One of the reasons people in a vicious addiction - idleness. When he had tilled the land, engaged in trade, how could he lead an idle life?
Abay Kunanbayev

Home
Specprojects
Ауылым алтын тұғырым
Қабілет Баделхан

Қабілет Баделхан


Қабілет Баделхан. Жазушы. 1992 жылы сәуірдің 14 күні Моңғолияның Бай-бесік аймағы Үш-Ойғыр ауылында Бестәңір бауырайында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің филология факультетін тамамдаған. Тырнақалды туындылары әдебиет порталында және жергілікті газет-журналдарда жарияланған.

ПАРА ЖЕГЕН ЕШКІ

Соңынан немерелерін шұбатып қыдырып кеп жүретін ауылдағы қайсыбір үйдің кезеген аяқ кемпіріндей артынанынан бір топ лақтыілестіріп,көк ешкі көше бойлап келеді. Күндегі әдеттерінше күннің шуағы ерте түсіп, қардың суымен суарылып, бастары енді ғана қылтиған әр кенередегі шөптерді бір-бір жұлып, ілінбегенін жалап қалып, ықтасын-ықтасынға паналаған қағаз-мағазды ауыздарына іле кетіп, өңештеріне сүңгітіп барады. Бір кезде көк ешкінің ауызы көп бумалы қағазға тиді. Белінен қатты қылып буып тастаған екен, бір шетінен ауызының іліңгенінше тістеп алып сілки бастап еді, көк ешкінің ауызы дәнді-дақылға бұрын ілінетін білетін лақтыр қаптап кетті. Жан-жақтан жұлмалады-ай кеп. Оншақты ауыз қойсын ба? Жегенін жеп, жемегені туралып, желге ұшып жатты. Бұлардың мәз-мейрам тірлігін есіктің тарыс жабылған дыбысы мен бар дауысымен бақырып жеткен екі аяқтының айқайы бұзды. Басқалары шегініп, ығысқанымен, күндегі өздерін жасқап, қуалайтын көп екі аяқтылардың бірі шығар деп тұрған көк ешкінің жамбасына ашумен сілтеңген аяқ бірақ кеп тиді. Бақ етіп құлап түсіп, жалма-жан қайта түрегелгені сол еді, қабырғасыннан екінші аяқ кеп тимесі бар ма, мықшың ете түсіп жатып қалды.

Басқалары анандайда маңырап, арт жақтарына жалтақтап тұрған. Оларға да зеңбіректің оғындай едел-жедел екі-үш тас о жақ-бұ жақтарынан жауып, ұзатып жіберді. Тек көк лақ ғана бөлініп қалып қойды. Ана сүті ауызынан арылмаған, енді ғана оттығар-оттықпас жас лақ маңырап қоя берсін, жануардың дауысы мұнша ащы болар ма?!. Өзгелері өз жөндеріне жүре берді. Ашуы әлі басылмаған әкім, тұруға әлі келмей жатқан ешкіге қайта ұмтылғаны сол еді, көкжелкесінен тиген ауыр соққыдан екпеттей құлады. Не болғанын аңғарыпта үлгерген жоқ, жерден қайта жұлып алғанда таныды, алқаш Асау екен. Асау асаулығына басып, және бір жұдырық жұмсады. Күлге аунаған бұқадайболып орнынан түрегелген әкім алқаштың бетіне бақырая қарады. Өзінің қолындағы билік пен қалтасындағы ақшасына сеніп мастанып жүрген жан екенін енді аңғарды.

Егер сол ақша емес, білек күші болғанда мына алқаштан таяқ жемес еді ғой. Ал ақылы болғанда хайуанға зәбір көрсетпес еді. Сеніп жүрген ақшасы, міне өзі кешіккен бес минутта сол ақшаның жүзден бірі ғана тұратын ешкілердің аузында кетті. Ал одан ешкілер асқазанын толтыра алды ма? Әй қайдан, көк шөптің бір шайнамына татымайды... Ашуын енді ғана ауыздықтап, өз-өзінекелген әкім көлігіне еніп кетті. Кһһдлік кабинасындағы екі-үш жасар баласына көзін аудара бір қарады. Бір қарағанда да, қадала қарады. Оның бұл қарасы егер сен жерге лақтырып жібермегенде, ақшам өзімде болар еді деген кейіптегі қарас еді. Амал не өзінен де бар, жұмысқа тек пара берген адамдарды ғана алып, солардан жиналған, қаржы болатын, Жаңа көлік алуды жоспарлаған. Параға берер ақшасы жоқ болған соң Асаудың әйелін жұмысқа алмай қойған. Соның бәрін ойлады да, көлігін лезде тамызып жіберіп қозғала жөнелді. Көк ешкінің жағдайын білуге мүмкіндігі енді шыққан Асау жүре алмайтын білсе де, жүргізіп көрмек болып орынан тұрғызды. Дәл жамбасына бастырулы жатқан бір-біріне беттескен төрт-бес ақшаны көрдіде, жұлып алып ешкісіннің шаң басқан көзін желпіп-желпіп жіберіп, алтасына сала салды.

«Бұл ақшаға саған түгелдей жем алып беремін. Еш қысылма, жиделібайсында жүргендей боласың әлі» деп күбірлей, жерден ешкіні жұлып алып көтеріп әкетті. Көк ешкінің лақ кезі есіне оралды... Өмірінде арқасына көтермек түгілі басынан бір сыйпап көрмеген қожасынның жонына шыққанда өзінің лақ кезінде үнемі бір кішкентай екі аяқтының құшағында жүретіні, қолынан сүт ішетіні, сол себептіде қатарластарынан қарағанда бойшаң болғаны есіне түсті. Күндер өте берді, есейді ержетті өзі ене аттанды, орынын лақтары басты, өзін сыртқа шығарып жіберетін болды.Бұл да көше кезіп өзінің тамағын, лағының қорегін жинаумен уақыты өтіп жататын... Қолы талған Асау ешкіні келесі иығына көтермек болып шығара бергенде, иығына желіні тарып, ешкінің салмағымен бір тартым сүт бетіне ыршым кетті. Асауды әулетінің сүт анасына айналған осы ешкі көп ойларға жіберді. Ол өзіне «мен анама не көрсеттім?» деген сұрақ қойды . Ананың ақ сүтін ақтамақ түгілі, көңілін бір көтерер қуаныш сыйламағаны өзіне аян еді. Бәріне уақытын жеткізбеген ащысу құрғұрдың да атасын сыбап жіберіп, «жаным бойымда болатын болса, дәл ертеңнен қалдырмай, сүт анамды жайлауыма жеткізіп, туған анамның рухына аят оқытам, балаларымның анасына зәбір көрсетпеймін деп өз-өзіне серт етті . 

Leave a comment:
Captcha

Most read

Most discussed