алды.

     Кенжетай гектаршы болды. Ертелетіп кетеді, кештетіп келеді.Үй мен егістік арасында сабылады да жүреді. Мен тағы жұмыссыз қалдым. Үйдемін.

     Бір күні Өтебай келіп:

  • Күміс, сен осында жұмыс істеймін деп келдің. Мен саған бір іс тауып берсем қайтеді,- деді.

     Мен қуанып кеттім.

  • Мақұл істейін.

     Ол аз ойланып тұрып, сөзін күлгендей қып, күмілжіп айтты.

-Қой бағу керек қой.

     Мен тағы да қуанған қалпымды қайталадым.

-Несі бар бағам, қой дегенің бейіштің малы ғой. Әкем қойшы болған...

-Келістік.

     Екі күн өткен соң қаладан келсем, есіктің алдында, қора маңында біреулер қараңдап жүр. Ішінде Өтебай да бар. Мен қақпаны жауып, үйге таяғанымда Өтебай:

  • Күміс, сүйінші, қойың келді, - деді.

Мен:

  • Рақмет, Өтеке, бағам дедім ғой, бағам, - дедім.

       Үйге кірмей жүгіріп, қораға барсам, екі құлағы салпиып, ұсқыны кетіп бірдеме тұр. Селк еткендей болып, тіксініп қалдым. Түстеп қарасам. Шошқа! Жануар тегі мына жарық жалғанға, өзін осында әкелген адам атаулыға тіптен өкпелі тәрізді. Бар дүниені талақ еткендей қып, іші солықтап, қорс- қорс етеді. Басын төмен салып, жұрттан жүзін көлегейлеп, ағаш шарбақтың бұрыш- бұрышын сағалайды. Ішкі наразылығын сырт пошымымен айтып, дөң айбат танытады.

Біреу төбемнен қойып жібергендей сілейіп тұрып қалыппын. Көз алдым ымыр – шымыр болып, тұла бойым мұздап кетті.

  • Міне, замана қойы деген осы, ал енді керек болса, бақ, - деді Өтебай,- Бұны мегежін шошқа дейді. Өзі қысыр, өзі жас. Мал тілімен айтқанда құнажыннан дөнежін шығар кезі болса керек. Бабын тауып бақсаң, екі жүз келеден астам ет береді. Бұл дегеніңіз 270 -280 мың теңге. Қазірше осыны баға тұр. Қалғанын көре жатармыз.

       Мен үнсіз бас изедім.

-      Айтпақшы, осы аптаға жететін жемі бар, - деді Өтебай, - қалғанын өз мезетінде тағы жеткізіп берермін.

       Мен тағы үнсіз бас изедім.

  • Ақшасы да аз емес. Айына отыз бес мың теңгеге аласың.

  Маған бұл жолы да тағы үнсіз бас изеуге тура келді.

  • Тағы да бір сөз, - деді кетіп бара жатып.
  • Иә, тағы нендей сөзі бар?
  • Бұған ат қойып алсаңдар да болады.
  • Ат?
  • Иә, кәдімгідей еркелетіп, есім қоюға әбден болады.

Мен күліп жібердім.

  • Бұларға не деп ат қоюшы еді?
  • Кез – келген ат жарасады. Ойлан да бірін қоя бер.
  • Қызық екен.
  • Иә, қызық.
  • Шетелдік ат қойсақ қайтеді?
  • Ләпбай, тақсыр, құп келеді бәрі де...

  Бұл бір күтпеген жәй болды. Өзімізше ренжіскендей де болдық. Бірімізді- біріміз мінеп, күстәналаған тұстарымыз да болды. Бұл пәлені бағуға келіскен мен емес сен, сен емес мен мен, сен деп айтысып та қаламыз.

  Бөгде малымызға басымызды көп қатырмай, шошқа атына үйлестіріп, «Шүкетай» деп ат қойып алдық.

            Айналып келгенде «Шүкетайды» күтімге алдық. Басқа амалымыз да жоқ еді.  «Шүкетай» тым жалмаңқай, обыр. Тойымсыз неме, жалмаудан еш жалықпайтын. Аузын салпылдатып, жей береді, жей береді. Азығы уақтысында берілмей, аштық табы білінсе, қорс- қорс етіп, айналаға айбат шегетіні де бар. Бір қызығы «Шүкетай» менің жеке меншік малым іспетті еді. Жемін, суын тек мен ғана бермін. Күтімге алатын да жалғыз өзім. Менен басқасы ат- тонын алып қашады. «Науасына жем төге салшы, ыдысына су құя салшы» десең, табанда сылтау тауып, сытылып шыға келеді.   Ілуде болмаса, Кенжетай да маңына жоламайды. Тағы мен жүгірем...

  «Шүкетай» үрмегені болмаса, иттің де орнын жоқтатпайтын. Жуынды- шайынды, астың қалдығы, қатқан нан, қажалған сүйек- бәрі соның асы. Аузын салпылдатып жей береді.

  Екі айдан соң Өтебай келіп:

-Жануар кәдімгідей семіріпті. Ертең соямыз,- деді.

  Қуаныш сезімі жүрегімді шым еткізді.

-Сөйтші айналайын,- деп жалындым,- сөйте қойшы, семірсе, семірген де шығар...

  Шынын айтсам, семірген, не болмаса семірмегенін де ажыратқан емеспін. Келгенде үрген  қарындай, доп- домалақ еді. Әлі сол қалпы. Тұлыптай болып, дөңгеленіп тұр.  Мал секілді сауырын басып, төсін сипап көрмеген соң, оның қоңайғанын қалай пайымдайсың. Қай жерін таяқпен түртіп көрсең  де былқ- былқ, бүлк- бүлк.

  Ертеңгі шайдан соң, Өтебаймен бірге екі орыс келді. Сол айналайын екі орыс бәрін өздері істеді. Әуелі дәу балғамен тұмсықтан ұрып, сұлатып салды. Терісін сабындап жуып, артынша қылтанын қалдырмай үйітті. Ішкі дүниесін ақтарып тастаған соң, етін қиялап шауып, сатуға әзірледі. Хабарлаған мезетте алушылар келді де, ас ішер мезгілге жеткізбей, талап әкетті. Басы, ішек- қарны, өкпе- бауырына дейін тегіс өтті. Шикі ет қалмады. Құтылдық-ау, әйтеуірі...

            Кешеден бері аспан асты  бұзылып, түнеріп тұр еді. Енді сілбелеп, жауа бастады. Тотияиын реуішті көк аспан бұлт- орамалмен жүзін  сүртіп, өксіп- өксіп жылап жатқан секілді. Жауын көп жауды. «Шүкетай» тұрған ашық қораны, ол жем жеген темір науа, ыдыс атаулыны түгел жуып, тазартып жатқандай еді. Кірбің шалған көңілдің кіріндей болып, қара ботана су сарқырап ақты.

            «Шүкетайдан» құтылып, арқамнан азапты, ауыр жүк түскендей болып, сергіп, жеңілейіп қалдым.

            «Шүкетайдан» түскен ақшаға сол күні базардан қой сатып алдық. Жеті нан салып, молда шақырып, құран оқыттық. Ел Тәуелсідігінің 25 жылдығына тәу еттік. Тәңіріден көк туымыздың көк аспанға еркелеп, мәңгілік бұлықсып, толқын тұруын тіледік. Босағамызға өзіміз тағатсыздана күткен тосын береке, ырыс дарығандай болған.

  Кенет көңілім босап, жылағым келді. Есіме ақ көбелек бейнелі балалық шағым түсті. Көз алдыма өзім қой қайырған жап- жасыл жайлау, түтіні көкке шұбатылған ақ шаңқан киіз үйлер елес берді. Таңдайыма уыз дәмі келді. Шіркін, ақ көбіктеніп, жаңа туған қозының езуінен аққан сап- сары, қоп- қою, алтын түсті  уыз неткен дәмді еді.

  Мен жылап тұр едім... 

 

 

 

                                            АЙТ КҮНДЕРІ

        

         Мұқым мұсылман елі сағына күткендей болған айт күндері де келіп жетіп еді. Отыз күн оразасын оңынан ұстап, бір парыздан құтылған мұсылмандар арқасынан ауыр жүк түскендей болып, сергіп, жеңілденіп қалып еді. Биыл олраза ұстамаған адам некен саяқ. Тіпті бүкіл ауыл ораза ұст ады десе де болады. Отыз күн ауыл аспаны да ақша бұлтын ауық- ауық көлегейлеп,сіркелеп жауын жауғаны болмаса, көбіне риясыз пейіл танытып, алып шар айнадай мөлдіреп тұрды. Отыз күн бойы үй маңы, көше бойындағы ағаш атаулы да иесімен бірге ораза ұстағандай болып, мүләйімсіп, үнсіз мүлги қалыпты.

         Айт намазына ел бөлекше көп жиналды.

-Айт құтты болсын.

-Аййттарың мерек болсын.

- Жарықтық ақ пайғамбардан қалған мирас қой, арты қайырлы болсын.

-Игілігін ел көрсін.

-Жақсылығы ұзағынан болсын...

         Осындай сөздермен ауыл іші араның  ұясындай гу-гу етеді.Көк аспан да өзінің адамдарға деген ризашылығына алтын шуағын шашқандай болып, күлім қағады. Ағаш біткен аялай соққан самал желге қойнын ашып, өзінің нәзік тілімен иман айтқандай, сыбдыр қағады.

         Ауыл абыр- сабыр. Ауыл піскен нанның, тұшыған майдың иісіне елтіп, өзгеше бір рақат күйге бөленген. Жұрттың бәрі көшеге шығып еткен. Жарқырап сүртілген терезе, айқара ашылған есіктер тосын бір жақсылық,толассыз қонақ күткендей болып, иба сақтай қалыпты.

         Осы күнді тағатсыздана күткендердің бірі- Жапал еді. ОРта бойлы, домаланған ақ сары жігіт.  Мінезі түтілген жүндей үяң, биязы. Бүкіл болмысы, көзқарасына өзгеше сыпайылық, ізет инабаттылық ұялағандай дегдар жан еді. Не нәрсеге қуанса да, қамықса да айтары бір ғана сөз. «Ой, құдайым-ай. Намаз оқуда кінарат жіберсе де «Ой, құдайым-ай». Дәрет алуда шалалық жіберсе де айтатыны сол. Құран сүрелерін жаттай алмай қиналған сәттерде бұл гөй- гөй тіптен  жиілеп кетеді. «Неге болмасын, бала кезден төселіп алу ккерек екен ғой. Кәртейгенде бәрі бекер. Құр босқа жан қинау, тосын азап» деп кейиді.

         Жапал бүгін күндегісінен ерте тұрды. Дәретін бабына келтіріп тұрып алды, намазын да  келістіріп оқыды. Құран кітабын тауып алып, ораза, айт намазы туралы жазылған жерлерін әлденеше қайталап, оқып шықты. КЕше ғана қырынса да, сақал- мұртын жаңалап басып шықты. Мұнтаздай таза, жып- жылмағай жігіт енді баппен киіне бастаған. Баппен киінбесіне еш ләжі жоқ, өйткені ол дегеніңіз аядай ауылдың алақанына салған мәзәмі ғой. Ал, мәзімнің орны қашан да бөлек.

         Өзі айтуға тиселі діни қағидалардың бәрін асықпай пысықтап шыққан Жапал енді үлкен мешітке қарй аршындай қадам басып еді...

         Жапал көшеде көсіле қадам басты. Ал, бұрын қандай еді...

         Қос аптаның ішінде «Фәтиха» мен «Ықылас» сүресін зорға танып шықты. Осыдан кейін Жапалдың дінге деген сенімі қанаттанып қалғандай еді. Екі сүре бейне қос қанат, қос желкендей сезілген. Бойына күш, ойына қуат берген. Айтып- айтпай не керек, молдалық ол үшін тым қиынға соқты. Әрең- әрең дегенде құран қағидаларына қолы ілікті.

         Құран оқып, оның сүрелерін жатқа білгенімен, оның іс жүзінде орындалуы да көп мехнат әкелгендей болған. Әсіресе, ел алдында аят оқу а дегенде тіптен ауыр сезілген. Қысылды, ұялды, үні жетімсіреп, құмығып шықты, іштей арпалысқа түсті. Былайша ешкім жоқ жерде бәрі де оңай секілді. Ал, ел алдында...

         Енді соның бәрі де артта қалған.

           Айт намазы оқылып біткеннен кейін бас имам елге салауат айтты. Өз кезегінде Жапал да қарап қалмады. Құран қағидаларының өзі терең білетін тұстарын тілге тиек етіп, толқи сөйлеп кетті...

         Намаздан соң жұрт топ- топ болып, көше аралады.

-Айт өқұтты болсын.

-Берекесі бірге болсын.

-Айбынды елімізді қасиетті құранның шапағаты шалсын.

-Алланың көзі түссін деңіз.

         Топ адамның қолпаштаумен Жапал да үйге кірген. Өз үйі. Ұзынынан ұзақ созылған дастарқан неше түрлі дәмнен көрінбейді. Осы өңірде нендей жеңсік ас болса, соның бәрі бар. Шымқай қызғылт түсті, әшекейлі әйнек ыдыстарға салынған алмалар жанарыңды жасқайды. Қыс аяғында дастарқанға сән берген сәл бозаң, көкшіл алма, басқадай жеңсік астар осы ауылға жіберген Алланың сыйы секілді. Дастарқанның нақ ортасына бүтін піскен семіз қойдың еті қойылыпты. Жапал аят оқыды. Жиылғандар қызу әңгімеге кірісті. Нені болмасын бүкпесіз, ашық айтатын Зәйкүл Жапалға қулана тіл қатты.

  • Жапал, сен әлі ескіліктен арылмапсың,- деді.

Жиылған жұрт елеуресіп, қарй қалған.

- Ол не дегенің,- деді ештеменің байыбына бара алмаған Жапал.

- Сен өзің жартыоай молда, жартылай коммунист екеенсің,- деп тағы ілді.

-Е, қойшы,- деп бұлқынды мәзім.

-Мына жақта айт наны, құран, береке, ал ана жақта шкаф сөресінде тізілген кіл қызыл дөкейлердің кітабы.

- Қызыл дөкейі несі,- деді біреу таңданып.

- Қызыл дөкей дегені кешегі қызыл коммунистер,- деді Зәйкүл таңдайы тақылджап,- қараңдаршы ана бөлмедегі сөреген. Қызыл көсемдердің кітабынан көз тұнады.

         Жапал жағдайды түсіне қойған. Түсінді де, кінәсін мойнына алғандай болып, көзін төмен салды.

         Жапал кешегі қызыл қоғам тұсында бірнеше жыл колхоз бастығының орынбасары, мал шаруашылығы бойынша бас маман болып істеп еді. Бұл сол кезден қалған қара табан пролетариат көсемсымақтарының қалың- қалың кітабы еді. Басқасын былай қойғанда Лениннің 55 том кітабының өзі бүкіл шкафтың тең жартысын алып, сіресіп тұратын.

-Мен,- деді Жапал ақтал сөйлеп,- бұл кітаптардың бірде біреуін оқыған емеспін. Әншейін сырт көз үшін ғана ғой...

-Онда неге тізіп қойып, бетіне қарап, телміріп отырсың,- деді Зәйкүл.

-Иә, құрту керек,- деді Жапал тосын шешімгне келіп.

-Қашан?

-Тап кәзір көздеріңше құртамын. Келіңдер одан да сол құрту ісіне кіріселік.

-Сөйтелік,- деді отырғандар.

-Иә, иә, сол дұрыс.

-Тып- типыл еткен жөн.

- Құртуға асықпа,- деді Зәйкүл көзі күлмеңдеп,- әуелі құртардың алдында жаназасын шығарған жөн болар.

-Сөйтелік.

-Сөйткен жөн.

- Ой, құрысын,- деп күлді Жапал,- бұларға сөз шығындап қайтеміз. Бұларға дұға жүрмейді. Бұл дінсіз қоғамның қасиетсіз мүлкі.

-Онда теріс бата берелік.

         Жиылғандар ду күлді. Айттаушылар тобы ендігі сәтте тезінен қызыл коммунистер кітабын құрьтуға кірісіп еді. Қызыл кітаптар қапқа салынып, аузы буылып, тысқа шығып жатты. Бұл көрініс бейне асылып өлуге бел  буған жанның қызыл арқанға асыққанымен бірдей еді. Қызыл көсемдер кітабынан құтылып, шаңы сүртіліп, әбден тазарған шкаф бітеу жарасы жарылып, соқтасы сыртқа шаққан жараның орнындай болып, жеіңлденіп қалған. Артынша шкаф іші түгелімен діни кітаптарға тиді.

         Айттаушылар ендігі сәтте тобын жазбаған қалпы тұтасымен көшеге шығып кеткен. Құттықтау жалғасып жатты.

-Айт сәнді, тірлік мәнді болсын.

-Айт тілегі қабыл болсын...

         Анау бір жылджары айт мерекесі туралы сөз ауыл ішінде еміс- еміс қана естілетін. Санаулы ғана үйлер нан пісіріп, Алласын аузына алатын.

Айттаушылар қорамы да аз болатын. Көп есіктер ішінен тістене қатты жабылып, мешіт маңы қаңырап, бос тұратын. Ал, кәзір...

         Иә, айт құтты болсын!

 

                                              АЯЖАН                                    

 

                  Замана өзгерсе, заң да өзгереді, дүние жаңарады. Бұл өзі сол кешегі жаңғырған  өтпелі қоғамның есте қалғандай бір елеулі оқиғасы еді. Енді соны баян етсем деймін.

            Аллаға аян нәрсені адамнан қымқап қайтейін.Қызыл қоғам тұсында жаман тұрдық деп еш айта алмаймын.Жалауымыз желкілдеп тұрды. Не ішем, не жеймін деп уайымдамадық. Ит басына іркіт төгілгендей ас та төк заман еді ғой ол бір..

          Күйеуім Қазтай колхоз партия ұйымының хатшысы болып істеді.Оны сол кездегі күнделікті ресми тілде «парторг» деп атайтын.Мен бұғалтыр болып еңбек еттім.Екі жақты табыс қойсын ба, тез жетіліп кеттік. Оның үстіне Қазтайдың қақты-соқты табысы тағы бар...

   Өстіп күндеріміз өтіп жатты. Әйткенмен бұл алшаңдаудың қадамы қысқа екені белең бере бастаған. Қызыл қоғам өз күнінің батқанын паш етті. Қызыл керуен тоқтады.

          Замана құбылып сала берді. Қазтай жұмыссыз қалғанда, маған да істер шаруа табыла қоймаған. Екеуміз де жұмыссызбыз.Мені қойшы, қанша дегенмен де қазан жағалаған ақ жаулықты емеспін бе,қазанымды жағалап жүре бердім.Көресені Қазтай көрді.Екі қолы салдырап, істерге іс таппай, сандалды да қалды. Кешегі екінің бірі жағдай айтып, жәутең көз болған заман жоқ.Қазтай кәдімгі көшкен елдің жұртында қалған иесіз қызыл иттей бұралқы күй кешті.

          Уақыыт өте берді. Осы өте берген уақыттың жағдайымызды тым қиындатып, тұралатып бара жатқаны анық еді.Көп жетіспеушілік, жоқтықтың аяғы тоқырауға ұласты.Алдымызды тірлік тұманы көлегейлей бастағаны анық еді.

          Ел жаппай тірлікке көшті. Қайтсем біреу екеу, екеу төртеу болады деп жанталасты.Осы дүбірден біз де қағыс қалғымыз келмеді.

- Сауда жасайық,- дедім.

          Қазтай ыршып түсті.

- Ойбай, айта көрме ол жағын...

- Неге?

- Елден ұят. Кешегі парторгтың әйелі көзі бозарып,базар жүр деген ұят.

- Енді не істейміз?

- Табылып қалар бірдеме.

- Не табылады?

- Кім білсін.

- Қашан табылады?

- Білмеймін.

- Күтейік.

- Нені күтпекпіз?

- Итім біліп пе.

          Нені күтеміз және ол күткеніміз қашан бола қояды, оның бәрі белгісіз еді.

           Сауда қылайық дегеніміз бос далбаса болып шықты. Себебі, сата қоятын да ештемеміз жоқ еді.Ұзын саны жиырмадан не аспайтын, не кемімейтін үлпек жүнді, қызыл шұбар тауықтарымыз болушы еді.Үйдегі табыс көзі саналатын басы артық нәпақамыз осы болатын.Қыстан қоңын бермей, күйлі шығатын тауықтар жылт етіп, күн көзі жылынды бітті үй ішін жұмыртқаға қарық қылатын.Күніне ең  кемінде бес-алтауы жұмыртқалап, сап-сары жұмыртқаларды төгіп тастайтын.Жиналмаған күндері ұялықта шүпірлеп, толып жататын.Үй ішін жоқтық аралады. Шай таусылып, ұн бітіп, дастарқанды қатқан нен өбектей бастаған еді. Мен Қазтайға:

- Елу- алпыс жұмыртқа бар, соны сатып кел,- дедім.

          Ол әрине, кері кетті.

- Не айтып тұрсың,-деді көзі шатынап.

          Мен де тәжікелесе кеттім.

- Түсінбейтін несі бар. Мен жұмыртқаларды санап дорбаға салып беремін. Сен соларды базар апарып, теңге қып кел.

          Қазтай қолды турасынан сілтеді.

- Қой, ол бола қоймас.

- Енді қайтпекіпіз, аштан өлейік пе?

- Табылады, есіңде болсын,- деді деді бипаздай сөйлеп,- кешкі парторгтың бүгін жұмыртқа сатып жүргені ұят.

- Кімнен?

- Кімнен болушы еді, елден ұят.

- Ал, елдің бәрі сол саудамен баяғыдан бері айналысып жатқан жоқ па

- Қойшы, бола қоймас.

- Онда мен сатайын.

- Қойшы, сол сауда дегенді.

- Ал, қоялық.Сонда аштан қағырлағанымыз ұят емеспе?

          Ол үндемеді. Мен ертесі базар барып бар,жұмыртқаның сатқанын сатып, сатпағанын айырбас жасап, біраз нәпақамен үйге қайттым.Оның есесіне шайыміздің өңі қызарып, аузымыздың дәмі кірді.Дастарқандағы босап қалған тәрелкелер қызылды- жасылды кәмпиттерге толып,айналасының ажарын аша түсті.

           Сәлде болса, сауданың дәмін татқандай едік.Сәлде болса, алдымызға бір жарық сәуле түсіп,жаңа мақсат, бөлекше тірлік жолына шақырғандай болған.Осы кәсіпті екі- үш апта қайталадым.Расын айтсам, жұмыртқа сатар сәтте өзім де,сол саудамен бірге әлдекімнің талапайына түсіп,жат қолдың қысымында қалғандай болып, көңілім өрекпіп,қатты қобалжитынмын.Алайда соның бәрі уақытша үркектеу екен. Үйреніп кеттім.

          Сауданы ұлғайту керек болды.Үкіметтен несие алдық. Енді сол үлкен сауданы неден бастарымызды білмей басымыз қатты.Қазтай:

- Сен базар бар, аралап көр. Не жетпейді соны нысанаға алайық,- деді.

          Мен базар бардым.Араладым. Көрдім.Сатылып жатқан заттардың бағасын сұрап,  іштей есептеп, пайда мен зиян жағын ой таразысына салдым.

          Ең алғашқы сатқанымыз- ересек адамдардың іш киімі еді.

Өте семіз, май бұғақ, іркілдеген ерлер мен денесі топан толтырған қаптай көмпиген сал бөксе әйелдерге арнап, дамбалшық тіккен едік.Сәтін салғанда сол заттарымыз көп кешеуілдемей өтті де кетті.

          Базардан жаңағы айтқандай  адамдарды көрсек,қымсына басып, қасына келіп, күлген болып:

- Сізге бір керектіні әкеліп едім,- деймін сызылып.Әлгі адам:

- Ол не нәрсе,- дейді бетіме шұқшия қарап.

          Мен жауап орнына әкелген дайын заттарымды көрсете қоямын.

           Әлгі адам аз қарап көреді де:

- Тегі осындай үлкен іш киімдерді кездестіре алмай жүр едім. Орайының келгенін қарашы,- дейді де,қуана-қуана ақшасын санап береді.Ол алғанына, мен өткеніне мәзбіз.

          Сауда дамиын деді.Қазтай бірте – бірте үйден көшеге, көшеден базар баратын болды.Әуелкіде базарға қарай менімен қатар жүргенге намыстанушы еді. Енді базар жаққа өзі жетелейтін болды.Қазтай сатушылықты үйренді.Осы жұптасып тірлік ету,сен демей, мен демей ынтымақтаса сауда жасау біздің тірлігімізді жаңа белеске жетелегені ақиқат еді.Екінші жыл бітіп, мезгіл үшінші жылға ауысқанда жайма базар жайына қалып, өзімізше дүкен аштық. Ол менің есіміммен «Аяжан» деп аталды.Келе-келе сатушы жалдадық.

          Саудадағы біздің ең ұтқан жеріміз сол, дүкендегі заттың бәрін  алам деушілерден  еш аямадық. Тарынбадық.Ақшасы барларға ақшалай, ақшасы жоқтарға қарыз беруден танбадық. Алушының үй адресін, телефонын жазып аламыз да, не сұраса, соның бәрін қарызға жазып бере береміз.Қанша алам десе де, қолынан қақпаймыз. Кейбірі болмаса, көбі несиеге алған затының ақшасын өз мезетінде беріп отырды. Соның салдарынан өзге дүңгіршек,дүкендегі заттар алар иесін таппай, илектеніп жатқанда,біздің дүкен бар затынан ада болып,қаңырап бос қалатын.Қайтадан қала аттанамыз.

          Жақсылық жерде жатсын ба. Біздің саудадағы осы әдісіміз елден елге тарап, дабысымыз шығып кетті. Газет бетіне «Аяжан»,«Алам десең, Аяжанға бар» деген ізгі ниет, ыстық сезімге толы мақалалар шықты.Менің суретім де жарық көрді.Енді сауда заттарын ғана емес, онға бір пайызға теңге де беретін болдық. Алушылар көп, келушілер де үзілмейді.

          Ауылда әкім сайлау науқаны өтті.Әркім өзі қалаған жанның атын атады.Әкімдік қызметке қол созам деген де ойым жоқ еді.Әйтсе де, аядай ауыл менің қолдаушым болып шыға келді. Сайлау бәсекесінде өз жанашырларымның алпыс- жетпіс  пайызы мені қолдап, аяқ асты әкім болып шыға келдім. «Аяжан» дүкені күллі заттарымен Қазтайдың меншігіне өтті.

          «Елу жылда ел, жүз жылда қазан жаңа» деген рас.Қазтайдың саудагер, менің әкім болғаным сол ұлы өзгерістердің салдары деп білемін.

          Жағдайымыз жылдан жыл жақсара түсті.Бір біздің ғана емес,мұқым ауылдың оты маздап, түтіні тік ұшқаны анық еді.

 

 

 

ҚЫЛБҰРАУ

 

Есқожаның маңдайына құдай оқу жазбады. Есқожа оқып жарытпады. Мектеп табалдырығын аттап, қолына қалам ұстаған сәтте бір енжарлық байқалып еді. Осы құлықсыздық ұзаққа созылды. Есқожаға түрлі пән кітаптары, мұғалімдердің айтқан өсиет сөзінен көрі, көше бойындағы, әлдебір базар алаңындағы тірлік қатты ұнаушы еді. Сол сыртқары әрекет оған өзгеше қызық болып көрінетін.

         Есқожа оқу бітірді. Қолында куәлігі бар ма, бар. Ендеше бұған одан артық не керек. Есқожаға да, Кеңес үкіметіне де керегі сол.

         Есекең оқу түгеткен соң басқалар құсап сөмкесін сүйретіп, жоғары оқу орнына бармады. Оның ессесіне жұмысқа шықты. Ақша тапты. Темекісін бір жақ езуіне қисайта тістеген, бойшаң келген бүйрек беттеу, нәті жұмсақ сары жігіт қолынан жұмыс құралын тастамады. Қыс болса күрегін, жаз болса кетпенін иығына асып, іс соңына түсті.

         Есқожа кеңес кезінде жұмысшы еді., еліміз тәуелсіздік алып, азаттықтың ақ таңы атқан шақта да осы ізінен жаңылмады. Бірақ бір қызығы сол, кеңес үкіметі қолына жұмыс құралын беріп, қуалап жүріп жұмысқа жеккендей болушы еді, ал егеменді еліміз ондай қабақ таныта қоймады. Есекең жұмыссыз қалды. Әйелі мектепте мұғалім. Өзінен тартып, бәрі дерлік соның қолына қарады. Әйелі Әлиман мектептен ылғи шағынып келетін. «Ана баланың шешесімен ұрсып қалдым, ана бір қыз мектепке келмей қойды, сол себептен директрдан ескерту алдым. Ана бір баланың тәртібі тіптен жаман»,- деп құпиялап наз айтқандай болатын. Кешегі өткен күндерде әйелі өстіп реніш білдірсе, Есекең тиып тастайтын. «Мектеп өзіңе шын ұнамаса тастап кет. Басқа іс табылар, мен тірі тұрмын ғой. Ештемеден қорықпа» дейтін. Осы сөздерді ол шын көңілмен сенімді етіп, батыл айтатын Енді жағдай басқаша...

         Әйелі келді бітті, алдынан шығып, құрақ ұшады. 

-Шай ішесің бе,- дейді бәйек болып,- жоқ, тамақты жылтып жіберейін бе?

Міне, Есекеңнің көмейіне ұялаған жаттанды сөздер осы.

Жасыратын несі бар, теңге тапшылығы ап- анық сезілуші еді. Әйтеуірі бір

жоқшылық қара үзбей, айналақтай беретін. Бірде ұн таусылады, енді бірде балалардың аяқ киімі жыртылады. Өстіп бір жоқтан кейін бір жоқ қылаң беріп, қысылтаяң күндер жалғаса беретін.

Бір күні Әлиман мектептен көңілді оралды.Қолында әлдебір жарнама газеті бар.

-Есеке,- деді еркелей сөйлеп,-сен осы саудаға қалайсың?

- Сауда...

         Есекең сасып қалды.

  • Сонда сен маған саудагер бол демекпісің?
  • Дәл айтасың. Сен бүйтіп сандалып бос жүрме. Сауда қыл.

Есекең желкесін қасыды.

  • Ақшаны қайтпекпін?
  • Таптым. Осы ауылдан пәлен деген коммерсант шығыпты. Жүзге жиырма пайыздан  береді екен. Үш жылға доллар беретін көрінеді.

Есекеңнің миығына күлкі жүгірді.

  • Иә, айта түс.
  • Мың доллар. Мың доллар дегеніңіз болады жүз елу мың теңге. Және мұның мойныңа түскен қылбұрау екенін де естен шығармағайсыз.Үстемесін қосқанда болады жүз жетпіс мың теңге. Оның үстіне менің айлық ақшам бар дегендей, онша қысыла қоймаспыз...
  • Иә, құдай сақтар.
  • Елдің көбі осы кәсіппен айналысып жатыр. Біз де бір істеп көрсек қайтеді.
  • Жөн, жөн
  • Сатушы сен боласың

Есекең тағы желкесін қасыды.

  • Е, мейлі...

Әйел енді дауысын қатайта сөйледі.

  • Дегенмен, ашық ауыз, босаңдығыңды қой. Сауда ондайды көтермейді...
  • Е, болады.
  • Біреу бірдеме десе, еметайың елжіреп, сылқ ете түсетінің бар еді. Енді сол әдетіңді тоқтат.
  • Е, мейлі.
  • Сауда басында тас жұтқандай бол да, тасырайып отыр.
  • Е, жарайды.

Сөз осымен бітіп, арада он шақты күн өткенде, кепілдікке үйдің құжатын беріп, мың доллар алып та үлгіріп еді. Одан  машина жалдап, қала барды. Киім жағына қарағанда, өтімі тез болар деп, тағам жағына баса назар аударды. Кәмпиттің неше түрі, арақтың неше түрі, шұжық, күріш дейсің бе, толып жатқан дәм түрі топ- топ, бума- бума болып, қызыл машинаға мінгесіп, ауылға аттанды. Үш- төрт бөшкеге құйылған өсімдік майы баяу шайқалып, тоқтық нышанын танытқандай болып, лықсып қояды. Оған отыз қап шамалы ұн қосылды. Осымен мың доллардың басына да су құйылған.

         Кенже қыздарының аты -Әлия еді. Есік алданан шағын дүңгіршек ашып, оған сол жас өспірім қыздың аты берілді.

         «Әлия» дүңгіршегі бүкіл ауылдың болмаса да, осы көшедігі үлкен жаңалықтай еді. Көше тұрғындарының құтты болсын айтуы аптаға созылды. Бүгін екеуі, ертесі үшеуі қатар түзеп, қаздай тізіліп келіп жатты. Есекең үйінің алды келем деушілерге қашан да ашық. Есекең мәз, Есекең көңілді...Есекең үшін бұл бір ит басына іркіт төгілгендей, бейқұт шақ еді...

         Бүйрек беті ауық- ауық ішекен арақтан күреңіте қызарып, езуінен шылым түспеді. Өздері келгендерді күту былай тұрсын, әуелі өзі шақырып әлекке түсті...

Бұл қызық та өтіп, енді таза сауда науқаны басталған. Сауда өтпейді емес, өтеді, аумақты ел емеспе, әркім өз керектісін алып, қымқып жатады. Десек те кеткен шығынға қарағанда, пайданың үлесі тым аздау еді. Өз бағасына сатаса, пайда жоқтың қасы. Ал үстеп кеп жібергенді тағы көтермейді. Жаңа дүкеншінің басы қатты.

         Есекең сауда жасап мандытпады. Кінәлі – арақ еді. Арақ Есекеңнің саудасының өзегіне құрт болып түсті. Ал, жегі құрт түскен жер не оңыушы еді. Біреу жалғыз шөлмек алып, Есекеңе ауыз тигізсе, Есекеңнің өзі бүтін бір шөлмектің аузын ашып, қарымта қайтарудан жаңылмады. Егер алушы екеу алса, саудагер де одан қалыса қоймады. Өзінше сыйға сый жасады. Әу баста күн сайынғы өткен заттарды есептеп, не өтті, не қалдысын есептеп шығарып отырушы еді. Келе- келе ол да жайына қалды. Осындай сәтсіздіктер Есекеңнің саудасын аяқтан шалып, омақаса жығып та тынғандай болған. Едігі заттар шыли қарызға беріліп жатты. Алушы қулар оттай құбылып, сөздің майын тамызады.

  • Есеке, сіз тұрғанда біз неге қысыламыз.Сіз деген тамырын тереңге жайған ақ терек емессіз бе. Сіз деген ағып жатқан ақ бұлақ.. Сіз деген, ой сіз...Ыстықтасақ саяңызға келіп көлеңкелейміз. Ал шөлдесек...Аш құрсаққа алданыш та сізден табылады. Ой, Сіз деген,- деп арқасынан қақса болды, Есекең жайылып түсті дей беріңіз...
  • Қарызға ма,- дейді көзі ежірейіп.
  • Иә, қарызға,- дейді алушы мүләйімсіп.
  • Қашан бересіз?
  • Тура бір айдан соң, зейнетақы тигенде аласыз.
  • Жөн екен.

Әп- әдемі басталған «Әлия» дүңгіршегінің саудасы үш айға әрең жетті де, жіңішкеріп барып, үзіліп кетті. Құрып біткені сол, енді дүңгіршекте сататын ештеме қалмап еді. Есекеңнің үйіне мол дүние қалай тау суындай тасқындап, тез келсе, солай тезінен аяқтасқан. Пайда жоқтың қасы, ал зиян шаш- етектен. Базары тарқаған жерде не қадір, не береке болсын. Есекеңнің еңсесі түсіп кетті.Қолдан бергенін аяғымен іздеп, табанынан таусылды. Көрінгеннің итін абалатып, көше кезді. «Дүңгіршек қайта ашылар күн болса, әй, ешкімге де бермеспін-ау» деп іштей пұшайман болды...

         Айналып жыл толғанда мың доллардың иесі де келіп еді...

  • Тағы да үш күн мәулет берем,- деді кебеже қарын, божбан сары жігіт,- Осы үш күннің ішінде пәлен мың долларды алақанға салсаң, айтылған серт, алынған қолдың уәдесі орындалады.Ал таппасаң...Сұрақ бар ма?
  • Жоқ.

Жыл бойы жиналмаған ақша үш күннің ішінде қалай басы біріге қойсын. Төртінші күні үй пәлен мыңға бағаланып, барлық құжатымен алушының қолына өткен.

         Енді Есекең өз үйіне өзі пәтерші болып қалған. Ай сайын пәлен ақша төлеп, кәдімгі сырттна келген адамның кейпін киіп жүріп жатты. Мұндай әңгіме жерде жатсын ба, бүкіл ауыл, аймаққа тарады. Жұрт назарына ілікті. Керек десе, газетке де шықты.

         Бір күні аудандық  «Жаңа Ислам» қайырымдылық  қорынан шақыру қағаз келді. Белгіленген мезетте ерлі- байлы екеуі әлгі қордың кеңсесіне келсе, топты адам жиналып қалған екен. Есқожа бұларды көріп, тағы не болып қалды дегендей үрпиіп, тіксініп қалды. Әлиман сыр бермегенсіді. Дейтұрғанмен іштей толқып, шаласы шашылып тұрғаны анық еді.

  • Мектеп мұғалімі Әлиман Жүнісқызы сіз бе,- деді қор ағасы, сыпайы бітімді, жібектей сызылған, шашын артқа жылмита тараған, мөлдіреген жас жігіт.

Әлиман үнсіз бас изеді.

  • «Әлия» дүңгіршегінің сатушысы Есқожа мырза сіз боларсыз?

Есекең елпек қақты.

  • Иә, мен, мен.
  • Ой, сабазым-ай,- деді қор төрағасы,- сізді ел әйгіл сауда маманы ретінде танып та үлгірді. Ал, сіздің жазық жерде сүрінгеніңізге жол болсын.
  • Әйгілісі құрсын,- деді бұрынғы сатушы жүдеу үнмен,- біздікі бір суға кеткен тал қармайдының кебі ғой. Оданда мыныны айтыңызшы маған. Біз мұнда неге келдік? 
  • Жайшылық,- деді төраға,- бәрі де сіздің қамыңыз үшін. Мына кісі,- деп дәл қасында отырған, қырқпа сақалды, басына ықияттап сәлде ораған жастау жігітті көрсетіп,- біздің ауданның бас имамы, Нұрбай деген баурыңыз болады.
  • Мына ағаң,- деп өткір қара көзді, қыр мұрынды, жігіт ағасын көрсетті,-Нұртай Қасен деген болады. Аудандық соттың төрағасы. Мүмкін білетін де шығарсыз...
  • Иә,- деп міңгірледі Есқожа,- газеттерден атын оқығаным бар. Ал, мына ағаңды танисың,- деп баяғы доллар берген кебеже қарын, сары жігітті көрсетті.
  • Білеміз, білеміз..

Доллар иесі азғана қозғалақтап, ырғатылып қойды.

  • Жиналыс сіздің қамыңыз үшін,- деді төраға,- ал, молдеке, сөйлеңіз.
  • Сөйлесе мынау,- деп бастады сөзін ауданның бас имамы,-адам баласы өлгенде қабір сұрағы басталады. Сонда сұрақшы: оу, пенде, кімге нендей жақсылық істедің дегенді желеу етеді. Білдіңіздер ме, әуелкі сұрақ осы. Өлі пенде намазға жығылғанын, отыз күн ораза ұстағанын, тіпті Меккеге барғанын айтады. Сұрақшыға бұл сөздер онша әсер ете қоймайды. Себебі, түптеп келгенде мұның бәрі өзінің қарақан басының қамы үшін істегендері. Жауап Алла сұрақшысын қанағаттандырмайды. Доллар иесі осы сұрақ саған да қойылады. Сонда сен не бетіңді айтасың. Әйгіл садагер Есқожаның үйін тартып алдам дейсің бе?

Отырғандар абыржығандай болып, бір- біріне қарасты. Доллар иесі тұйықтау, доғал жігіт еді. Сасып қалды.

  • Келісім солай,- деді алақанын жайып,- соған келіскенбіз. Зорлап бергенім жоқ. Өзі алды...
  • Жә,- деді имам қолын көтеріп,-меніңше бұл әрекетің шариғатқа жөн емес.
  • Келісім солай,- деп доллар иесі әлгі сөзін тағы қайталады.
  • Заң атаулы бұған не айтады,- деп төраға судьяға қарады.

Судья сәл күлімсіреді.

  • Заң жүзінде доллар иесінікі жөн,- деді ол,- бәрі де реттелген. Бірақ адамгершілік керек қой. Адам тағдырын доллардың әмірімен шеше беруге болмайды.
  • Сіз,- деді төраға доллар иесіне қарап,- адамгершілік жағын да ойлаңыз. Мың долларыңыз қайтарылады. Үстеме теңгені, яғни жиырма пайызды қиып тастасаңыз болғаны. Осыған келсесіз бе?
  • Иә,- деді доллар иесі,- өзі алған, жеген, ішкен, түрлі қажетіне жаратқан долларды қайтарса болғаны. Қалғаны қажет емес. 
  • Сөз осы ғой,- деді төраға.
  • Осы.
  • Онда сізде жігіттің нары екенсіз. Міне, мың долларыңыз,-деп  үстелдің тартпасынан мың долларды шығарып берді.
  • Рақмет,- деді доллар иесі.
  • Бұл,- деді төраға өңі қуаныштан бал- бұл жанып, албырап тұрған Әлима мен жағдайды енді ғана түсініп, миығына күлкі жүгірген Есекеңе қарап,-   «Жаңа Ислам» қайырымдылық қорының сіздерге жасаған сыйы. Мың доллар сіздерге сыйлық ретінде беріліп отыр. Қайтарылмайды.

Доллар иесі өзімен бірге ала келген үйдің құжаттарын Есекеңе табыс етті.

  • Рақмет,- деді Әлиман жиналғандарға жадырап, күле қарап,- көп- көп рақмет сіздерге.
  • Алланың нұры жаусын,- деп Есекең де қостап қойды.
  • О, пенделер,- деді имам орнынан тұрып,-ақ жолдан адаспаңдар. Бір- біріңе пейілді, рақымды болыңдар. Бәрімізге Алланың нұры жаусын. Әумин!
  • Әумин,- деп отырғандардың бәрі де орындарынан тұрып, бет сипап, бата жасады.

Әмсе солай болсын.

Иә, әманда солай болғанға не жетсін!

 

                                                                               

 

ӘЖЕ

                                

Көзімді жұмсам болды, санамда сан түрлі ойлар сапырыласады. Ауыл елестейді. Ауыл елестесе болды, сол ауылдай қарпайым, сол ауылдай  аяулы әжем елестейді. Әжемнңің аты- Нұрайым. Нұрайым әжем айтқан нелер қызық хикаялар, әңгімелер,аңыздар мен айтыс үлгілерін мен ешқашан жадымнан шығарған емеспін.  Әкем колхозда бригадир, анам кітапханашы еді. Біз жанұяда бес баламыз. Екі қыз, үш ұл, мен ұлдың кішісімін.

              Мен әжемнің тәрбиесінде өстім. Көлеңкедей ербеңдеп, қасынан қалмаушы едім. Жатын бөлме, төсегіміз бір болатын.

Мен әжемсіз, әжем менсіз тірлік кеше алмайтындай едік. Екеуміздің біріміз жоқ болсақ, үй іші қаңырап бос қалғандай сезілетін.

              Мен кешегі қызыл қоғамның ұрпағымын.Қызыл қоғамның барлық басқыштарынан өттім. Бүйра бас, сүп- сүйкімді баланың бейнесі салынған теміршені кеудеме қададым. Бұл- менің октабрьят болғанымның белгісі еді. Мойныма алқызыл галстук тағып, үй мен мектеп арсында асыр салдым. Бұл менің пионер болған шақтарымның нышаны.  Комсомол кейін партия қатарына өттім.

     Колхозда ұзақ жыл дәрігер болып қызмет еттім. Сол ұзақ жылғы тірлік бір күнгі жарық сәуледей, иәки шытырман оқиғалы қызық түстей  болып, сусып өте шықты.

     Кәзір дербес зейнеткермін.

     Есімде әжемнің нелер қызық әңгімелері, әсіресе, наурыз нақыштары сары майдай сақталып қалғаны құпия емес. Өткенді есіме алсам болды, сол күндер дидары тіл қатқандай болып, өзгеше сыр шертіп, жанданып шыға келеді.  Әсіресе, наурыз нақыштары жаныма жақын, көңіліме ыстық лептей әсер етеді.

     « Наурыз келсе, әз келеді, әз келсе, мәз келеді»,- деп бастаушы еді әжем әңгімесін. «Наурыз келмей жер жаңғырмайды, жер жаңғырмаса, төрт түлік мал төлдемейді, көк өнбейді, құс жұмыртқаға қонбайды» ,- деп тағы бір бөлекше сыр ақтарғандай болатын. Ең көрімі- наурыз жырын әндетіп айтушы еді. « Ұлық тақты болсын, төрт түлік мал ақты болсын, жыл оң болсын, қайда барсаң жол болсын, ұлыс береке берсін, зұлымат жерге кірсін» дегенді өзінің өлеңімен мақпал қоңыр дауысына салып айтқанда, жаныңа жаз қонақтағандай болатын. Осының әсері болар, мен жастайымнан наурыз жырын жаттап өстім.

     Әлі есімде, не екінші, не үшінші сыныпта оқып жүрген кезім болар.Бірде әкеме ілесіп, аудандық партия ұйымының хатшысы келді. Өзі жалғыз екен. Алдын ала дайындалған дастарханнан ас ішті, кеудесін кеңге салып, дем алды. Жұмсақ диванда тісін шұқып, керіліп жатып, тоғын басты. Менің мектепке жүрер шағым таянып еді. Сөмкемді алайын деп, ішкі үйге бас сұққан едім. Партия хатшысы:

  • Балаң ба,- деді тісін шұқып отырған ұрғашы аршаның жаңқасымен мені көрсетіп.
  • Иә,- деді әкем тездете сөйлеп.
  • Оқуы қалай?
  • Жақсы.
  • Зерек болғаны ғой.

     Әкем күлді.

  • Солай шығар. Әжесінің баласы жаман оқымаса керекғ,- мені көтере қырқып, мақтап та қойды.
  • Тақпақ білісің бе?- деді партия хатшысы енді маған  шүйіле қарап.
  • Білемін.
  • Ал, ендеше біреуін, айтып жібер қанеки.

         Мен аял етпедім. Әжем үйреткен наурыз жырларын сыпырта жөнелдім. Екінші хатшы аузы аңқиып, тісін шұқыған жаңқасын жоғары ұстаған қалпы мелшиді де қалды. Көзі бағжиып, ноқаланып кетіпті.

Мынау не сандырақтап тұр,- деді әкеме қарап.

-Ол әжесінің айтқаны ғой, ана бір наурыз дей ме,құдай-ау, әйтеуірі сондай бірдеме,- деп күмілжіді әкем.

- Мен Маркс, Энгельс, Ление туралы айтады екен десем, сандырақтап тұрғанын қарашы санасыз неменің. Сен өзің балаңның не көкіп жүргенін білмейтін қандай әкесің,- деп әкеме тағы түйлікті,- ой, қойшы сендерді. Сен секілділерді де коммунист деп жүрміз-ау, ә?

         Партия хатшысы  осыны айтты да, опырыла орнынан тұрып, тысқа бет алды. Әкем бірдемелерді айтып, мәймөңкелеп еді, қолқы қиясынан бір-ақ сілтеді.

         Мен мектебіме кеттім. Арада  уақыт сынаптай сырғып өтіп жатты.

Бір күні ауданға жиналысқа кеткен әкем үйге кештетіп оралды.

Өзі бір түрлі көңілсіз. Әлдекімнен зықым көрген сыңайлы. Кірген бойда аяқ киімін шешпестен түпкі үйге озып, әжеме тиісті. Одан соң мнеі зекіп, біраз сілкілеп алды. Анам байқұс істің мәнін білмек болып, бірдеме деп еді, оны да қағып тастады. Өзі түлен түрткендей болып, долырып алыпты.

         Біздің армызда әлі күнге дейін феодализмнің құртын тығып жеп, малтасын езіп жүргендер бар. Көне дүниені көксеушілер бар. Мен оны өз көзіммен көріп, қатты шошыдым. Жэағамды ұстадым,- деп менің әкемнің атын атап, абыройын төгіпті. Азғантай әңгімені езуі көпіршігенше айтып, ұзын сөзге арқау етіпті. Әкемнің шала бүлініп, ренжігені сол екен. ..

         Сондай сұрқылтай жәйіттер де болған. Алайда балалық сезіммен жүрекке ұялаған наурыз нақыштары қалай ғана ұмыт болсын. Қайта әлденеге деген қасарыспа ой, үнсіз ренішпен одан әріге беки түскендей едім.

         Заман өзгерді.

         Наурыз қайта жарқ етті. Наурыз бүкілхалықтық мерекеге айналды. Наурыз атты рухани алып ағаш қайтадан көктеп, өзгеше бүршік жарды.

         Бір күні мектеп жасындағы балам:

  • Әке, мұғалім бізге наурыз туралы шығарма жазып келуге тапсырма берді. Маған анурыз жәйлі білгеніңізді айтыңызшы,- деп өтініш айтты. Балам қиылып сұрап тұрған соң немді аяиын. Қуанып кеттім. Жарықтық әжемнің үйреткендері тіл ұшында сайрап қоя берді. Мұздай мөлдіреп, қағаз бетіне түсіп жатты...

     Әжеме шын ниетіммен алғыс айттым. Ал, сол шақтағы екінші хатшыға іштей лағнет оқыдым.

     Тұрмыс түзелді. Бір атаның балалары атынан «Нұрайым» шаруа қожалығын құрдық. Ауылды әжемнің атында жаңа мешіт салып, марқұмның әруағына атап, үлкен ас бердік.

     Көңілдегі көп- көп игі істер, ізгі тілектер жүзеге асты.

     Заманаға тәуба дегеннен өзге айтарым жоқ!

 

 

                                      ӨКЕЙ МОЛДА

                                     

         Адамның басы Алланың добы деген әнзалы рас. Сол доп іспеттес домалақ дүние мына фәни жалғанда не көрмейді дейсіз, бәрін  де көреді. Домалап бара жатып тауға да тиеді, тасқа да соғылады. Суға тұншыға жаздап, шөлге қақталады. Майда көгалға маңдайы тиіп, жылқы жусауындай рахатқа батады. Маңдайына жазылғанның бәрін көреді.

         Айтайын дегенім бастан өткен белгілі жәй еді.Енді  соны баян етсем деймін.

         Ленин дәуірінің құлап, азаттықтың ақ таңы арайлап атқан кез еді. «Дін- қараңғы ін» деген Лениннің қызыл батпағанан зорға құтылып, жасыл жағалауға қолымыз енді- енді жетіп, сілкіне бастаған жасаң шақ еді.

         Дін қайта түледі. Пәлен жыл қаға берісте қалған Ислам дүниесі Алланың сағынтып жіберген сыйындай болып, елімен қайта қауышқан. Үй- үйді жайнамаз аралап, ашық тұрған есіктерден әндетіп оқыған қасиетті құран мақамы естіле бастады. Ауыл- ауылда мешіттер салтанат түзеп, ел жаппай дінге көшті. Елден қалмайын деп осы дүрмекке мен де ілестім.

         Әсілі дін қағидасын жас кезде үйренген дұрыс қой. Оған жағдай болды ма? Енді міне, үйрену деген тіптен қиынға соққан.  Тіл келмейді. Буын қатып қалған. Күні бойы жалқы сөйлемді зорға жаттағанымды еш жасыра алмаймын.

         Бірақ адам жеңбейтін не нәрсе бар. Зейін қойсаң, оны да ұғады екенсің. Қинала- қинала келе төрт сүре, жалғыз  дұғаны жаттап тындым. Жаттауын жаттасам да, қирағатына келтіріп айту тағы қиынға соқыты. Жәй айта салуға тағы болмайды. Әй, қиналдым-ау.

         «Ықылас»,»Фәтиха»,»Фәлақ»,»Нәс» сүресі мен «Құнт» дұғасын жаттап алғаннан кейін өзімді тура дін жолында жүрген адамның қалпында сезіндім. Енді қасиетті құранның өзін айналдыра бастадым. Мақсатым тып- тиянақты етіп оқитын халге  жету еді. Көп айналдырдым. Алайда өзім діттеген тұсқа жете алмадым.

         Бір үкні көрші ауданның шалғай шетінде тұратын туысқаным өмірден озып, соның жаназасына бардым. Мұның өзі қиян тұстағы жаңадан ашылған ауыл екен.  Жаңа ашылған ауыл болғаннан кейін әркім әр тұстан көшіп келіп, түтін түтететін көрінеді. Қырық рулы ел аядай ауылда тірлік етеді екен. Ең ыңғайсыз жері сол ауылда молда болмай шықты. Өздері молда деп атаған біреу бар екен, ол қалаға кетіп қалыпты. Сонымен молда жоқ. Көрші ауылдардан молда іздеп кеткендерден де хабар жоқ.

         Жаз айы еді. Күн ыстық.  Уақыт өтіп барды. Мәйіт бұзылатын түрі бар. Молдасыз жаназаға жиналған ел серкесіз отарлы қой секілді.Өз алдына бағыт алып ете алмай, бір- біріне ықтап, ұйлыға береді. Кешегі әлдекімдер мазақ ететін молданың мәртебесі артып, рухы аспандай түскен. Ақ сәлделі молда көрсек, бас салып, аяғына жығылғандай едік.

         Өлген кісінің аты- Кәрім еді. Соның Қоржынтай деген кәрі жездесі болатын. Аяғын сылтып басатын, белі бүкірлеу, бет- аузы отқа күйген терідей тырысқан кемтар жан еді. Сол Қоржынтай аяғын сілтеп:

  • О, жамағат, молда жоқ деген не сұмдық.Молдасыз мына мәйітті жер қойнына қалай тапсырамыз.Іштеріңде тегі жөні түзу аят оқитындар бар ма,- деді.

Дауысы жылағандай боллып, жүдеп шықты. Жиналған ел толқып кетті.

  • Иә, жөн айтады, жібі түзу біреу бар шығар.
  • Алыстан келгені бар, жақынна келгені бар, неге бір мұсылман шықпайды.
  • Кәпір болды деген осы шығар.
  • Осы
  • әй, көріңде өкіргір Ленин-ай, қылмаған қыласаң қалмады-ау...
  • Кәрім дүниеден өткелі сөткеден асты,- деді Қоржынтай,- кеше ертеңгі шайда көз жұмып еді, енді міне, түс ауып барады. Мәйіт бұзылғалы тұр.
  • Мына кісі тәп- тәуір молда көрінеді,- деп  шикіл сары өңді,жағы су алған, көзі жіпсиген, шүйкедей сары шал маған жабыса кетті,- кеше дастарқан басында кәп- кәдімгідей аят оқыған. Өзі бірдеме білетін көрінеді.
  • Жо- жоқ, олай демеңіз,- деп мен шатқаяқтадым.

 Елдің бәрі маған төніп, қарай қалыпты. Ақсаңдай басып, Қоржынтай келді.  Мені танушы еді.

  • Бұл Өкей ғой,- деді көзін сығырайтып, шаншыла қарап,- танимын. Шопыр болатын Ал, молдалығын білмейді екенмін.
  • Қоржеке,- дедім мен енді өз жәйімді баян етіп,- мен молда емспін. Оны өзіңіз де білесіз. Бар білетінім төрт- бес сүремен, жалғыз дұға. Дін жолында соны ғана жаныма азық етіп жүрмін. Кеше дастарқан басында сол білетіндерімді оқығаным рас. Оны сізден несіне жасырайын.
  • Құран оқи білесің бе,- деді Қоржынтай әлденеге қуанғандай болып,- мұның жөн көрінеді.
  • Аздап.
  • Ендеше сен молда боласың.
  • Ой, қойыңыз.
  • Жоқ, сен боласың.
  • Қойыңыз, ол бола қоймас.
  • Ендеше Кәрімді жерге жаназасыз береміз бе,- деді көзі ежірейіп,- қандай азамат еді ол, ойлашы.
  • Ойланғанда тұрған не бар. Мен молда түгіл, бес уақ намазды да жөнді оқи алмаймын.Ол тұрмақ, дәрет алуымда да шалалық бар.
  • Үйренесің,- деді  Қоржынтай,- жағдай бәрін де үйретеді.

Жиылған топ дабырласып, қауқылдасып кетті.

         -Ә, бәрекелді, молда табылды.

- Аты кім екен өзінің?

-Өкей дейді.

Молда ма екен?

-Соған ұқсас көрінеді.

-Енді неғып бәлсініп тұр?

- Шала көрінеді.

-Не біледі екен сонда?

- төрт- бес сүре, шамалы аят білетін көрінеді.

-Бәсе, пошымы молдаға келіп тұр.

-Білмегенді Алла кешеді. Молда болғаны жөн.

-Иә, Алла бәрін біліп тұр ғой.

- Білгені былай тұрсын, бәрін айнадағыдай көріп тұрған шығар.

- Енді Өкей молдаға бас иелік.

-Келістік.

Сөз осымен бітті. Мен табан аудармай молдалыққа рият еттім. Аяқ астынан «Өкей молда» атандым. Енді тырбынбаса болмас. Білгенімше дәрет алып, жаназа жұмвсын қолға алдым. Өлікті жөнелтуден аздап хабарым бар еді. Сонымның пайдасы тиді. Әйтеуірі білгенімнің бәрін істеп жатырмын.

         Мәйітті арулап жуып, кебіндеп, сыртқа шығарып,  ел алдына қойғанна кейін:

-Ассалауати жаназа,- деп айғайладым.

         Ел тына қалды. Менің әрбір сөзімді қалт жібермеуғе тырысып, әр қимылымды бағып тұр. Осы сөз қатарынан төрт рет қайталанды. Жүзімді құбылаға бұрып, әлгі білетін сүрелерім мен жалғыз дұғаның әрқайсысын үш реттен қайталап, сыдыртып оқып шықтым. Ара- арасында қазақшасын да қосып жіберемін. Несі бар Алла қазақша білмейді дейсің бе? Қосқандарым олқы соқпады, қайта ойым қордаланып,қоюлана түсті.

Екі дүние жәйлі, Алла қағидасы жәйлі ішімнен күбірлеп айта келіп:

  • Кәрім қандай адм,- дедім.

Жиналғандар ду ете түсті.

-Жақсы адам.

-Иә, жақсы адам.

-Жақсы...

-Қарыздарың бар ма?

-жоқ.

-Ендеше қабірстанға тарталық.

Жүріп те кеттік.Молдалық тірлігім қабір басында қайта жалғасты.бүкіл зиратқа аят оқыдым. Қазылған қабірді зерделеп, қарап шықтым. Жиналғандарға білгенімше уағыз айтып жатырмын.Бейіт басының шаруасы да бітті. Марқұмға құран аудармаққа бекіндім. Үйге бат алдық...

         Сонымен бұл ауылға шопыр Өкей болып барып, « молда Өкей» атанып қайттым. Қалтам да аздап томпайып қалды...

         Ауылға келгеннен кейін осының бәрін Жүрсін молдаға бірін қалдырмай теп- тегіс айтып бердім. Молдакең әу баста күлді. Күлді де;

  • Өте дұрыс істегенсің,- деді разы кейпін жасыра алмай,- өте сауапты іс қылғансың. Алла білместіктің бәрін әманда кешіреді. Бет алысың жөн екен. Енді мен сені оқытпасам болмас...
  • Сөйтіңіз молдеке...

Молдакең сөйтті. Қашан құранды судыратып оқығанымша қасынан қарға адым ұзатып шығармады.Білмейтінім көп екен. Әйткенмен алдым ашылып қалды. Дәрет алуым түзелді. Бес уақ намазды да толық атқарып жүрдім.

Арада жыл айналып, Кәрім марқұмның жылы да келіп жетті. Ақ жигулиімді жайнаңдатып, сыдыртып мен де бардым. Ас қамында жүргендер мені көріп, қуана құшақ ашты.

Өкей молда келді.

шШай ішіліп болғаннан ейін мал сойылуы тиіс еді. Мен түпкі үйде сәл мызғып алмақ болып, жантайып жатар едім, біреу келіп;

  • Аға, сізді Қоржынтай шақырып жатыр,- деді.

Далаға шықтым. Сойылар малдың қасында, топты адамның ішінде қоржынтай тұр екен. Қасына барып едім:

-Мына малға бірдеме оқысаңшы,- деп тілек айтты.  Мен:

- Өздеріңнің молдаларың қайда,- деп өзіне қайыра сұрақ қойдым.

Қоржынтаймен ң қатар тұрған қауынның қабығындай жұқалтың, жастау жігіт мені көріп, зарлап қоя берді.

-Аға, бұлардың молда деп дарайтып жүргендері мен. Молда атандырып жүрген тағы өздері. Болмаса менің еш молдалығым жоқ. Төрт сүрені білген жан молда болушы ма еді. Аға, молдалықты сіз атқарыңызшы.

     Мен күлдім. Себебі, мына жас жігіт тура менің өткендегі күйімді бұлжытпай қайталап тұрғандай еді.

  • Қандай сүрелерді білесің,- дедім.
  • «Ықылас»,»Фәлақ»,»Нәс»,» фәтиқа» сүрелерін толық білемін. Енді «Кәусар» сүресін жаттап жүрмін,- деді ол.
  • Басқасын білмейсің бе?
  • Жоқ аға, бар білетінім осы. Молдалықты сіз атқарыңзышы...
  • Мақұл.

Бұл ретте де молдалықты түгел мен атқарып шықтым. Дейтұрса да сапалы, сәтті орындағандай едім.

Кәрімнің жылы өткеннен кейін әлгі ауылда апталап жатып, әлгі жігітті құранға баулыдым.намаз оқу, дәрет алу тәсілдеріне сілтеу жасадым. Біз нағыз молдалық жолға түскендей едік.

     Несі бар,үйренсін, ауыл болған соң, жалқы мешіт, жалғыз молда ерек қой...

 

                                                      

ҚАЛИДЫҢ СЫРЫ

                           

         Қолға алған істің қызығын көріп, нәтижесін шығару үшін үлкен құштарлық, құлшыныстың керек екені айтпаса да түсінікті. Сен салар да, мен салар, атқа жемді кім салар тірлік ешкімге опа бермейді. Алдаусыратып келеді де, аяқтан шалады. Оңбай ұтылғаныңды кеш білесің. Еңбегің еш, тұзың сор болады. Әне, өз тірлігіңнің парқын сонда пайымдайсың.

         Бәрін де басынан бастайыншы. Менің Нұртас деген досым болды. Екеуміз ит жейдемізді қатар тоздырған, айлас, жылдас құрдаспыз. Бірге өстік, тең білім алдық. Әй, жас баланың зерегі-ау, бірдеме айттың бітті, құлағына құйып алады. Істеймін дегеннің бәрін битін салып, құмыға істейді.

         Біз оныншы сыныпты бітірер жылы ауылда молда оқуы ашылды. Ауылды ертеректе Қапан деген бірадар кісі өтіпті. Жарықтық тұқымынан дін жібі үзілмеген, иман ұйыған, тым тақуа жан екен. Оның әкесі Қасен де аты шулы молда болыпты. Қасен молда бүкіл өңірге арнап, әшекейі күнге шағылысқан сәулетті де зәулім мешіт салдырыпты. Малын, дүниесін еш аямапты. Мешіт болса, имандылықтың асқақ белгісіндей болып, айналасына айбарын асырыпты. Келем деушілерге есігін айқара ашыпты.  Қырқыншы жылдардың басына дейін әлгі мешіт  құдай деген пенделеріне қалтықсыз қызмет етіпті. Ол кез дегеніңіз қызыл қоғамның тай қазаны сақырлап қайнап, буы аспандап тұрған кез ғой. Қызыл жағалылардың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып,түкірігі жерге түспей тұрған шақ еді. Жер бетін қызыл жалындай жалаған обыр қоғам, енді аспанға шапшығандай болып, шу асаулықпен қағынып тұрған. Дін бұл тұста атаусыз, ұмыт қалғандай еді.

         Бір жылы көктемде мал төлдетер кезде қора жөндеу ісі шұғыл қолға алыныпты. Қажетті құрылыс заттары қат болыпты. Сонымен, не керек, қызыл жағалылар әлгі мешітті тал түсте талапайға салыпты.

  • Мешітті бұзу керек,- деген шешім табанда жүзеге асыпты.Топты тобыр анталап келеді де, әлгі мешіттің тас керегесін талқан етеді. Әп- сәтте қиратып, бүлдіріп, не керектіңнің бәрін жылан жалағандай етіп, алып кетеді. Мешіттің орны ғана қалыпты.
  • Бұларың не, құдайдан қорқып, пендеден ұялсаңдар етті. Шалғай ауылда бір мешіт керек қой,- деген уәжді айтар адам табылмапты.

Арада жарты ғасырға жуық мерзім өтеді.Заман да, заң да бәрі түбегейлі өзгереді. Жарықтық дін бұлт арасынан шыққан күндей жарқ етіп, қайта шыға келеді.Сол жарқ етіп, шыға келген күндей болған күн сәулесі мұқым мұсылман әулетінің көңіліне нұр құйып,тәңіріге деген тәубесін оятады. Тәңіріге деген тәубенің оянғаны сол емес пе, Қадыр баяғы әкесі салған мешіттің орнына келістіріп тұрып, заманауи жаңа мешіт салдырады.Өзі бастап еді, бүкіл ауыл алақанына салып, тік көтеріп әкетеді. Ешкім ештемесін аямады. Әркім қолда барын берді. Әйткенмен, атақ Қадырдікі болып қала берді.

Әуелі бұл мешітте ауыл кәриялары жұма намазын оқып жүрді де, артынша бала оқытады екен деген сыбыс шықты. Сол хабарды маған алғаш жеткізуші де Нұртастың өзі еді. Бойшаң келген, денені, толық қара бала. Қағылез. Сәл қалқан құлақтау. Ат жақты бет әлпетіне ұшы созыла біткен қыр мұрны ерекше жарасып тұрады.

  • Ертең сабақтан соң, түстен кейін мешітке барамыз,- деді.
  • Бізден өзге баратындар бар ма екен?,- дедім мен.
  • Бар көрінеді. Жазылып жатқан сияқты.
  • Мектептегі оқуымызға әсерін тигізіп жүрмесе игі еді.
  • Е, сол да сөзбе, бәріне де көндігеміз.
  • Кім оқытатын көрінеді?
  • Қадыр.
  • Ашуланшақ, екі сөзге елмей шарт катетін кісі деуші еді.
  • Көрерміз...
  • Біле алмай жатсақ, Қадекең көк шыбықпен шықпыртатын шығар.
  • Мейлі, өлтіре қоймас. Сол таяқтың құдіреті шығар, Қапан әулеті шетінен оқымысты, білімпаз. Ұл- қыздырының бәрі кіл оқу озаты.

- Біз де сол озаттарға қосылып кетіп жүрмелік.

     Екеуміз күлдік.

     Ертесі ауыл сыртындағы, мәуелі бақ ішіндегі Қасен мешітіне де бардық. Он шақты бала жиналып қалыпты. Біз де тізімге алындық.

     Қадыр шынында да ел айтқандай қатал адам еді. Өңінің өзі сұсты. Қара қошқылдау жүзі, түксиген қабағы бір түрлі зәр шақырып, шаңытып тұрады. Қырқпа сақал, едірейген мұрты бар, пайғамбар жасындағы мосқал жан екен. Сырт түрі бір қарағанға  қатқыл сезілгенмен, , байқаған жанға үні жұмсақ, сызылып шығады екен. Әйткенмен, бірдемеге ренжи қалса,алақ- жұлақ еткен көзі мен салбыраңқы мұртының  әнтек қозғалақтағаны

тым суықтау сезілетін еді.

     Сонымен молда оқуын оқыдық. Күніне екі сағат, дүйсенбіден бейсенбіге дейін төрт күн оқимыз.

     Молдакеңнің алды қатал болғанымен, арты қайырлы секілді. Кім білсін, әйтеуірі өзіме солай . Қолынан үнемі солқылдаған көк шыбығы түспейді. Сабақта дымымыз шықпайды. Өз демімізге өзіміз тұншыққандай болып, тастай қатып, мелшиеміз де қаламыз.

     Молда әу баста:

  • Бұл әкелеріңнің үйі емес. Бұл Алланың осы аядай ауылдағы жалғыз ақ отауы. Айтқанды дұрыстап тыңдап, берген тапсырманы бұлжытпай орындаңдар. Бұл сенденге әрі мектеп те емес.  Мектепте өтірік баға құдайы көжедей таратылып, тегін қойыла береді. Бұл жерде оның бірі де болмайды. Сендер өздеріңді Алланың алдында отырғандай сезініңдер. Сондықтан оқу қатал жүргізіледі. Қисық кеткеніңді аямаймын,- деп ескерту жасап еді. Айтқанын орындады. Бір емес, бірталай баланы оқымағаны, сөз жаттамағаны үшін жазалап та тынды.  Талайының арқасынан көк шыбық жыландай ысқырып, үйіріліп өтті.

Уақыт өте келе бала саны кеми берді де, үш- төрт бала ғана қалдық. Ең ұғымталымыз- Нұртас. Молдакеңнің айтқанын бұлжытпай орындайды. Оқы дегенін оқиды, жаз дегенін жазады. Мүлт кету, жаңылыс дегенді білмейді. Одан кейінгі жақсы оқитын шәкірт менмін.

         Келер жылы аудан бойынша құран сүрелерін мәнерлеп оқудан ашық жарыс өткізілді. Оған Нұртас екеуміз қатыстық. Нәтижеде Нұртас аудан бойыншы бас жүлдені жеңіп алды да, облыс кетті. Екі аптадан соң облыстық құран сүрелерін мәнерлеп оқудан тағы да бас жүлдені иеленіп, Арабстанға жолдама алды.Сол жылы оқуын бітіріп, қағазын алды да, Мекеден бірақ шықты. Мемлекеттік дін қоғамы тегін жолдама беріпті. Ал, Арабстанда оқу дегеніңіз бекер көрінеді. Бейнет түбі- зейнет деген сол.

         Бұл ауыл ғана емес, аудан көлеміндегі баға жетпес үлкен жаңалықтардың біріндей еді. Қадыр молданың да тасы өрге домалап, атағы аспандай түсті.

         Меккеден хаттар келіп жатады. « Бұл бір керемет өлке,- деп жазады хаттарында,- дүние бір түрлі нұрға малып алғандай ғажап сезіледі.  «Әль- Қағбаны» сырттай талай көрдім. Енді ішіне де кірудің де сәті түсіп қалар...Сенің сылбыр, ояң оқығаның бекер болды,- деп маған аяныш та білдіреді,- құлшынып, тырысып оқығанда сенің де жұлдызың жарқ ете түсері анық еді. Мұнда қу жаныңа керектінің бәрі бар. Оқу, тамақ, жол бәрі бекер.Бірақ бір ғана нәрсе жетіспейді. Ол –сен. Сенің орның ғана бос тұр. Шіркін, қасымда сен болғанда неткен жақсы болар еді...Ал,қош сау бол...»

         Кейінгі хатында Меккені біраз аралағанын, араб тілін де тәп- тәуір біліп қалғанын жазыпты. Соңғы хатында ауыл, үйін, достарын сағынғанын тілге тиек етіпті Ыңғылы келетін секілді. « Түркияға барып, одан Алматыға ұшамын» деп хатын аяқтапты.

         Неткен аяулы тірлік еді бұл. Стамбулдан Алматыға ұшқанның өзі неге тұрады. Алланың сирек сыйы деген осы шығар...Сол сый Нұртасқа бұйырыпты.

         Ал, мен алған бетімнен қайтып, ештемеге моий қойған жоқпын. Іздеген жетер мұратқа деген ғой бұрынғылар. Сол айтқандай,  дін жарығын  оның ізгі сәулесін қайткенде өз үмітімнен өшірмек емеспін. Киелі тірлік- дін жолындағы игі бастаманы одан ары жалғастырсам деймін. Құдай Қадыр молданың жанына амандық берсе, менің де дегенім болып қалар. Несі бар, Нұртас айтқандай бүгін болмаса да, ертең жарқ ете қалармын...

         Күн бесін ауып барады. Дәл осы шақты тау асып, күнде бір ұшақ дәл төбемізден ұшып өтеді.

Мүмкін, Түркиядан ұшып шыққан ұшақ болар.Мүмкін, Нұртас та осы ұшақтың ішінде келе жатқан болар. Мүмкін...

 

                                                         

 

                                          СЕНБІЛІК

 

     Бәзбіреулер басынан өткен пәлендей  жайды түгін қалдырмай терміштеп,жазып жатады.Ақ қағазбен алысады.Онысы да жөн шығар,қай бір жай есте қалады дейсің.

     Ал,мен ондайға мүлдем құлқы жоқ адаммын. Жазғыш емеспін,қолыма қалам ұстап, ақ қағазды жөнсіз шиырлаудан аулақпын.Бірақ қанша дегенмен де  кәсібім тарихшы,мұғалімдік емеспе,ара-тұра түртіп қойған бір нәрселер болушы еді.Есімнен екі оқиға кетпейді.Енді соны баян етсем деймін.

      Сол жылдың көктемі қыстың кәріне ұшырағандай болып, суқай басталды.Наурыз аяқталып қалса да, аспан асты қабағы ашылып,әсте жадырай қоймаған.Сұрқай аспан дүниені толығымен тұмшалап,суық лебін таратып,сыз бүркіп тұрғандай еді.

  Жаратушының зырылдауығында тоқтау бар ма,арада ай жаңаланып,сол кездегі «күн көсеміміз»Лениннің әйгілі қызыл сенбілігі де келіп жетті.

  Ол кезде мен колхоз партия ұйымынң хатшысы едім.Тап-таз қызыл коммуниспін.Сол шақта көктем айының алғашқы күнінен бастап,дімкәстеніп аудандық емханада жатқан едім.Тұла бойымды қармаған суық енді сүйекке шауып,соның салдарынан буын-буыным зырқырап,пушайман күй кештім.

Емделгеніме айдан асып,енді-енді бетім бері қарап,оңшала бастағандай едім.

  Ертеңгілікке жаппай тексеруден соң,кезекші дәрігер келіп:

- Сізді емхана партия ұйымының хатшысы шақырып жатыр,жүріңіз,- деді.

  Мен емхананың алабажақ киімін кие салып,хатшы бөлмесіне келдім.Аласа бойлы, ықшам денелі, жылы пішінді, қара торы жігіт еді.Маған дәрігерге тән ибамен мейірін төгіп,күле қарады да,тиселі сөзін айтты.

-Мәселе былай,-деді сөзді онша арылатпай,-үш,-төрт күннен кейін ұлы  ұстазымыз,жер бетінің жалғыз жарылқаушысы  Ленин атамыздың қызыл сенбілігі басталады.Оғна бүкіл Кеңес елі, қала берді өзге елдер де қызу әзірленіп жатыр.Ол жағын өзіңіз де бек жақсы білесіз.Жаң ғана аудан партия ұйымының хатшысы Сапар Сәтбаев телефон шалды.Сөздің тоқ етері мынау:сіз бүгіннен қалмай емханадан шығып,өз колхозыңызға баруға тиіссіз.Сізді көп-көп партиялық ұйымдастыру шаралары күтіп тұр...

  Мен не дерімді білмей, мүдіріп қалдым.сасқанымнан көзіммен жер шұқып,желкемді қасыдым.

-Айтқаныңыз жөн ғой,-дедім міңгірлеп,-дегенмен әлі айығып болмаған секілдімін.

-Сен түсінші,-деп хатшы алақанын жайып,шарсыздық белгісін таныып,-бұл дегеніңіз үлкен оқиға ғой...

- Әрине,- дедім мен де жауаптаса сөйлеп,- ол дегеніңіз жөн ғой. Әйткенмен...

-Жә, енді сөзді осымен доғаралық,- деп ол орнынан тұрып кетті,- сенің басыңда қандай бұлттың айналып тұрғаны белгілі.Бірақ сен қалайда бүгін емханадан шығуға тиіссің.Бұл әуелкіден Сапар Сәтбаевтің сөз, екіншіден партияның сөзі.Мен тек партия нұсқауын орындаушы ғанамын.

   Сөз осымен бітті. Мен тиселі дәрісымақтарымды алып, жолға шықтым. Жылы бөлмеде, бір орында жатып, ем қабылдаған неткен жақсы.Сыртқа шыққаннан кейін-ақ жағдайым тағы сыр бере бастады. Денемді суық қағып, саз жерде жатқан малдай бүрсеңдеп қоя бердім.

   Дегенмен ендігі жерде денсаулықты айтып, әлдекімге шағыну мүлдем қажетсіз еді. Аяқ астынан маңдайыңнан сипап, жаныңды ұғар пенде қайдан табыла кетсін.

   Ертесі кеңсеге бардым. Бір күннен кейін болатын қызыл сенбіліктің жоспарын жасадым. Көше-көшенің бәрін қызыл жалауша қаптап кетті.Бейне қызыл қаншық күшіктеп, ұп-ұсақ қызыл күшіктер ауыл-аймақты аралап кеткендей еді.Бәрінде де атала қаздың басындай қылтиған Лекеңнің басы.Шыбын тайып жығылғандай айтақыр бас, сәл қылилау, аялы күңгірт көз, тірлігінде қылтанақ шықпаған жып-жылмағай иек сәтке болса да, өзі тұрған жердің айналасына айбар беріп, үстемдік етіп тұрғандай еді. Құлаш- құлаш ұрандар жазылды. Не істеу керектігі айқындалды. Жылда осы сенбілікте ауылдан тысқары жердегі егістіктерге су баратын тоғандарды тазалаушы едік.Бүкіл ауыл еңбеккерлері, комсомолдар, коммунистер, қала берді мектеп оқушыларының күшін осы бір игілікті іске пайдалатынбыз.Бұл істің де көш-құлаш жоспары жасалды.Қай егістікке қай топ барады, нендей техника көмекке келеді, не істеуі тиіс,тіпті түскі ішер асына дейін түгел шешіліп қойылған.Сол күні кешке ауылда партия ұйымының жиналысы өтті.Оған қоса комсомолдар жиыны да бір бүйірде қабаттаса болып жатты.Ауданнан келген уәкіл де бар.Бәріміздің айтатынымыз айналып келгенде бір ғана мәселе, ертеңгі болатын Лениндік сенбілікті қалай өткізу жәйі. Жиналғандардың көбі дерлік сөйлеп өтті.Ұзын сонар баяндамалар жасалды.Аядай ауыл Ленин, сенбілік деген сөздерге ісініп, екі иінінен дем алып тұрғандай еді.

   Менің денсаулығым сәт сайын нашарлай түсті. Денемнің қызуы оқтын-оқтын білініп, жайсыздық табы белең ала бастаған.Әйтсе де шыдаудан өзге еш амалым жоқ еді.

   Ертесі сағат тоғыздар шамасында ауылдық кеңсенің алдында үлкен митинг өтті.Аз ғана кіріспемен сыдыртып, мен  сөйлеп өттім.Менен кейін ауданнан кедген уәкіл, онан соң тағысын тағылар шұбыртып сөйлеп жатты.

            Жиыннан соң бүкіл ауыл болып,ауыл сыртын бетке алды.Қара машинаның қорабына құс балапанындай шүпірлеп отырған мектеп балалары салған ән  аймақты басына көтерді.

  Қызыл қоғамның екпіні күшті еді ғой.ойына алған істі мақау адамша қимылдап,дүлей күшпен тындырып тастайтын.Қиядан құдық қазып,жоныңды таспадай тілу түкке тұрмайтын.Зәнталақтың қахары қатты еді.Дей тұрсақта  не нәрсе болса да,жағдайға байланысты ғой.Сол күні ел аршындай қимылдап,өнімді іс тындыра алмады. Оғна сол күнгі ауа-райы кінәлі секілді еді.Таңертеңнен бері қарай тұнжырап,түйіліп тұрған көктем күні сиыр сәске әлетінде көбесі сөгілгендей болып,сіркіреп жауып қоя берген.Алғашқыда тоғанның әр тұсында тасқа шақылдап тиген үні жиі-жиі  естілген кетпен үні сәт сайын құмығып,талмаурай түскен.Мұндайда іс қалай өнсін.Жұрт еңсесі түсіп кетті.Ал мен бейбақ болсам түс мезгіліне жетер де жетпес уақытта жар жағалап келе жатқан жерімнен мұрттай ұшып, есімнен танып, құлап түстім.Аудандық емханаға тағы жол тарттым.Айға жуық жатып,бетім бері қарағандай еді.

  Баяғы емхана партия ұйымының хатшысы кезексіз өз бөлмесіне шақырып алды.

-Бүгін жұма,ертең емханадан шығасыз дүйсенбінің ертеңгілігінде Сапар Сәтбаевтың, не болмаса өзге басшының қабылдауында болуға тиіссіз,-деді.

  Мен үнсіз келісіп,бас изедім.

  Сонымен дүйсенбі күні ертеңгі сағат ондар шамасында,аудандық партия ұйымының екінші хатшысының қабылдау бөлмесіне келдім.

  Көмекші қыз:

-Сәл күте тұрыңыз,Алматымен телефонмен сөйлесіп жатыр.Кірер кезіңізді өзім ескертем,-деді.Аздан кейін көмекші қыздың:

-Кіре беріңіңіз,- деген үні сыңғыр ете қалды.

  Есікті баппен ашып,ұзыннан кілем төселген кең бөлменің қақ төрінде отырған екінші хатшыға сызылта сәлем бердім.

  Ол сәлемімді елеп те қоймады.Ұсынған қолымды да селқос алып,құр әншейін емеурін жасады.

      Ұзын бойлы,жағы сорайған,селдір,сұйық шашты,қасқа бас,сары кісі екен.

     Дауысы ә дегеннен жүдеп,мұң шағып шықты.

-Өкінішті,-деді салған жерден түңіле сөйлеп,-ой, нендей орны толмас қиянат.

-Сапеке,жайшылықпа,- дедім мен де сипақтай сөйлеп.-Соншама түңілетіндей  не болып қалып еді? Даусыңыз тым өксіп тұр ғой...

-Қайдағы жайшылық, қайдағы жайшылық,-деп енді тіпті екіленіп кетті,- құрыды,бәрі де бітті,енді қайтып оңалмас.

  Жағдайдың не екенін білмек болып,сипақтап көріп едім,ол қолды бір-ақ сілтеді.Сөйлеме дегені, мен үнімді өшіре қойдым.Оның есесіне іші солықтағандай болып,сұңқылдап екінші хатшының өзі сөйлеп кетті.

-Ой,сабазым-ай ,- деді күйзеліп,-данышпан деген сол болар,түптеп, танып білгенге Лениннен өткен ұлы жоқ,ұққайсың соны жарқыным.Ол бәрін де біліп жатыр.Жай жатқан жоқ,бүкіл ғалам сырын ұғынып,сезіп жатыр.Күн көсем қайда өзі ,ойлашы ,-деді маған қоқилана қарап,-айтшы қане.Айтшы қане, жарқыным.Ол бәрін де біліп жатыр.Жәй жатқан жоқ, бүкіл ғалам сырын ұғынып, сезініп жатыр.Күн көсем қайда өзі, ойлащы,- деді маған қарап,-айтшы қане, айта қойшы, жарқыным.Ол қайда? Ол,- деді отырған орнында сұқ саусағын шошайтып,-Ол әлі тірілердің қатырында десең де болады.Жер оны қабыл алмады. Ленинді өлді деуге қалай аузың барады.

            Әкім енді орнынан тұрып, ары- бері жүріп сөйлеп кетіп еді.

-Ленин орнынан тұрып, сөйлеп кетуге шақ жатыр. Ол ұйықтап жатыр.Демек, ұйықтаған адамды өлді деуге бола ма, болмайды.Ол мына тірліктің бәрін айна қатесіз түсінде көріп жатыр.Сенің суық тиіп, жар бойында масқара болып, жығылып түскеніңді де көріп жатыр.Сенің жығылғаның, оның үстіне партия билетін құшақтап жайрап түскенің тіптен жараспайды...

 -Енді Сапеке, жағдай солай болды.Ауру меңдеп,- деп ақтала сөйлеп едім, хатшы қолды көлденеңінен және бір сілтеп өтті. Айтпа дегені. Мен тілімді тістей қойдым. Оның есесіне өзі әңгіменің ақ көбігін ағызды.

- Сен сияқты,- деді басын шайқап, тепсіне сөйлеп,- сен сияқты Лениннің суреті бар партия билетін құшақтап, ел алдында, жар жағасында жығылып жатқан бос белбеу, бор көтен жанның түкке де керегі жоқ. Сен кәзірден бастап, коммунист емессің. Сен өзіңді партия қатарында жоқпын деп есенптей бер.Арызыңды жаз да, тезінен қызыметтен кете бер...

            Мен бөгелмедім. Және бөгелудің де еш реті жоқ еді.

    Көп созбаламай, партия билетін тапсырып, хатшылық қызыметпен де хош айтыстым.

            Сол жылдың қыркүйек айында мұғалім болдым. Оқушыларға тарих пәнінен сабақ бердім. Мамандығым тарихшы болған соң, алыстап қайда барасың?Баяғы Мәкең,Энгелкең, Лекеңдермен оқулық бетінде тағы кездестім.

            Бұл жолы көсемдермен тіптен қойындаса, қолтықтаса кездескендей едім.Арнайы жабдықталған тарих бөлмесі бар. Сондағы самсаған суреттер әрине, Маркс, Энгельс, Лекеңдерден басталады.

-Адамзат тарихындағы данышпандардың бірі Маркс,- деймін желпіне сөйлеп,-ол осы күнгі заманның яғни бүгінгі коммунистік қоғамның теоретигі болды.Бәрін ойлап тапқан сол.Европаны кезіп жүрген коммунизм елесін көрген де сол.Эньгелс оның досы,ісін алға дамытушы.Лекең сол бос сөз,қиял дүниесінің бәрін тірлікте іске асырушы.Ол революционерлер ұйымын қолға алды да, Ресейді төңкеріп тастады.Қара табан кедейлер тайраңдап,аспанға шығып, ел иесі,жер иесі болған тұғырлы пенделер тұңғиыққа да батып кетті.Ленин жолдасты әсте өлді деуге болмайды,-деймін есіме баяғы екінші хатшының айтқаны түсіп,- ол тек қана ұйықтап жатыр.Әрине, жәй емес, бәрін де түсінде ккөріп, сезіп жатыр.Сталин болса,- деймін бұл сөзді ешкімге айта көрмеңдер  дегендей құпиялай сөйлеп,-мықты болған, әрі қатал болған. Қателікті еш кешірмеген. Жазасы тек қана өлтіру болған. Өлтіре берген, өлтіре берген. Соғыс бітер жылы ,- деп енді ол туралы елден естігенімді дарайтып, бөсіп жіберемін,- Ол жасырын түрде Берлинге барған ғой. Жабық танкімен тура Гитлердің ордасына барған.Ештемеден қаймықпай, төтесінен Гитекеңнің есігін қаққан.Бұрыннан әбден қаны қайнап,сырттай өлердей өшігіп жүрген кекшіл неменің ойы Гитекеңмен оңашада бір жекпе-жекке шығу еді.

      Сталин кіріп келгенде, Гитекең состиып, тұрып қалыпты. Гитлер:

- Неге келдің,- депті дүңк етіп.Стекең:

- Сенімен жекпе-жекке шыққалы келдім,- депті.Гитекең:

- Мен сен секілді арам қолды, қарақшымен жекпе-жекке шықпаймын. Сенің доңыз иісіңді сезініп, харам тәніңе ақ саусағымды тигізгім келмейді,- депті қасқайып. Стекең:

- Бұл сенің қорыққаның,- дегенде,Гитекең:

-Стеке нееғыласың әңгімені қопсытып,екеумізде жаңылдық ,-депті жәйлап қана,- Бүгін маған зауал келсе, Алланың ақ оғы ертең саған тиеді.Айналып келгенде екеуміздің де саудамыз бітті. Отымыз өшті.Ал, мен Алланың өзіме бұйырған ажалын өзім орындаймын.

- Қалай?

-Жалғыз оқты тапаншаның көмейіне қондырамын да, дәл шекеден басып қаламын.Іс бітті деген сол. Сен сөйтер ме едің?

   Стекең үндемепті. Тек қана басын шайқапты. Болмайды дегені ғой.

Әрине, сен сөйтесің,- депті Гитлер,- өйткені сен сталь емес, ыштансың.

  • Ыштан деген не,- депті қызыл жағалы мұңдар.   

-Соны да білмейсің бе,- депті анау көзі адырайып,- ыштан деген қазақтың әйелдері бұтына киетін үлбіреген жұқа бұт киім.

   Стекең қолды бір сілтепті.

- Ой, сен де сандала береді екенсің...

     Гитлер осыны айтыпты да,қолына тапаншасын алып,басынан асырып,оңды-солды ата бастайды.Стекең:

- Сен неғып жатырсың,-деп сұрапты.Гитекең:

- Соны да білмейсің бе,ақымақ.Не нәрсені болмасын іске асыру үшін жаттығу керек.Мен зауал сағаты соққанда қалай өлудің жаттығуын жасап жатырмын,-депті.

     Стекең қолды және бір сілтепті де,шығып кетіпті.Алайда Стекең өмірінің соңы тым аянышты болған.Сансыз төгілген қан,аққан жас жаныңа еш маза бермеген.Ұйықтауға жатты бітті,өзіне қарай созылған сансыз қолдар жағасына жармасып,мойнын сығып,буындыра жөнелген.Ұйқы қашқан сорлы да,не күй болсын.Ақыры,жынданып кетіпті.Өз киімін өзі жыртып, дал-дұлын шығарыпты. Ол ол ма,аздан соң өз етін өзі жұлып жеп,аузы жетер жердің сау тамтығын қалдырмапты. Дәрігер атаулының емі еш қонбапты. Қайта дәрігерді көрсе, онан әрмен құтырып кетіпті.Сонымен, Стекеңді алып ұрып, қыл арқанмен қырық айналдырып, байлап тастапты.Бұның жанын алмасақ болмас деп, Әңкір-Мүңкір де жеткен ғой. Жетуін жетеді, әйткенмен жолбарыс талаған бөкендей болып, пәре-пәресі шығып, қанға малшынып жатқан Стекеңді көргенде, жаналғыштың өзі абыржып қалыпты. Не керек, ақыры өліпті...Міне, Стекең туралы айтар сөз осы.Ой, балалар, айта берсең әңгіме көп қой.Қайсы бірін айтып тауысарсың...

   Ұстаздық тірлікке де әбден көндігіп,үйреніп қалғандай едім. Айналдырған алты жылдан соң дүние тағы өзгеріп сала берді.Ленин заманының күні батты.Қызыл отаудың бұрыш-бұрышын мекен еткен қызыл төбеттер панасыз күй кешіп, аштан бұратылды.Қызыл қаншықтар бөксесі солып, тентіреп кетті.Бұл маған жетпіс үш жыл, алты ай, он сегіз күн ғұмыр кешкен ұрда жық мінезі бар, дінсіз де имансыз, қып-қызыл киімді тентек шалдың жүрек талмасы ұстап,кенеттен фәниден өткеніндей әсер етті.

   Жаңа заман басталды.Тарих бетінен Маркс, Энгельс, Ленин дегендер атымен өшіп, келмеске кетті.Оның есесіне елім, жерім деп зар еңіреп өткен және сол үшін отқа да күйіп, суға да батқан,иман жүзді жандар уақыт шаңын сілкіп тастап,өз ұлтымен қайта қауышты.

   Қызыл сеңнен кейін жер беті қайта гүлдеп,дүние жаңадан жайнап сала берген.Енді Лекеңдер жәйді ашық шындықты айтуға тура келді.Қиналатын жәйіттер көп. Кешегі өзің жер-көкке сиғызбай мақтаған көсемдерді өре тұра келіп жамандау деген кімге де болсын оңай тие қоймас...

   Тұрлаусыз уақыт тоқтамай сырғанай берген.

  Сәуір тазалық айы.

   Бір күні мұғалімдерді директор шақырып жатыр деген соң, мен де тезінен жетуге асықтым.Барсам, менен өзгелері дерліктей жиналып қалған екен. Басшы тазалық жәйлі айта келіп:

-Бүгін сіздерге істейтін іс табылып тұр.Есіктің кіре берісіндегі Лениннің мүсінін бұзып, орнын тап-таза етіп қойыңдар,- деді.

   Ләм деген ешкім болмады.Жастар жағы бұл тірлікті сан-саққа жүгіртті. Келемеждеп күліп жатқандар да бар...

   Мен тағы да жайсыздық табын сезініп, ыңғайсызданып қалдым.Қанша дегенмен аты құлаққа сіңісті, көз таныс бейне емеспе.Есіме баяғы хатшының айтқан сөзі түсті.Лекеңнің Кремльде ұйықтап жатқан бейнесі көз алдыма елестеп, жаным түршікті...

  Ленин қасқаның бейнесін бұзу түкке тұрмады.Бір шай қайнатымға жетпес уақытта тып-типыл қып тастадық...

   Жарықтықтың өзі ойлап тапқан сенбіліктің түптің түбінде өз мүсінін құртқанына жағамды ұстап,еріксіз үрейге бой ұрдым.

   Көргенінен көрмегені көп пендеміз ғой, кім білсін, аман болсақ әлі бұдан да зор қызықтарға кезігіп қалармыз...

 

 

                                     ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГІ БАР                                                

         Иә, өткен күнде белгі бар. Әнзалы осы дұрыс айтылған сөз. Өткен күн деген білген жанға жызылып бітіп, қаттаулы тұрған кітап секілді. Сол көңіл кітабын парақта да, қажетті жерін ой сәулесімен ашып, оқи бер, оқи бер. Өткен күндер сұлбасы сағымдана елес беріп, тіпті сәлден соң тіл бітіп, сөйлеп қоя бермесіне кім кепіл.

         Балалық шақ, бал дәурен күндер, одан кейінгі бозбалалық, есею жылдары дерліктей Кеңес үкіметінің аясында өтті. Қызыл қоғамның барлық басқыштарынан өттім. Октабрят, пионер, комсомол, одан кейін коммунист болдым.

         Әкем колхозда алдыңғы қатарлы, аты шулы шопан еді. О заманда мал жағалағандар онша көп қинала қоймайтын.  Үкіметтің көп - көп жеңілдіктері болушы еді. Осы жеңілдіктің шарапаты маған да тиді. Он жылдықты бітірген жылы әкем мұғалімдерді жайлауға шақырып, келістіріп тұрып, қонақ етті. Арғы жағы белгілі, куәліктегі бағаның бәрі өзгеріп шыға келді. Екі – үш деген бағалар қызыл судың ағынына кеткендей болып, кілең төрт пен бестіктер самсап, дария бетіне  шыға келді. Төртінен бесі көп.

-   Әкесі Рақмет бүкіл өмірі мал соңында өткен адам. Оны өздерің де жақсы білесіңдер. Енді баласы болса да оқысын. Тұқымымен мал қуалап кеткені бола қоймас, - деп мектеп директоры уәж білдіріп еді, өзгелері әрең шыдап отыр екен.  Ұйтқып соққан желге жаппай сабдырлап, үн қатқан үкілі қамыстай болып, қоштап шыға келді.

-      Директор дұрыс айтады.

-      Рекеңнің баласына тек жақсы бағалар ғана жарасады.

-      Қызыл куәлік берсе де болады. Әкесі малшы ғой...

-      Осы да жөн сөз.

-      Жоқ, ол бола қоймас.

-      Қызыл болмаса да, соған жақындатып қоялық...

         Осымен куәлік түзеліп, малшы баласы деген желеумен  оқуға да түстім. Студенттік жылдар да сынаптай сырғып, өте шықты. Ауыл мұғалімі болып шыға келдім.

         Бір күні мектеп директоры Байсалбай сол күнгі сабағым бітісімен өз кеңсесіне шақырып алды.

  • Бала, сенің қызметің сәл жоғарылағалы тұр,- деді.

Елең ете қалдым.

  • Ол не қызмет?

Мектеп директоры енді тіптен маңғаздана түсті.

  • Сен,- деді темекісін бұрқыратып,- Кеңес үкіметінің шарапатының арқасында өзіңше өріс ашып, жаңа мекеменің кілтіне ие болғалы тұрсың. Ай жаңасынан бастап, кешкі мектеп ашылады. Үкіметтің пәрмені бойынша, елу жасқа дейінгінің бәрі орта білімді болуы тиіс. Жоспар керек, жоспар. Сол жоспарды біз орындамағанда кім орындайды?
  • Иә, айта беріңіз
  • Айтса былай, сен сол кешкі мектептің меңгерушісі боласың.
  • Меңгеруші.
  • Иә, бастығы боласың.
  • Әскери дайындық, дене, тағы бір сабақтар болмайды. Қалғанының бәрі бар. Ақшасы күндізгімен бірдей...
  • Мен оның мәнісін, былайша айтқанда не істейтінімді біле қояр ма екем?
  • Үйретеміз...

       Бұған не дерсің. Істемеймін деу қызыл мизамның заңына теріс келгендік болады. Мен келістім. Ол қуанып кетті...

  • Міне нағыз ұстаз. Шын коммунист адам осындай болуы керек. Әкеңді де қуантқанымыз жөн болар. Осы демалыста барып та қалармыз...

         Демалыс күнде келіп жетті. Рақаңды да қуанттық.

         Байсалбай бет- аузы тырысқан, тышқан көз, құйтақандай ғана сіріңке қара жігіт. Іске мығым. Шалдырмайды. Нағыз тіс қаққаның өзі. Тілі де майда, лыпып тұр.

  • Рақа, қуана беріңіз, балаңыздың қызметін өсіріп қойдым. Кешкі мектептің бастығы болып сайланды,- деп еді әкем сылқ ете түсті.
  • Айналайын, аузыңа май қарағым,- деді қуанышын жасыра алмай,- әуелі партия, одан кейін саған рақмет. Осы екеуің аман болсаң, біз қуанбағанда кім қуанады...
  • Қызыл үкімет әлі талай қуантады,- деді директор іле сөйлеп,- балаңыз әлі өседі. Ауыл асып, аудан, тіпті облыс кетуі де мүмкін...

       Балаңыздың қызметі өседі, бастық болады дегенге қай қазақ қуанбасын.  Әкем момын, адал адам еді. Қуанғаннан аузына жөпшенді сөз түспей, өңі күреңітіп, долырып кетті.

       Бір кепенің етін жеп, бір кепенің етін қоржынға салып, кері қайттық. Бәріміздің де ішкі есебмііз түгел...

« Кешкі мектеп ашылыпты. Асылбек соның бастығы болып сайланыпты» деген хабар аядай ауылды лезде шарлап шықты. Қолыма қалың журнал ұстап, үйді- үйді қоймай, бүкіл ауылды тегіс адақтап шықтым. Елу жасқа дейінгілердің ішінде мектеп бітірмегендер тіптен көп екен. Екі үйдің бірінен табылады.

  • Өздеріңізде естіген боларсыздар,- деймін ұғынықты тіл қатып,-ауылда кешкі мектеп ашылды.
  • Е, ашылса ашылған шығар,- дейді олар керіге тіл қатып,-енді бізге оқы, молда бол демексің бе?
  • Оқисыздар, оқытамыз.
  • Кімді, мына бізді ме?
  • Иә, тап сіздерді оқытамыз.
  • Күнім-ау,- дейді әлгі тыңдаушылар біреу қолтығына қол салып, қытықтағандай сықылықтай күліп,- мына бізді оқытпақпысыңдар?

         Мен қасарыса тіл қатамын

-      Иә, дәл осы тұрған сіздерді оқытамыз.

-     Қой, қарағым,- дейлі енді олар сырт беріп,-жасымыздың елуге толмағаны рас. Оның есесіне бес- алты баламыз бар.Зейнеткерміз.

-     Зейнеткер болсаңыз мейлі, бола беріңіз. Бірақ жасыңыздың елуге толмауы себепті оқисыз. Үкіметке жоспар керек, жоспар. Сіз соны түсініңіз.

-      Тек сол жоспарды орындау үшін оқуымыз керек пе?

-        Әрине, ол жағы да бар...

-        Ал, оқыдық делік. Куәлікті де алдық. Одан кейін қайда барамыз?

         Мен қолды бір-ақ сілтеймін.

-        Ол өз еріктеріңізде. Кім қайда барады, өз еркі. Онда ешкімнің де, тіпті партияның да, үкіметтің де шаруасы шамалы. Біз жоспарды орындасақ болғаны. Сол үшін оқисыздар...

         Қол сілтеу жағы енді оларға ауысады.

  • Құрысын, қойшы сөзді көбейтпей,- дейді қолды бір сілтеп,- жазсаң жаза салшы. Иә, оқимыз. Балаларымызбен, тіпті немерелерімізбен қағаз, қаламға таласып тұрып, бәсекелесіп  оқимыз. Әй, күнделікті кілең бесек толтырып бір, қызыл куәлік алмасақ па, тұра тұр бәлем. Ал, болды ма?
  • Болды. Сіз нақ айтып тұрсыз. Егер өте жақсы оқысаңыз, қызыл куәлікті де аласыз.
  • Алтыннан медал тағады екенбіз ғой...
  • Бұйырса ол да болады...

         Осы тақылеттес сөздерді бір үйден емес, талай үйден естідім. Оқымаймын дегендер де табылды. Бірақ бізге жоспар керек қой,  жоспар. Сол жоспарды орындау үшін кімнің болсын оқымаймын, қартайдым, аурумын дегеніне қарамай, бәрін де оқуға көндіріп, тізімге алып шықтым.

         Бүкіл өтілуге тиіс пәндер екі – үш мұғалімге ғана берілді.

         Директор:

-        Әйтеуірі, қағаз жағы мұздай болсын. Оқу жоспары, сабақ кестесі жасалсын. Ең негізгісі журнал тап – таза әрі әйбат толтырылсын. Тиселі күні өтілуге тиісті мәтінді жазып, бағаны жыпырлатып қоя беріңдер. Ара – тұра кейбіреуіне жоқ деп те қойыңдар. Кілең үш болып кетпесін. Бір – екеуін қызыл куәлікке әзірлеңдер. Бәрі табиғи қалпында болсын, - деді.

         Біз директордың айтқанын айнытпай істедік. Уақыт өтіп жатты. Журнал қаз қалпында толтырылып, ақшамызды өз мезетінде алып жаттық. Құлақ та тыныш, құдағи да тыныш  әншейін бір бейқам,  беймарал шақтың туғаны анық еді.

         Бір күні директор келсін дегесін, өтіп жатқан сабағымды тастап, бөлмесіне бардым. Директор жалғыз екен. Үстелінің үстінде бір парақ қағаз жатыр. Өзі көңілді көрінді.

  • Мына қағазды көрдің бе? – деді маған иегімен әлгі қағазды нұсқап.
  • Иә, көрдім.
  • Көрсең сол, бұл партияның білім саласын жетілдіру мақсатында шығарған жаңа қаулысы.
  • Иә, сонымен.
  • Енді , - деді ол маған тышқан көздерін тіктей қарап, - сенің бұрынғыдан әрман жұмыс істеуіңе тура келіп тұр.
  • Иә, істейік.
  • Істегені сол, бұрын сен тек қана кешкі мектептің бастығы едің. Енді оған сырттай оқу қосылды. Иә, кәдімгі оқудың бір түрі. Жоғарғы оқу орындары, институттар сырттай оқытпаушы ма еді.
  • Иә, иә.
  • Бұл да сол тақылеттес. Енді елуден асқандар да міндетті түрде сырттай оқып, орта білім алатын болады. Адамдардың жасына шек қойылмайды, алпыс болсын, жетпіс болсын, бәрінің де оқуға құқысы бар. Жоспар керек , ұқтың ба, жоспар. Енді саған және бір журнал ұстауға тұра келеді. Ол сырттай оқитын оқушылардың журналы.

       Мен күмілжіп қалдым

  • Олар мектепке келе қояр ма екен. Ол түгіл оқушылар кешкі мектептің өзіне келмейді.
  • Шұрқ етпе,- деді директор іштей тұншыға күліп, - шұрқ етпе. Оларды да оқытамыз.
  • Қалай?
  • Әуелі арнайы машинамен барып, малшыларды тізімдеп шығамыз. Бұдан кейін апта сайын машинамен бір барып, әлгі түлектеріңмен ессендесіп қайтасың. Әрине, өзіңнен өзге ұстаздарды да ала барасыңдар. Мектеп пен малшы ауылы арасында дәптер жүреді. Ол дәптер тексеріледі, баға қойылады. Сол бағалар жинақтала келе журналға, кейін куәлікке қойылады.

         Қызық енді басталды. Колхоздан арнайы бөлінген машинаға екі –үш мұғалімді салып аламын да, апта сайын қайдасың шопан ауылы деп жолға шығамын.

         Оқу деген аты болмаса, шынтуайттап келгенде бұл тірлігіміз таза күлкіге айналғандай еді. Бізді көрген жерде малшы қауымы мәз болып күліседі.

  • Әне, ұстаздар келе жатыр, - дейді шу ете түсіп, - әй, бір білмегенімізді біліп, білімге қарық болатын болдық – ау...
  • Атай көрме, бүгін жай малшы болсақ, күн ертең оқымысты қойшы, кандидат сиыршы, профессор жылқышы атанбасақ игі еді.
  • Әй, осы коммунизм жақындап қалды – ау деймін.
  • Итім білсін бе, әйтеуірі тықыр көп, мазалау көп.

         Рақымжан дейтін қойшы бар еді. Қашан барсаң да баяғы бір гөй – гөйін қайталайтын да отыратын.

  • Оу, ана бір әйелімді оқытсаңдар басқа жаққа апарып оқытыңдаршы. Былай оңашалап жігітшілеп дегендей, - дейді қитығып.
  • Е, не болды дейміз түсінбегенсіп?
  • Болғаны сол, салақ болып кетті. Үй жұмысын істемейді. Дәптер толтырам деп, көршы малшыға кетеді де, күні бойы жоғалады. Ішеді, ойнайды, күледі. Ал, оқыған түгі жоқ. 
  • Айтып қоямыз, - дейміз зілдене сөйлеп, тап бір әйелін көрсек тезінен жөнге салып жіберетіндей көрініп.
  • Бүгін міне үйде жоқ.
  • Қайда кетті?
  • Айттым ғой, жаңа Қадырдың үйіне кетті. Жігіттер, - деді енді күлмең қағып, - келіп қапсыңдар, өзімізше бойдақ шәй жасап, дастарқан жасап дегендей, екі – үш көк мойынды ортаға қойып, отырсақ қайтеді.
  • Болады, болады.

         Сұлушаш дейтін жастау келіншек бар еді. Үйіне барсаң ол да өзінше зарлап қоя береді.

  • Әй, ұстаздар, - дейді бізге тиісе сөйлеп,- айтатыным сол күйеуім шыли бұзылып, ішкіш болып кетті. Сендер дәптер, қағазбен қоса, арақ тасып, оны әбден құртып болдыңдар.

       Біз үндей алмай, жерге қараймыз. Өйткені көк бөтелкелерді қоржын басына салып ,әкелетініміз рас еді.

  • Осы кезде есіктің алдындағы мама ағашқа ат байланып, теңселе басып, Игілік үйге кіріп келе жатты. Өткен жолы да мас еді. Бұл реуіште де, мас екен.
  • Ұстаздарым менің, - деді табалдырықта теңселіп тұрып, - ұстазым менің. Сағындырған ұстазым. Сағым болған ұстазым. Сағындым – ау сендерді. Келіңдерші беттеріңнен сүйейін.

       Сөйтті де жәй амандасу былай тұрсын, шетімізден шөпілдетіп сүйе бастады. Әр келген сайын сөйтеді. Бүгін де сөйтті. Әбден сүйіп болған соң:

  • Ұстаздарым менің басқасы құрсын, темекі мен арақ әкелдіңдер ме, - деді тілі сөйлеуге әрең келіп.
  • Әкелдік, -  дедік біз.

         Игілік  ешкімді де тыңдамады. Ала көзімен тіктеп тұрып, бір қарап еді, әйелінің үні өшті. Шәй еселеп қойылып, дастарқан қайта жасалды. Игілік әрнені бір айтты, сөйледі, сандырақтады, күлді, жылады.

         Екі – үш стакан ішкеннен кейін Игілік мұрттай ұшты.  Қойқабы ұстап, кімге тиісерін білмей аз тұрды да, артынша жыламсырай тіл қатты.

  • Ұстаздарым, менің оқуым қалай? - деді ықылық атып.
  • Жақсы, әйбат оқып жатырсың.
  • Ертелі – кеш мазасыз мал санаймын.
  • Математикадан бес.
  • Таң бозынан тұрып, күн райын бақылаймын.
  • Астраномиядан бес.
  • Өлген малдың терісін тұздап, үнемі бұзбай сақтаймын.
  • Олай болса, химиядан бес.
  • Қараңғы түнде мылтық атып, қасқырға сес көрсетемін.
  • Олай болса, әскери дайындықтан бес.
  • Мен озат оқып жатырмын ғой, ә?
  • Иә, иә, бір сыныптың ең озатысың, әрі оқу секторысың.
  • Жоқ, мен тәртіп секторы боламын.
  • Болсаң бола ғой. Өйткені сенің тәртібің бәрінен жақсы... 

         Игілік осыдан ары тағы бірдемелерді айтып, мас болып, отырған жерінде есеңгіреп ұйықтап қалды. Сұлушашқа қарасақ өзімен - өзі болып, көзі күлмең қағып, құпиялап күліп отыр екен...

       Жыл аяғы бітіп, оқу мерзімі де аяқталды. Он алты оқушы оқып, мектеп бітірдіге санап, бар куәлігін алып, жолға шықтық. Бағытымыз- Игіліктің үйі. Куәлікті салтанатты жағдайда сол үйде тапсырмақпыз. Біз барсақ, мектеп бітірушілердің көбі жиналып қалған екен. Шәй ішіп, аз аял еткеннен кейін өзгелері де келіп жетті. Келмей қалғандары да бар...

       Салтанатты сөз сөйленді. Куәлікті де тапсырдық. Куәлік алушылар өзінің білім құжаттарына қызықтай қарап, пікір білдіріп те қояды.

  • Пәлі, мынаны қара, маған химиядан бес қойыпты.
  • Маған кіл төртті тізіп шығыпты. Демек екпінді болғаным ғой.
  • Маған тегіс үш қойғаны несі. Төрттен, бестен араластырса, бір жері кеміп қалар ма екен...
  • Ал, менікі тәуір секілді. Ұстаздар ішіп – жегенін ақтапты. Онысына рақмет.
  • Әттең – ай, - деп күйінді Жапар,- әттең – ай, мына екі төртті түзеп жібергенде, мен алтын медаль алғандай екенмін. Өкінішті.

-        Иә, өкінішті, - деп қағытты Кәмила деген құрдасы, - сегіз жыл оқып зорға әріп танып едің. Қой бағып жүріп оқып, алтыннан алқа таға алмағаның өкінішті.

  • Әй, сен сандалма,- деді Жапар қызарақтап, - өзің осы қай – қайдағыны сандырақтай береді екенсің... Тыныш тұрмайсың ба...

         Кәмила да көкайыл ғой. Есесін жіберер емес.

  • Кім білсін қайсымыздың сандырақтап тұрғанымызды. Әйтеуірі, осы екеуіміздің біріміз сандырақтап тұрмыз...
  • Қойыңдар, - деді менің серіктестерімнің бірі басу айтып, - айналып келгенде жаңа білім құжаттарың құтты болсын.  Бұл Лениннің, коммунистік партияның жемісі. Жемістерің баянды болсын.
  • Иә, болсын, болсын.
  • Солай болсын, - деді жиналғандар. Бұдан өзге не айтушы еді.

         Біз кері қайттық.

     Кейбіреу өткен күнде белгі жоқ деп, бәрін біттіге саяды. Осының бәрі өткен күннің белгісі емей немене. Басқаша не деуге болады. Ойға салып, таразылап көріңізші...

 

                  

НАУРЫЗ КӨЖЕ

 

     Қайдан шыққаны және қайда баратыны белгісіз, алып құс бейнесіндегі әлдене сәт сайын сәуледей лыпып, төмендей берген. Ол сәуледей құбылып, төмен ойысқан сайын айнала бір түрлі тылысым тұңғиықтан шыққандай болып, ақ сәуле белең алып, ажары айқындала түскен.

  • Жаным, қалың қалай?- деді  Адам Ата тура өзіне ықтап, бір бүйірлей отырған Хауа Анаға  мүсіркей қарап.

Дауысы жылы естілді. Хауа Ана тіл қатты.

  • Кәзірше жаман емес, алайда басым сәл зеңіп, кеудем қысылып тұр.

            Адам  Ата басу айтты.

  • Сәл шыда, қазір құтты орынға табан тіреп те қалармыз.
  • Сонда қайда  бармақпыз,- деді Хауа Ана

            Адам Ата шарасыздық танытып, алақанын жайды.

  • Ол жағын бір Аллаһ білмесе, мен біле алмадым.

     Алып құс бейнесіндегі әлдене ағындап келіп, келесі бір өңірге іліккенде дүние репеті тіптен айшықтана түскен. Тұмшалаған қараңғылық мүлде сейіліп, көгілдір әлем жарық еткендей болған. Айнала сүт шұғылаға малынып кеткендей еді. Жарқ- жұрқ еткен өткір сәуле көз жасқайды. Сөйткенше болмады, Құдайдың қос пендесі аяқтары төмен салбыраған қалпы жұлдыздай ағып, қара жерге топ ете түсіп еді. Не болғаны түсініксіз жұмбақ күй екеуін де төбеден ұрғандай етіп, есеңгіретіп тастаған. Сол көктен сорғалап, жерге жалп ете түскен күйі аз тыныстап, есін жиған. Әйел құйрығымен қадалып, ер кісі оны құшақтап, қысып ұстаған күйі тізерлей келіп құлап еді. Осы күнге дейін шілденің аптабында әйел затының май құйрығының сырты сұп- суық болып, ер кісінің қос тізесінің үсті жылымайтыны содан деседі...

     Көзін ашып, бұлардың алғаш көргені Жер атты алып кеңістік еді. Әудем жерде өздерін әлдеқайдан әкелген алып құс бейнесіндегі бірдеме әлі қарауытады.

     Көк аспан алтын шұғыласын молынан төгіп, айнадай мөлдірейді. Тура қарсы алдарынан шеті де, шегі де жоқ сол аспан реуіштес алып дария, одан бертін жап- жазық дала жатты далиып.

     Бұл бүгінгі Үнді елі болғанда, алып дария әйгілі Ганга өзені еді.

-Хауатай, жағдайың қалай?- деді ер адам шын жанашырлық танытып.

- Аздап қиналып тұрған секілдімін.

     Ер адам енді тәпіштеп сұрай бастады.

  • Мәселен.
  • Мәселен сегіз көзім сырқырап, құймышағым сыздап тұрғандай.
  • Ол ту-ту алыстан ағындап келіп, қатты құлағанның әсерінен ғой. Сәлден соң бәрі қалпына келеді. Сауығып кетесің.
  • Сөйтетін шығармын.
  • Ішің қалай?
  • Ішім солқ ете түсті, дегенмен ішегім үзілуден аман тәрізді.
  • Қатты түскеннің әсері ғой, әлі қалыпқа келесің.
  • Сөйтетін шығармын.
  • Әрине, Хауатай сөйтесің, басыңның зеңгені қалай?
  • Айығып келе жатқан сыңайлы...

            Адам Атаның көзін ашып көргені осы жалғыз Ана еді. Жер үсті одан өзге екі аяқты пендеден ада болатын. Сол үшін де Адам Атаның көз алдындағы жалқы әйелге  деген сүйіспеншілігі шексіз еді. Алақанына салып аялаудан, үздіксіз еркелетуден әсте жалықпайтын. Екі сөзінің бірінде  оны әспеттеп, аялай тіл қататын.

            Күндер өте берді. Бұлар болса жер атты жасыл жаһанның  дәмін татып, пенделік ғұмырдың бастапқы шақтарын бастан өткеріп жатты. Бірте- бірте адами тірлікке бейімделді, әрекет етуге, ішуге, жеугу, ұйықтауға дағдылана  бастаған.

  • Адам,- деп  Хауа Ана бір күні өзінің көптен бірі айта алмай ішіне бүгіп жүрген жан сырын жайып салды,-мен саған бірдеме дейін деп едім.

            Жалғыз еркек әрине, елпең қақты.

  • Айта ғой күнім, айта ғой.

            Хауа Ана сөзін жалғаған.

  • Айтсам былай, шынына келгенде осы жер маған түкте ұнамайды. Күні де бір түрлі, дәл шекеңнен шағып, шақыраяды да тұрады. Ауасы да қапырық. Желі де тымырысық. Тағам түрі де көңілге қона бермейді. Осы тұстан кетсек қайтеді?
  • Қайда?
  • Қайда екенін өзім де білмеймін. Әйтеуірі, бір аспандаған тауы, сайын сахарасы бар, ит басына іркіт төгілгендей ырғын жаққа кетсек деймін.
  • Ондай тұс қайда бар екен?
  • Дәл білмеймін, бірақ қалайда сондай жер бар.
  • Әлбетте бар.
  • Бар болса, сол жаққа кетелік

     Осыдан кейін-ақ ерлі- зайыптылардың бұл араға деген көңілі суығандай еді. Ерте болсын, кеш босын, қалайда сол өздері арман еткен жерұйыққа кетуді армандап, қиялы қымырандай іри берген. Алладан жәрдем күткен.  Соңыра дегендеріне де жетті.

      Бірде таң әлетінде ерлі- зайыптыларды баяғы алып құс тектес белгісіз бірдеме қос қанатына қондырып, ет пісер мезет өтер де өтпес уақытта  құзар шыңдары көкпен таласқан, етегі Нілге малып алғандай  жап- жазық далаға ұштасатын  көгілдір таудың терең қойнауына жеткізген.  Бұл – аты әлемге мәшүр қазақтың Алатауы еді.

     Алатау ерлі- зайыптыларға салғаннан ұнады. Алғаш көрген сәтте- ақ тау сұлулығынан көз алмай, өздері бұған дейін көрмеген жер сұлулығына таңқалғандай болып, сілейіп тұрып қалған. Есіл ана бойын кернеген қуанышын жасыра алмай, баладай мәз болып, күле берген.

  • Міне, тәңірінің оң көзі түскен жер деп, асқар тау деп осыны айт. Көркі қандай шіркіннің, қарасаң қарай бергің келеді.
  • Иә, солай.
  • Биіктігін айтсайшы, тура көкпен таласады.
  • Иә, солай.
  • Суларын айтсаңшы, тас бұлақтың түбінен қайнап шыққан мөлдір суы тіпті балдай. Ішсең құмарың бір қанбайды, іше бергің келеді, іше бергің келеді. Тіпті бейіштің суынан бірде кем емес.
  • Иә, солай.
  • Ал, таудың байлығында, аңы мен құсында, жемісі мен жидегінде мүлде есеп жоқ.
  • Негізі солай.
  • Демек, біз іздеген жер шұрайы осы.
  • Негізі солай.
  • Бізге осындай ғажап өңірді тарту еткені үшін тәңіріге мыңда бір рахмет.
  • Рахмет, рахмет...Аллаһ ұлы! Аллаһ ұлы! Аллаһ ұлы!

 

          Мезгіл шілде айы еді. Көгілдір тау сол шілде айының ғаламат көркіне малынып, тотының қанатындай түрленіп, құлпырып тұрған. Сол тотының қанатындай түрленген тау бұларға тотының қанатындай түрленген жаңа тірлік әлпетін ұсынғандай болған.

     Күндер көңілді өтті.  Ерлі- зайыптылар сол көңілді күндердің жетегінде шадыман шақтарды бастан кешірді. Елсіз иен тау қойнауын ұзақ шиырлады. Беткейден бүлдірген теріп, сайдан шие үзді. Тау жуасын талмап, қымыздықтың сөлімен таңдайын дәмдеді. Талай сайдың ырызғысынан ауыз тиіп, талай шыңның басына көтерілді. Сол шыңдардың ұшар басында отырып, қиял әлеміне шомды. Тірлік жәйлі толғанды.

     Хауа Ана бейіштен қуылғанда киген киімінің әр тұсында, қалтасында, жең ұшында қалып қойған  әр қилы гүлдің, жеміс ағаштарының ұрығы ол жүрген жолдың сұлбасына төгіліп, қайта гүлдеп, қайта қанат жайды.  Соның бірі –Алатаудың терең сайларының табанына ұшып түсіп, араға санаулы жылдар салып, мәуелеп өсіп жеміс берген апорт алмасы еді. Сонымен не керек бейіштің жасыл бағынан келіп түскен ұрықтан пайда болған апорт алмасы тәңірінің біріншіден, көгілддір тауларға, екіншіден, қазақтарға  берген сирек сыйындай болып, мәңгілікке қалып қойды. Алма жеген жанды тәттілігімен тәнті етті. Алманың ең дәмді түрінің  жер бетінде өсетін бір ғана жері бар, ол Алатаудың баурайы, екіншісі ана әлемнің құшағындағы Бейіштің бағы...   Дәлірек айтқанда, жаратушының о дүниедегі қазақтарға арнаған жасыл бақшасында   өседі...

     Жылдар жылжи берген. Сол сынаптай сырғығын уақыт ерлі – зайыптыларға фәни жалғанның ыстық – суығын, бар – жоғын, жақсылығы мен жамандығын мейлінше үйретіп еді. Жалқы ана ас әзірлеудің де алуан түрін үйреніп, әбден машықтангып алған. Бірде Адам Ата таңғы ас үстінде бөгде бір әңгіменің шетін қылтитты.

  • Хауажан, - деді әйеліне мейірлене тіл қатып, - осы мен бүгін бір қилы болып тұрған сықылдымын. Тек мен ғана емес, күллі дүние бір түрлі болып, толғатып тұрғандай.

-     Мен де әлденені сезгендеймін.

-     Осы дүние репетінде әсте байқала бермейтін бөлекше өзгеріс, жаңалық нышаны бар.

- Мен де бір тосын жайды топшылағандаймын.

- Дәл осы күн былтыр да, оның арғы жылы да айналайын тал бесікті табиғатты ерекше тербеткендей болған. Биыл да сол өзгеріс сезіледі. Ойлаймын, жарық пен қараңғылық теңескен сықылды.

- Жақсылық нышаны болғай!

-Бейіштен өзіңмен бірге келген алуан қилы жеміс, гүл атаулының бәрі де жеті санынан қадам алып, өркендеп өсіп еді. Сен осы жеті түрлі тағам түрінің қоспасынан ас әзірлесең қайтеді?

- Жарайды,- деген Хауа Ана қуана келісіп,- дәл осы күн мен тұннің теңелген құрметіне өзің айтқандай етіп, жеті түрлі тағам түріненн ас әзірлейін.

- Солай болсын, сөйте ғой Хауаш!

- Және бұл асты өзге мезетте емес, дәл бүгінгі күні жасап, ішетін болайық.

- Солай болсын, сөйте ғой Хауаш!

            Хауа Ана ақыры сөйткен. Нан, ет, тұздан тартып, жеті түрлі дәмнен келісті етіп, керімсал көже жасаған. Қысқы соғымнан қалған кер бұғының жамбасының жартысы мен кәрі жілік, тоқпан жіліктің басы келесі қазанға салынды. Сорпа бетінде сүр еттің сары жалқын майы қалқыды. Үңгір ішін көптен бері байқалмаған бір тосын астың жұпар иісі кернеді. Хауа Ана жаңа асқа ерекше ден қойды. Және сол көжені келесі жылға дейін тірлігімді жалға, қазанымнан құт, дастарқаннан дәм кетпесін деп, Алладан тілеу тілеп, иман үйіріп ішкен.

            Бұл Хауа Ананың жасаған, кейін мұқым мұсылмандарға, оның ішінде қазақтарға мирас болып қалған дәстүрлі наурыз көже еді.

         Наурыз көже тарихы кейде өстіп те сыр шертеді. Аңыз түбі –ақиқат.   Мүмкін, рас та шығар... 

 

Leave a comment:
Captcha