One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Specprojects
Ауылым алтын тұғырым
Қолғанат Қыстаубаев

Қолғанат Қыстаубаев


Қолқанат Қыстаубаев Бегайдарович 1988  жылы  8 тамызда  Қызылорда қаласының Қараөзек станциясында  дүниеге  келген.  Педагог, ақын, Халықаралық Экология және Инженерия Ғылыми Академиясының мүшесі, Ахмет Байтұрсынов атындағы медалінің иегері. Түрлі республикалық және халықаралық байқаулар жемімпазы. Кәзіргі кезде Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ақпараттық библиогафиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиограф маманы. Тұрғылықты мекен-жайы: Қызылорда қаласы.                                                

Қараөзек

Қараөзек  бекеті, темір жолдың  жағасы,

Сыр суынан нәр алған, өнерлі елдің баласы.

Бойындағы қос өзек телегей судың ордасы,

Айтек судың торабы,  дарияның  сағасы.

 

Сүйіп өскен сырдың сұлу өлкесін,

Әр азамат ардақ тұтар өз елін.

Асыр салып далаң да, аунап өстім,

Қараөзегім – Алтын ұя бекетім.

 

Ауылым да жақсы пейіл жандарым,

Ақ сақалды, ақ жаулықты қарттарым.

Әбділда ақын, Қасымбек батыр жерлесім,

Құт мекенім зиялы қауым, ауылым.

 

Жердегі көке демберді жауыным,

 Айнала дүлей, соғады дауыл бораным.

Таза ауа, шуақты күн, самал жел,

Қараөзегім менің жұмақ мекенім.

 

Керуен көшіп, қыстау-жайлау қамдаған,

Шабындыққа,төрт түлікті түгел айдаған.

Құлын – жылқы жайлауымда жарысқан,

Бұзау – сыиыр бір-бірімен жаласқан.

 

Арысқұмым, Қырым жәнат жайлауым,

Мұнай мен табиғи газ қойнауым.

Айнакөл мен Қызылөзектей көршім бар,

Қараөзегім – Алтын ұя бесігім.

 

Сайрайды бұлбұл, құстарым түрлі қаншама,

Көлшікте бар, көлде бар, түбі шалау болсада.

Көктемде келсе саңқылдап сұлу аққуым,

Көлімде жүзер қасқалдақ, үрек, қаздарым.

 

Қара жиде жемісін теріп жер жүр,

Бөдене мен Қырғауыл, қарала Құр.

Көктемде марал, ақбөкен, киік лақтар,

Құралайын жуындырған нөсер, жаңбыр.

 

Орталығым, шойынжол, вокзал жағасы

Ұзын құбыр, Николай патша мұнарасы,

 Ауыз суым, құбыр қазан ордасы.

Дария басы, Қараөзектің жағасы.

 

Майысады біздің ауыл бақшасы,

Сауранбай Қараөзектің датчасы.

Арман еді жырғып жазу өзіңді,

Арнадым саған осы арнау, өлеңді.

Leave a comment:
Captcha

Most read

Most discussed