One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Саян


Өмірбаян

Мен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Асы-Саға Ауылында 2000 жылы желтоқсан айының 27 ші күні дүниеге келдім. Отбасымда жеті адамбыз.  Қарапайым отбасында дүниеге келдім.Мен 2007 жылы Асы-Сағадағы Төлен Қабылов атындағы  мектепке бірінші сыныпқа бардым.  Мектепте көптеген іс шараларға қатысып,белсенді оқушылардың бірі болдым. Мектептегі көптеген іс шараларға, интернет олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар алдым. Әкем мен шешем қарапайым отбасында дүниеге келген. Мен бес ағайындымын,бір апкем,бір інім, екі қарындасым. Мен мектептегі оқуымды тәмамдапжылы Шелек Политехникалық колледжіне электромантёр мамандығы бойынша оқуға түстім.  Қазіргі кезде 2 курс білімгерімін.  Бұл оқу орнында көптеген олимпиадаларга қатысып жүлделі орындар алдым.

 

Балалық шақ

Ол кезде мен кішкентай едім,балалық кез аркімге болсын қызық болады.

Күздің қоңырқай суық кезі салқын самал соққан кеш болатын.

Білмеймін балалық шақтың буыма,әлде басқаша күйма білмедім.

Ол жер Алғабас деген жер болатын.Анам мені осы жедегі нағашымның үйінетастап кетіп, өзі тау етегіне барып келетін болған.бұл кез өзімеде қызық

екен.Анашым машинаға мініп тау жақа кеткен болатын,ал мен болсам артынан еріп отырып баратын жерге дейін бардым. Қорқыныш сезімі болмады десем өтірік аитқан болар едім,әрине қорқыныш болды.Бұл азу тістінің жері болатын,яғни отаны.Мені көрген анам қатты уайымдаған болатын.Осы оқиға әлі күнге есімнен кетпейді.

 

Асы- саға ауылым –мақтанышым

Бақай менен Матайдың арасында,

Асы деген өзенің сағасында.

Алтын бесік ауылым Асы-Саға,

Өтті менің осы жерде .

Бала күнім, жастығым.

Қайыңсайдай табиғаты.

Тамсандырған бар жанды,

Асы жайлау тауында.

Көкпар тартып,ат жарысқан,

Ауыл халқы әр мейрамда.

Асыр салып тойласқан,

        

         Мақтанышыма айналған аулым тарихы тереңде жатыр. Тарихы жер шарындай шексіз, мұхиттай тұңғыйық. Ауылымның көкарай шалғын белдері мен сылдырап аққан өзендері көз құршынын қандырады. Ауылымның әр көшесі еңсесі бейік ақыйық ақындары мен ел-жұрт үшін еңбек еткен ер азамат есімдерімен жазылған. Мен осы жерде қақаған қыстың аязында, Қайрат пен Ләззаттай аға-апалар күрескен 2000 жылдың желтоқсан айының 27-ші күні дүниеге келдім .Мен осы ауылда туып өскен отбасыммен  мақтана аламын. Себебі,бір емес төрт атам ҰОС-на қатысқан. Олар: Көкен, Көкшен, Қалқожа, Апарқожа. Осы аталарымның ішінде Қалқожа атам 13 жасында совхозды басқарған, ал Апарғожа атам 1941 жылы соғысқа кетіп, 1950 жылы келген. Я бұны естіген таңырқауы мүмкін. Себебі атам 1941-1945 жж Германияда соғысқан, ал 1945-1950жж  Жапонияға барлаушы етінде барған.Одан бөлек әжем Сейдахмет Жамалқан он екі баланың анасы, еңбек ері болған. Сонымен қатар Төлен Қабылов атамыздаҰОС- на қатысып Қалық Қахарманы және т.б медалдермен марапатталған.Төлен қабылов мектебінің түлегі, ауылымның мақтанышы Алмат Тұрысбекұлы қазіргі кезде білікті дәрігер, халқының мақтанышы .

Ауыл- ауыл халқының алтын бесігі, түп-төркіні десем қателеспес едім. Аттың құлағында асыр салып ойнаған кең-байтақ ауылымның жастары, жылқы десе деребесі қозатын, саумал-қымыз ішпесі тұра алмайтын ол біздің ауылдың жастары.анадай аяулы ауылымнан талай академик, дәрігер, ақын, жазушы, журналист т.б шықтығой.

Туған ауылым Асы –Саға,

Астанамыз ол біздің .  

Төлен Қабылов мектебі ,       

Оқущылар осы арада көктеді.        

Ауылым алтын бесігім,

Жүрегім, жырым сенікі.

Көркем далам кең далам,

Тудым өстім, есейдім.

Сонымен  кең далам-анам,мен балаң ақын атамыз жырлағандай, менің ыстық ұям,тұғырым-ол менің ауылым.Туған жерімнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін ұялатады. Тау етегінде қуалай өскен қарағайлы қара орманы,тау суын сарқырата ағызып әкеп,Бартоғой сынды Бұқтырмадан бөлініп жан жаққа өзен болып ағатын,төрт түлік малға төсін ашқан  жайлау қырлары, көк жасмыл желекке боялған ауыл үйлері көрікті жерлері бойыңа еріксіз күш қайрат ауылыма деген сезімге бөлейді.Бойымдағы асыл қасиеттерді қажырлықпен қайсарлық құзды шыңды тауымен асау желі үйреткен,ал жомарттықпен кеңпейілдік  ақыл –ойы жетілген қарияларымнан үйренедім.Ауылымның әрбір жеміс ағашының бойында ауыл перзентерінің күш жігерін төгілген терімен  еңбегін ұғынуға болады.Басқалар перзенттер сияқты  ауылды көркейтуге  аянбай тер төгіп солар секілді  ел есінде  қалғым келеді. Асы халқының күш жігері  еңбекте,арманы білімінде қуанышы күйінде  бақытты бауырмалдығында.Ауылның мектебі Төлен Қабылов жастары өз алдына спорт  десе ішкен асын жерге қояды.мектебіме 93 жыл болды.Осы ауылда өткен баллалық шақтың аспаны әліде есімде. Жоғарғы сынып оқып жүрген кезімде кеш қайтатынбыз, қыздарды қорқытып үйді үйге апарып салатынбыз.Мектеп кезі кімгеде болмаса қызық мен шыжығы мол кез.Ауылыма оралсақ ауылым  мен үшін ең ыстық,ең қассиетті мекен. Мен ауылымды мақтаныш етемін.

Leave a comment:
Captcha

Most read

Most discussed