One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Specprojects
Ауылым алтын тұғырым
Раймбекова Ғайникен Маралтайқызы

Раймбекова Ғайникен Маралтайқызы


Тараз қаласы. ТарМу-дың журналистика мамандығының 1 курс студенті. Жас ақындар арасында өткен Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы.

Ауылым-атамекенім

Мас болып жұпарыңа мұнарлы әлем,

Шыдайды ширатылып шынар да әрен.

Мен сені қалай қиып кетер екем,

Кеудемнен ақырғы рет шығарда дем.

 

Тоғайың таптырмас  ем-толғануға,

Саф ауан шипа жанда толған уға.

От берген сенің тұма табиғатың,

От ауыз, орақ тілді оғлан ұлға.

 

Өрнектей анам сызған кілемдегі,

Жайнайды жазғытұры гүл өндері.

Сұқ көзден сұлулықты қорғап жатыр,

Қатпарлы қарт Қаратау сілемдері.

 

Тереңнен тіл қатпайды-ау тарих әттең,

Қырқаңнан Қарахан да басып өткен.

«Асаға» ат шалдырып Айша бибі,

Еңсесін тіктеген-ді қасіреттен.

 

Мұң тұнып  ғашық жардың жамалында.

Сұм ажал сұр жылан боп аларында.

Ауылым сурет болып қалған шығар,

Аяулы Айша арудың жанарында.

 

Өзгелер сезінбей ме, сезіне ме?

Бұл өлке -тұнған өлке шежіреге.

Дәл сендей жанға жайлы жаннат мекен,

Жер шарын жеті айналсам кезіге ме?!

Leave a comment:
Captcha

Most read

Most discussed