One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Specprojects
Ауылым алтын тұғырым
Сайда Нұрсейіт Сеитқасымұлы

Сайда Нұрсейіт Сеитқасымұлы


Мен Сайда Нұрсейіт Сейітқасымұлы 1993 жылдың желтоқсан айының 19-шы жұлдызында Жамбыл обл. Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келгем. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-інің Қаратау қалалық филиалын ОПДД мамандығын тәмамдадым. Үйленгенмін, бір ұлым бар.

ҚАЙТА КЕЛМЕС ШАҚТАРЫМ

Ауыл деген, күнде тірлік күйбелең.
Сол күйбелең тірлікті мен сүйген ем.
Жалаң аяқ жүгіретін шақтарым,
Жасқанбастан тікен менен инеден.
 
Тал шыбықты қысып алып тақымға,
Ат қып міндік,
ол күн кеткен мақұлға.
Ақылдының алсақтағы тәлімін,
Қонбайтын іс жасаушы едік ақылға.
 
Ойын қуған келе сала мектептен,
Асық атып, күн ауғанша доп тепкен.
Ақ ұлпадан мүсіндедік аққала,
Қарамастан аязға да бетті өпкен.
 
Ұрлап жедік көрші үйдің алмасын,
Қарғып мініп арадағы қоршауға.
Білсек-дағы біздіңкендей болмасын,
Тәтті болып көрінетін көрші алма.
 
Күн ауғанша қайтпайтұғын көшеден,
Балғын күнге жарасымды, сәнді едік.
Самаурынның шәйін ішіп кесемен,
Тоққа емес, боққа піскен нан жедік.
 
Тапа нанға жағып алып сары май,
Тәтті едіғой кір қолыңмен жердей тым,
Сағынамын бала күннің бәрін-ай,
Бізге енді қайта айналып келмейтін.
 
Не жетеді еех, шіркін-ай ауылға?
Ауасымен қатар жұтқан шаңын да.
Ертегімен жатып тәтті ұйқыға,
Ертеңіне күліп атар таңың да.
 
Қозы баққан жайдақ мініп құлынға,
Жарысқанбыз желмен желпіп тұлым да.
Алатаудан биік еді біз үшін,
қозы қарын жәй төмпешік қырың да.
Өзен-көлдей көрінетін біз үшін,
Жай арықтан сылдырлаған суың да.
Қалың орман көрінетін біз үшін,
Жыңғыл, шеңгел өсіп тұрған нуың да.
Ауылымда өткен бала, бал күнім,
Ең бақытты күнім екен шынында.
Leave a comment:
Captcha

Most read

Most discussed