One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Specprojects
Ауылым алтын тұғырым
Қолғанат Қыстаубаев

Қолғанат Қыстаубаев


Қолқанат Бегайдарович Қыстаубаев  1988  жылы  8 тамызда  Қызылорда қаласының Қараөзек станциясында  дүниеге  келген.  Педагог, ақын, Халықаралық Экология және Инженерия Ғылыми Академиясының мүшесі, Ахмет Байтұрсынов атындағы медалінің иегері.

Түрлі республикалық және халықаралық байқаулар жемімпазы. Кәзіргі кезде Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ақпараттық библиогафиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиограф маманы. Тұрғылықты мекен-жайы: Қызылорда қаласы.              

Қойшы мен қасқыр

Ерте де Қазақ көшпенді, ат үстінде еркін ойнаған Ел. Сол баяғы бай мен кедейшілік заман.Көрген күні, ішкен асы осы мал шаруашылығы болған, және төрт құбыласы тең, төрт түлігі түгел болған ел. Қазақ малшылары көшіп қонып жүрген заман еді. Жазда жайлау да, Қыста қыстауда көргені малдың соңында жүріп күндерін өткізеді. Көктем келе қойшының малдары төлдеп, енді жайлауға жайлап жиналып,  осында бет алады. Жаздың басы қойшы жайлауына жайғасып күнделікті мал өрісін іздестіріп күн астында жүріп шаршап келе жатып жартас басына үш жабайы талдарды көреді.

  • Мынау бір жақсы болды ау  - деп тал астына көлеңкелейді.

Биік жерде отырып көзі көк майса шалғынға түседі. Өзі шағын жерде бір жағы жыра бір жағы су яғни көлшік, келесі беті биік жартас екен. Ол жерге бірақ жермен, үш талдың артындағы сай мен жалғыз аяқ жолмен түседі екен.

Жаз ортасы. Күнде осы көрген жерге малын айдап кіргізіп, өзі шығаберісінде үш талдың ортасында жатып, малдары тойса айдап үйіне қайтып жүреді екен. Арада екі күн өтеді. Таң атып өрісіне шығады. Тал түс өтіп күн көлеңкенің шығысқа ауған шағы . Тал астында жата- жата мезі болып отырса, шиқылдаған, қыңсылаған жар астынан дыбыс шығады. Оны естіген Қойшы тыныш кетіп, отыра алмай барып көруге бел буады.

Жар астына дейін жол әдемі орнап жасағандай тепкішек спетті қаланған тастар бар екен. Асықпай жайлап астына түседі. Түссе қарсы алдында, жар астында үлкен апан. Апанның ішінде үш бөлтірік жатыр. Өздері сүп- сүйкімді бір- бірімен  ойнасып Қойшыға мән бермеді. Туғанына бір апта болған секілді. Жатқан жерлері ұядай таза, сап- салқын . Қойшы қимылсыз серліп тұрған күйі қатып қалған. Қойшы үрейлене жардан атып шығады. Бірден есіне қойлары түседі. Ентелеп барып қараса қойлары секектеп шөпке құраққа тойынған аман есен екен. Мал басы түгел тек қойлар қайтуға асығар емес итшілей айдап қайтады.

Қасқыр аталуының мынадай дағдысы болады екен: апанын өзінен үлкен аңның жанына салмайды және апанының айталасындағы тіршілік иесіне өлгені бар демейді екен. Осыны түсінген Қойшы қасқырға тимейді. Бұл апанда аналық жалғыз қасқыр екен. Негізінде бұл аң қанша аш болсада апанының айналасындағыларға  тимейді. Осы аналық көрші қой ауылдан әрі алыс ауылдардан қорек тауып малына шабады екен. Сөйтіп бұл аналық құртқа бөрі мен Қойшы бір- бірімен жаз аяғына дейін дос болады. Қойшыда сонда да, үрей басым қорқа соғып әрең жүр. Табиғатта аналық болса да, ор жыртқыш болса да, өз сәбиінің амандығы үшін бәрінеде көнері сөзссіз. Қойшы бұдан өзін аулақ ұстауға тырысып бағуда амалы жоқ алдындағы қойы болашағы несібесі. Қойшының шыдамы таусылып жайлаудан қыстауға қарай жиналады. Содан сол күні аналық бөрі де бір нәрсені сезгендей бөлтіріктеріне тамақ әкелу үшін кетіп бара жатып артына көп қарайлап азығын іздеп кетті.Бұл жолы бөрі азығын көп іздейді бірнеше шақырым ұзап кетеді.Қойшы қуанғаннан Қыстауына тездете жетеді.

Тал түс қасқыр апаннан бірнеше шақырым жерде , әлі де азық қамы үстінде. Осы заматта атқа мінген екі аңшы жолаушы жолдан шаршап келе жатса алдынан  үш тал көрінеді. Екуі қуанып бір-біріне қарап

- Ойпырмай құдай бізді өлтірсін ба дейді. Екіншісі жауап қатып:

- Иә алдымызға демалсын деп, үш талды құдай өзі кезіктірген ғой- деп мыйығынан мырс етіп әзілдескендей үш талға екеуі шаба жөнелді. Келе тал астына көлеңкелеп аттарын суытып, өздері әңгімелесіп әзілдесіп отырады. Арада шамамен 1-2 сағат өтеді бір кезде қыңсылаған, ырылдаған дыбысты ең алғаш қойшы естігендей бұлар да естиді.

- Естисің ба

- Нені

- Ай қаңсылаған дауысты дейді бірі екіншісіне екіншісі былай деп тіл қатады.

- Өзіңнің ішің шығар шулап-тулап жатқан.

- Жоқ тыңдаш

        - Қой ойының келе қалады екен осы деп жатып көзі жартас астынатүседі де сөз таласып екеуі жартас астына түседі. Түссе алдарында бөрі апаны мазасы кеткен үш бөлтірік. Біреуі әлсіз екен онысы аштықтан шыдамай шетінеп кетіпті, енді екі бөлтіріктің қарындары ашқан ба бірі мазасызданып апаннан шыққан бірі өлген бөлтіріктің қасында жүр екен, оны бай қамай екі аңшының біреуі алаңғасар екен аяғы мен бел омыртқадан басып кетеді. Оны көрген қасындағысы іші бір нәрсені сезгендей қылп етіп былай дейді

      - Ай көзіңе неге қарамайсың ол күшіктің не жазығы бар еді дейді сода алаңғасар аңшы

      -Әй, не мені әдейі басты дейсің ба деп дауыс көтере сөзге келісіп екеуі жындана жартастан шығып кетеді. Алаңғасар аңшы жындана атын апыл- ғұпыл тез ерттеп ат үстінде, екінші аңшы атты ерттеп бола сала қайта түсіп қалған бір бөлтірікті алып жаңағы езген бөлтірікті қосып ініне қайта кіргізіп кетеді.

Қасқыр аузында бір дала тышқаны апанына келсе, үш бөлтірігі де өліп жатыр екен. Қасқырдың ойына қойшы түссе керекті ызалана ізді кесе танауындағы иіспен кессе қой иісі шығар емес. Басқа адам келгенінде ажыратса керекті бірақ бұшардан көрмей Қойшыдан көріп Қойшының ізіне түсіп айдар отырып таң алы ау төрт бес шамасы екен, Қойшының қыстауынан бір ақ шығады.

Таң атар атпас  дақыт у- шу аламан тасыр қорадағы малдардың тынышы кетіп ақыр- шақыр болып жатыр.

     Кемпір бір нәрсені сезгендей сол түні ұйықтай алмаса керек, көзі ілінер- ілінбес жатса керекті даладағы шуды естіп шошына орнынан атып тұрып қолына төсек жайманы үстіне жамыла сала ауыздағы қол май шамды жағып есікті ашар- ашпас май шамның жеткен жарығымен қараса жалғыз қасқыр алама тасырын шығарып жатса керек, кемпір шошып айқайлап үйіне дереу кіріп қойшыны оятады. Қойшы білді бұны сезді асықпай тұрып ашу күйде қос ауызды мылтығын алып шығып, шықса бұл бөрі ашуланғаны соншалықты отардың жарысына жуығын тамақтап бір қойды басып құйрығын жұтып жатыр екен қолындағы мылтығымен қанша дегенмен даланың тірі жанығай зияны тимесін деп мылтықты атып жібереді. Онан бөрі қорқатын түрі жоқ қайта бұл онан сайын ызаланған күйі қойшыға бет алады ырсиған азудай сояудай шыққан аяқ тырнақтары жер қаза басып тұмсығы тыжырая қиралаңдап алып әлі кетсе де келк жатыр қойшының жанындағы 3-4 метр жерде 6 айлық күшік қорыққанынан жер жастана тыпыр етпестен жатыр екен.

      Қойшы мылтығының оған дереу ауыстыра салып қос құлақты бірге қайырып омырау тұстан дуплет атып жібереді.Қасқыр жан екпінмен қансырап күшіктің қасына барып қайшыға басын бұрған күйі құлайды қорыққан күшіктің мұрнынан қан бұқ- ете қылады да қүшік жан тапсырады. Қойшы мұны түсініп.

     - Ей байғұс қасқыр күшігіңді іздеген екенсің ғой болмаса өлді ме бірақ кешір мен емес көрдім бірақ түшедім күшігіңе деп еді. Қасқыр басын сәл көтеріп сылқ түсіп өліп қалды.

      - Е достар достық деген осындай деуге болады Қасқыр екеш Қасқырда достықты білді. Дұшпан іріткі салам десе қазір- ақ. Қой нәрсе болмасын үлкен сабырлық түрі бар. Бұл достық үлкен сабырлықты қажет етеді дос бола білуді үлкен шеберлік пен тәрбиеге жатады.

Leave a comment:
Captcha

Most read

Most discussed