One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Specprojects
Ауылым алтын тұғырым
Ботагөз Төндібайқызы

Ботагөз Төндібайқызы


Ботагөз Төндібайқызы 1965 жылы Монғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Ата қонысы Қазақстанға 1992 жылы қоныс аударған. Бүгінгі күні Семей қаласының маңындағы Бұлақ ауылында тұрады. Шығармашылықпен жастайынан бері айналысады. 10-нан астам жеке әні бар, 100-ге жуық өлеңнің авторы.

Ауылым - алтын қазынам

Табиғаты тамаша,

Көзіңді ашып қарашы.

Бұлақ, өзен, су да бар,

Айдын шалқар көл де бар,

Ну орманы ол да бар.

 

Ауыл деген керемет,

Ауылға бару керек ед.

Анамның қаймақ қосылған

Сағындым шайын, не керек?.

 

Сары далама келейін,

Жайлап малы жусаған.

Әкеме сәлем берейін,

Сағынып көңілі бусаған

 

Ауылда өткен жас дәурен,

 Қайта келмес күндер-ай.

Бастаңғы жасап достармен,

Думан-тойын бір көрген.

 

Алып-ұшып жүрегім,

Ауылға тартып келемін.

Алыстардан көрінді,

Асқар тау, биік сілемім.

 

Көңілімді кернеді,

Қуанышымның ағымы.

Жүрегімді тербеді,

Сылдыр бұлақ ағыны.

 

Тоқтатпаса сағыныш,

Ауылыңа алып ұш.

Бал татыған дәмі мен

Бастаудың  суын қанып іш.

 

Ауылымның көркі еді,

Алтын ұя мектебім.

Білім алып сусындап,

Түлеп ұшып, көктедім.

 

Будақтаған түтіндер,

Әрбір үйден шығады.

Жайлаған ауыл үйлерін,

Жылытар күннің шуағы.

 

Әкем менің ақылды,

Білетін алыс-жақынды.

«Балам келеді әне» - деп,

Анамды да шақырды.

 

Сезді ме екен жүрегі.

Анам жүгіріп келеді.

Көптен күтіп, аңсаған,

Баласын ол көреді.

 

Ауылды аңсап келгенде,

Әкең-анаң бар болсын.

Толғанып бата бергенде,

Көңілің сенің жай болсын.

 

Көктем келді түрленді,

Ағаш басы бүрленді.

Сандуғаштар сайраңдап,

Табиғат әсем түрге енді.

 

Ертісімнің жағасы,

Сарқырап жатыр сағасы,

Тамылжыған табиғат.

Бөлек қой оның бағасы

 

Көз тоймай оған қарайсың,

Далаңда түлкі, бөкендер.

Майланып қалар қанжығаң

Аңшылар жүрген мекендер.

 

Қандай сұлу табиғат,

Суреттеп көзің тоймайтын.

Жағалауға барып ап,

Туған күнді тойлайтын.

 

Орман, тоғай, қарағай,

Бұлақ өзен сулар-ай.

Мөлдірейді бүлдірген.

Балығы мол көлдер-ай.

 

Ауылым алтын қазынам,

Қазынаның назы бар.

Жасағам мүсін не түрлі,

Лайлы балшық сазынан.

 

Қимай-қимай қайтамыз,

Ауылға барсақ қайтадан.

Өйткені менің ауылым,

Дәстүр салтын сақтаған.

 

Жазда келді жадырап,

Қорадан мал шығады.

Жер бетіне көк шықты,

Көк шалғынды қуады.

 

Өзен, бұлақ жағалап,

Жусап көкке тояды.

Сауып қалсаң сиырды,

Сап-сары сүт шығады.

 

Апам мұны қастерлеп,

Майын шайқап құяды.

Нанға жағып ол майды

Ұсынар бізге, биязы.

 

Айран ұйытып, сүт ішкен.

Жаздың айы шуақты,

Құрты, қаймақ, ірімшік

Өмірің бай қуатты.

 

Ары қарай айтайын

Ауылға барып қайтайын.

Қымызы бар сапырған

Апам сондай асыл жан.

 

Сойып алса қойы бар,

Сатамын десе сүті бар

Ауыл неткен тамаша.

Мінем десе аты бар.

 

Күмбірлеген домбырам

Сыбызғы, қобыз, сырнайды.

Бабадан қалған мол мұрам

Ауылдың сәнін жырлайды.

 

Бабалар салған сара жол,

Ғасырларға жалғассын.

Жанып тұрсың ошағың,

Жаратушы қолдасын.

 

Сол ошаққа асылсын,

Бір тайлақ бабам қазаны.

Күмбірлеген күй тартып,

Тойласын қазақ баласы.

 

Қазандарға қарасаң,

Сол қазанның құты бар.

Үйіңнен ырыс кетпесін,

Ата-бабалар сөзі бар.

 

Ақ сақалды қариялар,

Ақ жаулықты әжелер.

Мекен еткен аумағы,

Ауылым алтын қазынам.

 

Ғасырларға жалғассын

Бұзылмаған қаймағың.

Қасиетті ауылым

Атыңнан сенің айналдым.

 

Әрбір қазақ ұрпағы,

Жүрегінде қалса екен.

Алтын жазумен жазылған,

Ауылымның аттары.

 

 

Leave a comment:
Captcha

Most read

Most discussed